Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға медициналық жәрдем көрсетуді одан әрі жақсарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 15 қаңтардағы N 41 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 12 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1399

      Қазақстан Республикасының Президентiнiң "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiне, оларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылдың 28 сәуiрiндегi N 2247 U952247_ Заң күшi бар Жарлығын, Қазақстан Республикасының "Семей ядролық сынақ алаңындағы ядролық сынақтардың зардабын шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылдың 18 желтоқсанындағы N 1788-ХII Заңын P930431_ , Қазақстан Республикасының "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдiктер беру мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық кесiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z990374_ 1999 жылдың 7 сәуiрiндегi N 374-1 Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға медициналық жәрдем көрсету туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерiнiң) бастықтары, республикалық емдеу - алдын алу мекемелерiнiң басшылары:
      1) Отан соғысының мүгедектерiмен және оларға теңестiрiлген адамдарға барлық ауруханалық ұйымдарда айрықша медициналық қызмет көрсету жүзеге асырылсын;
      2) жоғарыда аталған топтарды жыл сайынғы кешендi медициналық байқаудан өткiзу (терапевтiң, хирургтің, невропатологтің, офтальмологтың, отоларингологтың, стоматологтың мiндеттi түрде қатысуы жағдайында, жалпы клиникалық, рентгендiк және электрокардиографикалық зерттеу жүргiзу), одан кейiн амбулаториялық және стационарлық сауықтыру қамтамасыз етiлсiн;
      3) Астана қаласындағы Отан соғысы мүгедектерiне арналған Республикалық клиникалық госпитальға және Алматы қаласындағы госпитальдың филиалына стационарлық емдеуге азаматтардың денсаулығын сақтау саласына басшылық жасауды жүзеге асыратын орталық уәкiлеттi атқарушы органның (бұдан былай - Уәкiлеттi орган) жыл сайынғы бекiтетiн үлесiне сәйкес жiберу қамтамасыз етiлсiн;
      4) аурухана мекемелерiнде Отан соғысының ардагерлерi мен оларға теңестiрiлген адамдарға арналған бөлiмшелер мен палаталардың желiсiн көбейту жөнiндегi жұмыс жалғастырылсын;
      5) осы мәселе бойынша жоғарыда көрсетiлген директивалық құжаттардың орындалу барысы алқа мәжiлiстерiнде жүйелi түрде тыңдалып отырылсын.
      3. Отан соғысы мүгедектерiне арналған Республикалық клиникалық госпитальдың бастығы:
      1) аймақтардағы, бекiтiлген құрамға медициналық көмектi ұйымдастыру жұмысын бақылауды;
      2) республиканың емдеу-алдын алу ұйымдарына құрамға медициналық

жәрдем көрсету жөнiндегi кеңестiк және ұйымдастыру-әдiстемелiк көмек 
көрсетудi;
     3) диагностикалаудың, емдеу мен оңалтудың жаңа әдiстерiн әзiрлеу және 
енгiзудi;
     4) иондық сәуленiң әсерiне шалдыққандардың ауруларының себептiк 
байланысын анықтау жөнiндегi сараптаманы жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
     4. Бұл бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрлiгiнде 
мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
     5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттiк төрағасының бiрiншi 
орынбасарына жүктелсiн.

     
     Төраға
     
     


                                           Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 15 қаңтардағы N 41 бұйрығымен бекітілген


             Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге және оларға
                  теңестiрiлген адамдарға медициналық жәрдем
                          көрсетудi ұйымдастыру туралы
                                   ЕРЕЖЕ

      1. Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге және оларға теңестiрiлген адамдарға медициналық қамтамасыз ету Республикалық клиникалық Отан соғысы мүгедектерiнiң госпиталында облыстық және қалалық ауруханалардың мамандандырылған бөлiмшелерiнде және де басқа ауруханалық және амбулаториялық ұйымдарында көрсетiледi.
      2. Құрамды медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастыру жөнiндегi әдiстемелiк басшылықты бүтiндей Республика бойынша Отан соғысының мүгедектерiне арналған Республикалық клиникалық госпиталь жүргiзедi, ал облыстарда, Астана және Алматы қалаларында - облыстық, Астана және Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерiнiң) бастықтарының орынбасарларының бiрi жүргiзедi.
      3. Облыстық, Астана және Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармалары (департаменттерi) мыналарды жүзеге асырады:
      1) өз облысында тұратын Отан соғысының мүгедектерi мен оларға теңестiрiлгендерге медициналық қызмет көрсету мәселесi бойынша ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылық;
      2) құрамында есепке алу жағдайын, жыл сайынғы кешендi медициналық тексерулердiң сапасы мен толықтығын бақылау;
      3) ауруханалық, амбулаториялық, санаторлы-курорттық емдеудi қажет ететiндердi табу мен олардың есебiн жүргiзу және белгiленген емдеу-сауықтыру iс-шараларының жүзеге асырылуының уақытылығын бақылау;
      4) көрсетiлген санаттың адамдарын мамандандырылған емдеу - алдын алу мекемелерiне, сондай-ақ медициналық ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың клиникаларына және де Отан соғысы мүгедектерiне арналған Республикалық клиникалық госпитальға стационарлық емдеуге жолдама берудi ұйымдастыру.
      4. Барлық амбулаториялық-емханалық ұйымдарда және диспансерлерде бас дәрiгердiң бұйрығымен Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарды медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастыруға жауапты дәрiгер және медбике тағайындалады, оларға мынадай мiндеттер жүктеледi:
      1) халықты әлеуметтiк қорғау органдарымен және әскери комиссариаттармен байланыс орната отырып бекiтiлген аймақтарда тұратын Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiнiң және оларға теңестiрiлген адамдардың есебiн жүргiзу;
      2) көрсетiлген құрамның барлығына жыл сайынғы кешендi медициналық тексеру жүргiзудi ұйымдастыру;
      3) қажет болған жағдайда сырқаттарды осы емдеу-алдын алу ұйымында жоқ мамандарға апарып консультациядан өткiзу;
      4) қажет болған жағдайда сырқаттарға стационарлық емдеу үшiн ауруханалар мен мамандандырылған медициналық ұйымдарға жолдама беру;
      5) туберкулез, психикалық, онкологиялық және басқа аурулармен зардап шегетiн науқастарды емдеудегi сабақтастықты жүзеге асыру мақсатында амбулаториялық-емханалық ұйымдар мен диспансерлердiң арасындағы өзара байланысын қамтамасыз ету;
      6) тексеру кезiнде анықталған ауруларды сырқаттарына байланысты мамандардың дер кезiнде диспансерлiк қадағалауға алынуын, емдеу-сауықтыру шараларының белгiленген жоспарларының толық та сапалы түрде жүзеге асырылуын жүзеге асыру;
      7) мүгедектiгiн анықтау және мүгедектiк тобына өзгерiстер кiргiзу үшiн медициналық көрсеткiштерi бар адамдарға медициналық әлеуметтiк-сараптау комиссиясына жолдаманы дер кезiнде беру;
      8) медициналық құжаттарды дұрыс жүргiзу, амбулаториялық карталарға

(N 027/У) белгi салу, амбулаториялық карталар мен диспансерлiк қадағалаудың
бақылау карталарының (N 030/У) көшiрмелерiн дер кезiнде толтыру;
     9) медициналық статистика кабинетiнiң қызметкерлерiмен бiрлесе отырып 
құрамға N 025/У және N 030/У үлгiлерiнiң негiзiнде медициналық жәрдем 
көрсету туралы есептер жасауды қамтамасыз ету.
     
     
     Мамандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады