Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 1998 жылғы 12 қарашадағы N 343 бұйрығына, сондай-ақ сонымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің тәртібіне", "Көлік құралдарын басқару құқығын алудың, емтихандар қабылдаудың, азаматтарға жүргізуші куәліктерін берудің тәртібі туралы тәртіпке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы N 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 11 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1459. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.02.26 № 90 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жол полициясы бөлімшелерінің тіркеу қызметін жетілдіру мақсатында
                                БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 1998 жылғы 12 қарашадағы N 343 бұйрығына V980679_ , сондай-ақ сонымен бекітілген тиісті Тәртіптерге V980690_ мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 1998 жылғы 12 қарашадағы N 343 бұйрығының 3-тармағындағы 4-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) Бекітілген Тәртіптер талаптарының орындалуын бақылау жөніндегі дербес жауапкершілік Астана қаласының ІІБ, Алматы қаласының ІІББ, облыстардағы ІІББ-ІІБ Жол полициясы басқармаларының бастықтарына жүктелсін.";
      2) Қазақстан Республикасындағы көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу тәртібінің 2-бөліміндегі 16-тармақ мынадай мазмұндағы 12-тармақшамен толықтырылсын:
      "12) Аптасына кемінде бір рет тіркелген, қайта тіркелген және есептен шығарылған көлік құралдары туралы, сондай-ақ берілген жүргізуші куәліктері туралы ақпараттарды Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің ЖПД орталық серверінің деректер базасына жіберіп отырады.";
      3) 44-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тіркеу амалдарын жүргізудің алдында Қазақстан Республикасының аумағына жаңадан әкелінген көлік құралдары (нөмірлік агрегаттар) және мемлекеттік есептен шығарылатын көлік құралдары (нөмірлік агрегаттар) Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Жедел-техникалық қызмет департаментіндегі айдап әкетілген, ұрланған көліктердің есебі бойынша тексеріледі.";
      4) 3-бөлім мынадай мазмұндағы 44-1-тармақпен толықтырылсын:
      "44-1. Көлік құралдары агрегаттарының нөмірлерін тексеру кезінде иелеріне көлік құралын тіркеу туралы куәлікті алуға келудің датасы көрсетіле отырып, тұрақты мемлекеттік тіркеу нөмірлері, сондай-ақ көлік құралын алдын ала тіркеу талоны беріледі.";
      5) Көлік құралдарын басқару құқығын алудың, емтихандар қабылдаудың,

 

азаматтарға жүргізуші куәліктерін берудің тәртібі туралы тәртіптің 


V980679_



17-тармағы алынып тасталсын.

     2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Ішкіісминінің Жол полициясы департаментіне (Н.Т. Мырзабеков) жүктелсін.

     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде

мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының

        Ішкі істер министрі -

     Ішкі әскерлер қолбасшысы

         генерал-майор                                                    



      Мамандар:

              Омарбекова А.Т.         

              Икебаева Ә.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады