Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Академиясының Ішкіісминінің, ІІББ-ның, ІІБ-ның, КІІББ-ның және ҚАЖ-нің басшы құрамын даярлау факультетіне (N 1 факультет) іріктеу мен қабылдау ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 7 наурыздағы N 202 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 12 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1462. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 487 ~V021934 бұйрығымен.

      Ішкі істер органдары басшы кадрларының резервін дайындау мақсатында U952707_
                                БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Академиясының P990675_ Ішкіісминінің, ІІББ-ның, ІІБ-ның, КІІББ-ның және ҚАЖ-нің басшы құрамын даярлау факультетіне (N 1 факультет) іріктеу мен қабылдау ережелері бекітілсін.
      2. ІІББ-ның, ІІБ-ның, көліктегі ІІББ-ның, Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің қызметтері мен оқу орындарының бастықтары:
      1) көрсетілген бұйрықты басшылыққа алсын және орындасын;
      2) Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Академиясының Ішкіісминінің,

ІІББ-ның, КІІББ-ның және ҚАЖ-нің басшы құрамын даярлау факультетіне (N 1 
факультет) оқуға үміткерлерді уақытында және сапалы іріктеуді қамтамасыз 
етсін.
     3. Қазақстан Республикасы Ішкіісмині 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 
691  

V001363_

  бұйрығының күші жойылды деп есептелсін.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
     5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі 
істер вице-Министрі полиция полковнигі С.Н. Баймағанбетовке жүктелсін.
     
     
     Қазақстан Республикасының
     Ішкі істер министрі -
     Ішкі әскерлер қолбасшысы
     генерал-майор
                                                 Қазақстан Республикасы    
                                                 Ішкіісминінің
                                                 2001 жылғы 7 наурыздағы 
                                                 N 202 бұйрығына қосымша
             Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Академиясының
              Ішкіісминінің, ІІББ-ның, ІІБ-ның, КІІББ-ның және
         ҚАЖ-нің басшы құрамын даярлау факультетіне (N 1 факультет)
                       іріктеу мен қабылдау ережелері
                               1. Жалпы ережелер
     1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Академиясының 

Ішкіісминінің, ІІББ-ның, ІІБ-ның, КІІБ-ның және ҚАЖ-нің басшы құрамын даярлау факультетіне, бұдан әрі - N 1 факультет тыңдаушыларды іріктеу мен қабылдау тәртібін белгілейді.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Академиясының N 1 факультеті жоғары заңгерлік білім беру базасында Ішкіісминнің, ІІББ-нің, ІІБ-ның, КІІБ-ның және ҚАЖ-нің басшы құрамының резервін және қалалық, аудандық, желілік ішкі істер бөлімдерінің бастықтарын күндізгі (сырттан) оқу бойынша даярлауды N 0901 "Мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Академиясының N 1 факультетінде оқу мерзімі:
      - Ішкіісминнің аппаратының және ІІББ-ның, ІІБ-ның, КІІБ-ның және ҚАЖ-нің басшы құрамының лауазымдарының орнын басу үшін резервте тұрған адамдар үшін (бұдан әрі - оқушылардың бірінші ағымы) "Ішкіісминнің, ІІББ-ның, ІІБ-ның, КІІБ-ның құқық қорғау ісін басқару" мамандандыруы және "Заңгер-басшы" біліктілігі бойынша - 2 жыл;
      - қалалық, аудандық, желілік ішкі істер бөлімдерінің лауазымындарының орнын басу үшін резервте тұрған адамдар үшін (бұдан әрі - оқушылардың екінші ағымы) "Қалалық, аудандық, желілік ішкі істер бөлімдерінің құқық қорғау ісін ұйымдастыру" мамандандыруы және "Заңгер-ұйымдастырушы" біліктілігі бойынша - 1 жыл.

                           2. Қабылдау шарттары

      4. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Академиясының N 1 факультеті:
      1) оқушылардың бірінші ағымы - жоғары заңгерлік білімі, басшылық және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі бар, жоғары іскерлік қабілетке ие және Ішкіісминнің, ІІББ-нің, ІІБ-ның, КІІБ-ның және ҚАЖ-нің аппараттарында басшы лауазымдарда резервте тұрған, денсаулығы бойынша Академияда оқуға жарамды және тиісті іріктеу комиссиялары ұсынған аға басшы құрамдағы адамдармен жасақталады;
      2) оқушылардың екінші ағымы - жоғары заңгерлік білімі, басшылық және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі бар, жоғары іскерлік қабілетке ие және қалалық, аудандық, желілік ішкі істер бөлімдері басшылары лауазымдарында резервте тұрған, денсаулығына байланысты Академияда оқуға жарамды және тиісті іріктеу комиссиялары ұсынған орта және аға басшы құрамдағы адамдармен жасақталады.
      5. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Академиясының N 1 факультетіне:
      1) бірінші ағымда оқу үшін, 40 жасқа толмаған, ішкі істер органдарындағы практикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде қалалық (аудандық) ішкі істер бөлімдерінің бастықтарынан төмен емес лауазымдарда, Ішкіісмин, ІІББ, ІІБ, көліктегі ІІББ қызметтерінің (басқармаларының) бастықтары мен бастықтың орынбасарлары, дербес бөлімдерінің бастықтары лауазымдарында кемінде 2 жыл жұмыс істейтін аға басшы құрамдағы адамдар қабылданады;
      2) екінші ағымда оқу үшін, жасы 35-ке дейінгі, ішкі істер органдарындағы практикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде қалалық, аудандық, желілік ішкі істер бөлімдерінде басшы лауазымдарда резервте тұрған орта және аға басшы құрамдағы адамдар қабылданады.
      6. Академияға оқуға түсуші үміткерлердің жасы мен тиісті лауазымдардағы қызмет өтілі түсу жылының 1 қазанындағы жағдай бойынша есептеледі.

               3. Үміткерлерді іріктеу мен қабылдау тәртібі

      7. Академиядағы оқуға үміткерлерді іріктеу Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жыл сайынғы бұйрығымен бекітілетін Қазақстан Республикасы Ішкіісмині Академиясының N 1 факультетін жасақтаудың жоспарына сәйкес жүргізіледі.
      8. Қазақстан Республикасы Академиясының N 1 факультетіне үміткерлерді қабылдау үшін қабылдау комиссиясы құрылады. Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі - Ішкі әскерлер қолбасшысы (бұдан әрі - Министр) бекітеді. Лауазымы бойынша комиссияға: кадр мәселесімен айналысатын Қазақстан Республикасы ішкі істер вице-Министрі, Академия бастығы, Ішкіісмин жетекші департаменттерінің және жасақтаушы органдардың өкілдері, Академияның жетекші кафедраларының бастықтары және Министр анықтайтын басқа да адамдар кіреді.
      9. Ішкіісмин Академиясының N 1 факультетіне түсушілер ішкі істер органы басшысының атына мәлімдеме жазады. Мәлімдемеде арнайы атағы, тегі, аты мен әкесінің аты, лауазымы, туған жылы мен айы, білімі көрсетіледі.
      10. Қазақстан Республикасы Ішкіісмині қызметтерінің бастықтары, ІІББ, ІІБ, көліктегі ІІББ-ның бастықтары мәлімдемелерді қарап, үміткерлер қабылдау шарттарына сәйкес келген кезде, кадр аппараттары арқылы денсаулық жағдайы бойынша Академиядағы оқуға жарамдылығын анықтау үшін оларды медициналық куәландыруға жібереді.
      11. Қазақстан Республикасы Академиясының N 1 факультетіне үміткерлерді іріктеу үшін Ішкі істер министрлігінде, облыстық ІІББ, ІІБ-да көліктегі ІІББ-да іріктеу комиссиялары құрылады.
      12. Іріктеу комиссиялары осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Академиясын жасақтау жоспарын басшылыққа ала отырып, үміткерлерге ұсынылған құжаттарды мұқият тексереді, бұл үміткерлердің қабылдау шарттарына сәйкес келуін анықтауға және олардың әрқайсысы бойынша дәлелді қорытынды шығарады.
      13. Іріктеу комиссияларының жұмыс қорытындылары хаттамалармен рәсімделеді. Академияға түсуші әрбір үміткерге хаттама парағы рәсімделеді.
      14. Академияның N 1 факультетіне оқуға іріктеп алынған адамдарға Ішкіісмин, ІІББ, ІІБ, КІІББ-ның кадр аппараттары түсу жылының 20 маусымына дейін Қазақстан Республикасы Академиясына мынадай құжаттар жібереді:
      белгіленген тәртіпте рәсімделген жеке іс;
      оқу ісі: үміткердің рапорты; қызметінің соңғы кезеңдегі аттестациясы; қызметкердің Академияны бітіргеннен кейін тағайындалатын лауазымын көрсетілген оқуға жіберу туралы іріктеу комиссиясы шешімінің көшірмесі; білімі туралы дипломның көшірмесі; N 1 нысандағы анықтама; әскери дәрігерлік комиссияның қорытындысы; кадр аппараты растаған 4 фото сурет (күнделікті киімді, көлемі 3,5х4,5 бұрышсыз).
      15. Ішкіісминнің, ІІББ-нің, ІІБ-нің, КІІББ-нің іріктеу комиссиялары іріктеп алған адамдар Қазақстан Республикасы Ішкіісминнің Академиясына, түсу жылының 15 мамырына дейін 1,5 интервал арқылы көлемі 20-22 м.т.п. атқарып жатқан лауазымының ерекшелігі бойынша басқару қызметінің мәселелерін көрсететін реферат ұсынулары керек.
    16. Қабылдау комиссиясы Академияның N 1 факультетіне оқуға түсуге жасақтаушы органдар ұсынған адамдардың материалдарын қарап, үміткерлерді қолданыстағы заңнаманың, ведомстволық нормативтік актілер, еліміздің ішкі және сыртқы саясаты туралы кешенді сұрақтар кіретін тесттік сынақтан өткізеді.
      17. Қазақстан Республикасы Академиясының N 1 факультетіне оқуға қабылдау тесттік сынақ нәтижесі, үміткерлердің рефератының резенциясының қорытындысы және моральдық-іскерлік қабілетін ескере отырып Қазақстан Республикасы Академиясы бастығының бұйрығымен жүзеге асады.
      18. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Академиясы бастығының оқуға қабылдау туралы бұйрығының көшірмесі оған қол қойылғаннан кейін он күннен кешіктірмей үміткерлерді оқуға жіберген жасақтаушы органға жіберіледі.
      19. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Академиясы бастығының үміткерді оқуға қабылдау туралы бұйрығы оны жасақтаушы органнан оқу орнына іссапарға жіберу үшін негіз болып табылады.
      20. Оқуға қабылданбаған үміткерлердің жеке істері мен басқа да құжаттары жасақтау органдарына кері қайтарылады.
      21. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Академиясының N 1 факультетіндегі сабақтың басталуы - 1 қазан.
      22. Ішкіісминінің Академиясы N 1 факультетіне қабылданған адамдарға

ағымдағы жыл үшін кезекті демалыс толық және оқуға іссапарға жіберуге 
дейін пайдаланылатындай есеппен ұсынылады. 
     23. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Академиясына қабылданған, 
бірақ оқу жылы басталғаннан кейін 10 күн ішінде дәлелсіз себептермен 
сабаққа кіріспеген адамдар тыңдаушылар қатарынан шығарылады. 
     24. Қызметтік қажеттілік жағдайларында, ІІББ-нің, ІІБ-нің, КІІБ-нің 
ұсынысы бойынша, ерекше жағдайда, Академияның N 1 факультетінің күндізгі 
оқу нысаны бойынша кемінде 6 ай оқыған бірінші ағындағы тыңдаушыларды 
кейіннен оларды жеке график бойынша оқыту арқылы Қазақстан Республикасы 
Ішкіісминінің бұйрығымен қызметке шақырып алуға жол беріледі. 
       4. Ішкіісминінің Академиясы N 1 факультетінің тыңдаушыларын         
                        материалдық қамтамасыз ету
     
     25. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Академиясының тыңдаушыларына 
оқу уақытында оқуға жіберуге дейін атқарған соңғы негізгі (уақытша 
орындалмаған) штаттық лауазымы бойынша ақшалай үлестің айлық жалақысы 
төленеді. 
     26. Тамақтандыру мен орналастыру тыңдаушылар есебінен, ал заттай 
мүліктермен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Ішкіісмині белгілеген 
тәртіппен жүргізіледі.  

V011398_

  
                5. Ішкіісминінің Академиясы N 1 факультетінің 
                            бітірушілерін бөлу
     


      27. Болашақтағы практикалық қызметіне сәйкес тыңдаушыларды мамандандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Кадр жұмысы департаменті басқа да қызметтерімен бірлесе отырып, сынау мерзімінің алдында, жасақтаушы органдардың ұсыныстары мен Ішкіісмині Академиясының тыңдаушыларды олардың дайындығына сәйкес мақсатқа қолдану жөніндегі кепілдемесі негізінде, Академияның N 1 факультетін бітірушілерін алдын-ала бөлуді жүзеге асырады. Көрсетілген санаттағы бітірушілерді дербес бөлуді Қазақстан Республикасының Ішкіісмині жүзеге асырады.
      28. Бірінші ағымды бітірушілер, әдетте ІІББ-і, ІІБ-і, КІІБ-і бастықтарының орынбасарлары, Ішкіісминінің дербес бөлімдері, басқармалары лауазымдарына немесе Академияның N 1 факультетіне оқуға түскенге дейін атқарған лауазымынан бір саты жоғары лауазымға тағайындалуы тиіс.
      Екінші ағымды бітірушілер, әдетте, қалалық, аудандық, желілік ішкі

істер бөлімдерінің бастықтары лауазымдарына тағайындалуы тиіс. 
     Бос орындар болмағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы 
Ішкіісминінің Академиясын бітіру аттестациясының төмен нәтижесінде 
Академия бітірушілері басқа, бірақ олар Академияға түскенге дейін атқарған 
лауазымдардан төмен емес лауазымдарға тағайындалуы мүмкін. 
     29. Оқудың аяқталуына дейін 4 ай қалғанда N 1 факультет бітірушілерін 
дербес бөлу хаттамасы Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің басшылығына 
бекітуге ұсынылады.
     Қазақстан Республикасы
     Ішкі істер министрлігінің 
     Кадр жұмысы департаменті
     
     
     Мамандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады