Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы"
Заңының
12 бабының 1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымша ұсынылған, экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында жеңiлдiктер мен преференциялар алу үшiн инвесторлардың өтiнiштерiн қабылдау тәртiбi туралы Нұсқаулықты бекiтудi.
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы 21 наурыздағы N 2 экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында жеңiлдiктер мен преференциялар алу үшiн инвесторлардың өтiнiштерiн қабылдау тәртiбi туралы
Нұсқаулықтың
күшi жойылсын деп тану.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркеуге алынған күннен бастап күшiне енедi.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер вице-министрімен Сыртқы істер министрлігінің
КЕЛІСІЛГЕН Инвестициялар жөніндегі
комитеті Төрағасының
2001 жылғы 30 наурыздағы
N 24-п бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Экономиканың басым секторларында инвестициялық
жобаларды жүзеге асыру мақсатында жеңiлдiктер мен
пұрсаттылықтар алу ушiн инвесторлардың өтiнiштерiн
қабылдау тәртiбi туралы
Нұсқаулық
Экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында жеңiлдiктер мен преференциялар алу үшiн инвесторлардың өтiнiштерiн қабылдау тәртiбi туралы осы Нұсқаулық (бұдан былай - Нұсқаулық) инвесторлардың өтiнiштерiн қабылдау және тiркеу ережелерiн анықтайды.
1. Негiзгi ұғымдар
1. Осы Нұсқаулықта келесi ұғымдар пайдаланылады:
1) Комитет - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi;
2) өтiнiшкер - экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асыру мақсатында жеңiлдiктер мен преференциялар алу үшiн үмiткер жеке тұлға немесе заңды тұлға;
3) өтiнiш - Комитетпен бекiтiлген, экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асыру мақсатында жеңiлдiктер мен преференциялар алу үшiн өтiнiш қалыбында көрсетiлген құжаттардан тұратын пакет;
4) журнал - экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асыру мақсатында жеңiлдiктер мен преференциялар алу үшiн инвесторлардың өтiнiштерiн тiркеу журналы.
2. Өтiнiштi қабылдау
2. Өтiнiшкер өтiнiшiн Комитет Кеңсесiне тапсырады, одан кейiн журналда тiркелуi үшiн Инвестициялық жобаларды бағалау бөлiмiне берiледi.
3. Өтiнiш журналға тек бекiтiлген талаптарға сәйкес болған жағдайда ғана тiркеледi.
4. Өтiнiштiң тiркелген күнi болып журналға тiркелген күн саналады.
3. Өтiнiштердi қарастыру
5. Инвестициялық жобаларды бағалау бөлiмi өтiнiш түскен күннен бастап отыз күннен көп емес уақытта Қазақстан Республикасының тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы заңына сәйкестiгiн сараптайды.
6. Комитеттiң инвестормен ұсынған ақпараттарын бекiтетiн қосымша құжаттар мен ақпараттар сұрауға құқығы бар. Бұл жағдайда өтiнiштi қарастыру уақыты қажеттi материалдарды ұсынғанға дейiн ұзартылуы мүмкiн.
7. Комитет сараптама қорытындысы бойынша қабылданған шешiм жөнiнде өтiнiшкерге хабарлайды. Оң шешiм қабылданған жағдайда Комитет инвестормен бiрге келiсiм-шарт дайындайды.
8. Мемлекеттiк нақты гранттар және кедендiк баж жеңiлдiктерiн беру үшiн Комитет сәйкес мемлекеттiк органдармен және бағымсыз сарапкерлермен келiсiм-шартқа сараптама жүргiзедi.
4. Дауларды қарастыру
9. Өтiнiштi тiркеуден бас тартылған жағдаймен келiспеген өтiнiшкер Комитеттiң әрекетiне бекiтiлген заң тәртiбiне сәйкес шағымдануға құқығы бар.