Сақтандыру брокерiнiң қызметiн лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуірдегі N 92 қаулысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 25 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1520. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы№N 11 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы№N 11 қаулысымен.
____________________________

      "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Сақтандыру брокерiнiң қызметiн лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесi бекiтiлсiн, ол және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру брокерiнiң қызметiн лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру брокерiнiң қызметiн лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлерiне жiберсiн. 
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн. 

      Ұлттық Банк
     Төрағасы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 9 сәуірдегі N 92
қаулысымен бекітiлген   

  Сақтандыру брокерінің қызметiн лицензиялау,
лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу 
ережесi

       Ескерту: Мәтін бойынша "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталды- ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 198   қаулысымен .

1. Негізгі ережелер 
 

        1. Осы Ереже "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерiне сәйкес әзірленген және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) сақтандыру брокерінің қызметін  лицензиялау тәртiбін белгілейді. 

      2. Сақтандыру брокерiнiң қызметін жүзеге асыру құқығына уәкілетті орган берген лицензиясы бар (бұдан әрі - лицензия) заңды тұлға сақтандыру брокері болуға құқылы. 
      Сақтандыру брокерінiң лицензиялық ережелерді сақтауын бақылауды уәкiлетті мемлекеттiк орган жүзеге асырады. 

    2. Лицензиялау тәртiбi

      3. Лицензиат лицензия алу үшiн уәкілеттi органға Заңның  37-бабында көзделген құжаттарды ұсынуға тиiс. 

      4. Лицензия алуға өтініш осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда жасалады.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді- ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 198   қаулысымен .

      4-1. Жарғылық капиталдың ең аз мөлшерінің толық төленгенін растайтын құжаттар мыналар:
      жарғылық капитал қолма-қол ақшамен төленетін болса - төлем құжаттарының көшірмелері, сондай-ақ сақтандыру брокерінің ағымдағы банк шотынан үзінді жазба;
      жарғылық капитал қолма-қол ақшадан басқа өзге мүлікпен төленетін болса - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалаушы берген құжат болып табылады.
       Ескерту: 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 198   қаулысымен .

      4-2. Сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлері лауазымына тағайындалатын (сайланатын) адамдар туралы мәліметтер қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу тәртібін реттейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынылады.
      Лицензиаттың басшы қызметкерлері Заңның  34-бабында белгіленген талаптарға сәйкес болулары тиіс.
       Ескерту: 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 198   қаулысымен .

      5. Лицензия алуға құжаттар жауапты және қарауды әрбiр өтініш бойынша өз қорытындысын жасайтын уәкілетті органның бөлiмшесi жүргізеді.
       Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді- ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 198   қаулысымен

      6. Лицензия беру туралы өтінішті құжаттардың толық топтамасы берілген күннен бастап екі айдың ішiнде уәкiлетті орган қарауға тиіс. 

      7. Өтiнiш берушiнің құрылтай құжаттарында сақтандыру брокерінің қызметі ерекше болып табылатыны және қандай да бiр басқа қызметпен қоса атқаруға болмайтыны туралы ереже болуға тиiс. 

      8.  Заңның 38-бабында көзделген негіздер бойынша лицензия беруден бас тартылады. 

      9. Лицензияны осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган бередi.
       Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді- ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 198   қаулысымен

      10. Лицензия иелiктен алынбайды, яғни оны лицензиат басқа заңды және жеке тұлғаларға бере алмайды және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады. 

      11. Лицензия беру (қайтарып алу) туралы шешiм уәкiлеттi мемлекеттiк органның ресми басылымдарында - жарияланады.
       Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді- ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 198   қаулысымен

      12. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өзi берген (қайтарып алған) лицензиялардың тiзiлiмiн жүргiзедi. 

      13. Лицензия жоғалған жағдайда сақтандыру брокерi оның көшiрмесiн алуға құқылы. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган он күннiң iшiнде сақтандыру брокерiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша лицензияның көшiрмесiн бередi. 

      14. Сақтандыру брокерi атауын, мекен-жайын өзгерткен жағдайда бiр айдың iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттармен қоса лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiніш беруге мiндеттi. 

      15. Сақтандыру брокерi тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он күннiң iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган лицензияны қайта ресiмдейдi. 

      16. Лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін лицензиат лицензияны алуға (қайта ресімдеуге, дубликатын беруге) құжаттар пакетімен бірге уәкілетті органға ұсынады.
       Ескерту: 16-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 198   қаулысымен .

  3. Лицензияның қолданылуын тоқтату
және қайтарып алу тәртiбi 

      17. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру брокерi лицензиясының қолданылуын тоқтату немесе қайтарып алу туралы шешiмдi Заңда көзделген негiздемелер бойынша қабылдайды. 

      18. Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтату негiздемелерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. 

      19. Сақтандыру брокерiнiң атқару органына лицензияның қолданылуын тоқтату шешiмi жөнiнде хабарланған күннен бастап оның қолданылуы тоқтатылды деп саналады. 

      20. Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ақпарат екi республикалық газетте жарияланады. 

      21. Лицензияның қолданылуын тоқтатуға негiздеме болып табылған заң бұзушылықты жойғаннан кейiн сақтандыру брокерi лицензияның қолданылуын тоқтату мерзiмi өткенге дейiн лицензияның қолданылуын тоқтату мерзiмiн қайта қарау не оның қолданылуын қалпына келтiру туралы өтiнiш беруге құқылы. 

      22. Сақтандыру брокерi лицензияның қолданылуын тоқтатуға негiздеме болып табылған заң бұзушылықты жойғанына айғақ болатын құжаттар ұсынған жағдайда, уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыруды қадағалау бөлiмшесi өз қорытындысын даярлайды, соның негiзiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган лицензияның қолданылуын қалпына келтiру туралы шешiм қабылдауға құқылы. 

      23. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган лицензияның қолданылуын тоқтатуға негiздеме болып табылған заң бұзушылықтың жойылғаны туралы ақпаратқа растау алу мақсатында сақтандыру брокерiнiң қызметiне инспекциялық немесе басқа да тексеру жүргiзуге құқылы. 
      Тексеру нәтижелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыруды қадағалау бөлiмшесi өз қорытындысын даярлайды, оның негiзiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган лицензияның қолданылуын қалпына келтiру туралы шешiм қабылдауға құқылы. 

      24. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган лицензияның қолданылуын тоқтату мерзiмiн қайта қарау немесе лицензияның қолданылуын қалпына келтiру туралы сақтандыру брокерiнiң өтiнiшiн қарауға және өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi. 

      25. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензияны қайтарып алу туралы шешiмiнде  Заңда көзделген оны қайтарып алу негiздемесi көрсетiлуi тиiс.

      26. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру брокерiнiң лицензиясын қайтарып алу туралы шешiмi оның сақтандыру брокерiнiң басқару органына жiберiлген немесе баспасөзде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Лицензияны қайтарып алу туралы ақпарат екi республикалық газетте жарияланады.

      27. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша сақтандыру 
брокерiнiң лицензиясын қайтарып алудың  Заңның 56-бабында көзделген салдары болады.

  4. Қорытынды ережелер

      28. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер заңнамада белгiленген тәртiппен шешiледi.

       Төраға

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  
Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 92
қаулысымен бекiтiлген Сақтандыру      
брокерiнiң қызметiн лицензиялау ережесiне
1 қосымша

                      Ескерту: 1-қосымшаның жоғары оң бұрышындағы "N" белгісі алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 198   қаулысымен .

Қазақстан Республикасының сақтандыру  
қызметiн реттеу және қадағалау бойынша  
уәкiлеттi мемлекеттiк органының басшысына

                             _______________________________________

                               ӨТIНIШ

__________________________________________________________________
                  (сақтандыру брокерiнiң толық атауы)

     сақтандыру брокерi қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия берудi сұрайды.

     Осы өтiнiштi ресiмдеуге құқық берiлген адам:
___________________________________________________________________                       (адамның аты-жөнi және
___________________________________________________________________
өкiлеттiктердi алу үшiн негiздеме болып табылатын құжатқа сiлтеме)
__________________________________________________________________
         (адамның жұмыс орны, лауазымы, үйдiң толық мекен-жайы)

      Құрылтайшылар өтiнiшке қоса берiлген құжаттардың және ақпараттың сенiмдiлiгiне, сондай-ақ өтiнiштi қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпарат пен құжаттардың сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органға уақтылы ұсынылуына толық жауап бередi.
      Қосымша: (жiберiлетiн құжаттардың атауларын, олардың әрқайсысы бойынша даналардың және парақтардың санын тiзiп көрсетiңiз):

      ______________________________
     (құрылтайшылар атынан өтiнiштi
     беруге уәкiлеттi адамның қолы, күнi)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi  
Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегi   
N 92 қаулысымен бекiтiлген Сақтандыру  
брокерiнiң қызметiн лицензиялау ережесiне
N 2 қосымша              

       Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 198   қаулысымен .

                    (Қазақстан Республикасының
          мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланкіге басылады)

Сақтандыру брокері қызметін жүзеге
асыру құқығына берілген
ЛИЦЕНЗИЯ

Лицензия N___________

__________________________________________________________________
                 (сақтандыру брокерінің толық атауы)
__________________________________________________________берілді.
Сақтандыру брокерінің мекен-жайы _________________________________

Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады

Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз

Лицензия иеліктен шығарылмайтын, яғни лицензиат басқа жеке және
заңды тұлғаларға бермейтін болып табылады.

Лицензияны берген орган __________________________________________
                            (лицензиар органының толық атауы)

Лицензияның берілген күні - "____"___________________ 200_____жыл.

Лицензиар органының басшысы (уәкілетті тұлғасы)

Мөр орны

                            Алматы қаласы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады