"Отандық өндiрiстегi алкоголь және темекi өнiмiнiң акциздiк алым таңбаларын есепке алу, сақтау және сату Ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 1999 жылғы 1-маусымдағы N 591 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 845 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 29 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1559. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 471 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қосымшаға сәйкес кейбiр нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын...
    

     Министр

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрiнiң     
2004 жылғы 30 желтоқсандағы
N 471 бұйрығына қосымша  

Күші жойылған кейбiр нормативтiк
құқықтық актiлер тiзбесi

     10. "Отандық өндiрiстiң алкоголь және темекi өнiмдерiнiң акциздiк алым маркаларын есепке алу, сақтау және сату Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрiнің 1999 жылғы 1 маусымдағы N 591 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 845 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде N 1559 болып тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнің бюллетенi" 2001 ж., N 25, 434-б. жарияланған).

-----------------------------------      

     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы маусымның 21-дегi N 846 "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы" қаулысын орындау үшiн  БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 1-маусымдағы N 591 бұйрығымен бекiтiлген отандық өндiрiстегi алкоголь және темекi өнiмiнiң акциздiк таңбаларын есепке алу, сақтау және сату Ережелерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
     1-тармақтың 3-азат жолы мына редакцияда баяндалсын:
     "отандық темекi бұйымдары (мына атауларынан басқа, фильтрсiз барлық сигареттер мен папиростар)".
     2-тармақта:
     1-азат жолда "үш түрi: арақ, күшейтiлген iшiмдiктер және шарап" сөздерi "бес түрi: арақ, күштi алкогольды iшiмдiктер, әлсiз алкогольды iшiмдiктер, шарап және коньяк - пайдаланылатын сыйымдылығына байланысты (бұдан былай - сыйымдылық) былай бөлiнедi: 0 л - 0,24 л, 0,25 л, 0,26 л және одан аса";
     3-азат жол "және таңбаның шығарылған жылы" сөзiмен толықтырылсын";
     3-тармақ мына редакцияда баяндалсын:
     "3. Акцизделетiн өнiмдi, сондай-ақ тәркiленген әрi соттың шешiмiмен ары қарай сатылуға жататын акцизделетiн өнiмдi таңбалауға керек акциздiк таңбалар облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша тиiстi Салық комитетiнде (бұдан былай - облыстық салық комитеттерi) берiледi.
     4-тармақ алынып тасталсын;
     5-тармақ "акциздiк алым таңбалары сатып алған орны бойынша тиiстi салық комитеттерiне қайтарылудан басқа" сөзiмен толықтырылсын;
     6 және 7-тармақ мына редакцияда баяндалсын:
     "6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiне және айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiнiң аумақтық басқармалары (бұдан былай - Комитеттiң аумақтық басқармалары) тәркiленген өнiмдi сатумен айналысатын отандық тауар өндiрушілер мен кәсiпорындардан белгiленген тәртiппен акциздiк алым таңбаларын сатып алуға тапсырыстардың жиналуын қамтамасыз етедi әрi бiрiктiрiлген тапсырыстарды айларға, түрлерге, сыйымдылықтарға бөле отырып, Алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiне және айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетке (бұдан былай - Комитет) тапсырады.
     7. Комитет аумақтық басқармалардың тапсырыстарына сәйкес акциздiк таңбаларды түрлерi бойынша әзiрлеуге тапсырыстарды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң Банкнот фабрикасына (бұдан былай - Банкнот фабрикасы) орналастырады әрi жинақтық тапсырысты Алматы қаласының салық комитетiне тапсырады.";
     11-тармақта "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Салық полициясы комитетiнiң облыстық басқармаларының өкiлдерiнен тұратын" сөздерi алынып тасталсын;
     12-тармақта "тәркiленген өнiмнiң түсуiне байланысты Салық полициясы комитетiнiң басқармалары" сөздерi "мұндай өнiмдi сатумен айналысатын ұйымдар" сөздерiмен ауыстырылсын;
     13-тармақта "комитеттерi" сөздерiнен кейiн "алкоголь өнiмiнiң iрi өндiрушілерi" сөздерiмен толықтырылсын;
     14-тармақта "комитеттерi" сөздерiнен кейiн "сондай-ақ Банкнот фабрикасынан алынған әрi салық комитеттерi мен iрi алкоголь өнiмiн өндiрушiлерге берiлген акциздiк таңбалар туралы Комитетке және облыстық салық комитеттерiне есеп беру" сөздерiмен толықтырылсын;
     4-тараудың атауында "Салық полициясы комитетiнiң басқармалары" сөздерi "тәркiленген өнiмдермен айналысатын ұйымдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
     20-тармақтың 4-азат жолы алынып тасталсын;
     22-тармақта "алкогольды" сөзi "акцизделетiн" сөзiмен ауыстырылсын;
     23-тармақтың:
     1-азат жолында "Салық полициясы комитетiнiң басқармалары" сөздерi "облыстық салық комитеттерi" сөздерiмен ауыстырылсын;
     2-азат жолында "Салық полициясы комитетiнiң басқармалары берген" сөздерi алынып тасталсын;
     3-азат жолында "Салық полициясы комитетiнiң басқармаларымен" сөздерi "облыстық салық комитеттерiмен" сөздерiмен ауыстырылсын;
     6-азат жолы алынып тасталсын;
     24-тармақ мына редакцияда баяндалсын:
     "24. Өндiрушi ұйымдарға алдағы бiр айға акциздiк алым таңбаларын беру жылдық тапсырылатын акциздiк таңбаларды сатып алу тапсырысына сәйкес айларға бөле отырып, әрi бұрын алынған акциздiк таңбаларды пайдаланғаны туралы есеп бар болғанда ғана жүргiзiледi. Бұрын ұсынылған тапсырысқа алкоголь өнiмiнiң саны мен түрлерiнiң бөлiгi бойынша өзгертулер мен толықтыруларды алкоголь өнiмiн өндiрушiлер таңбалар берiлетiн айдан 45 (қырық бес) күнтiзбелiк күн бұрын беруi керек. Мерзiм бiткеннен кейiн өзгертулер мен толықтырулар қабылданбайды."
     27-тармақ мына редакцияда баяндалсын:
     "27. Заңды және жеке тұлғаға пайдаланылмаған акциздiк таңбалар үшiн ақшалай қаражаттар оның есепшотына 3 ай iшiнде аударылуы тиiс.";
     44-тармақта:
     1-азат жолда "тәркiленген акцизделетiн өнiмдi таңбалау үшiн Салық полициясы Комитетiнiң облыстық басқармаларына" сөздерi "тәркіленген акцизделетiн өнiмдi сатумен айналысатын ұйымдарға, оны таңбалау үшiн" сөздерiмен ауыстырылсын;
     2-азат жолда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi" сөздерi "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiне және айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi" сөздерiмен ауыстырылсын;
     N 1 және N 2 қосымшаларда "199" саны "200" санымен ауыстырылсын;
     N 3 қосымшада "1999 жылғы 19 сәуiрдегi N 431 "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы" сөздерi "2001 жылғы 21 маусымдағы N 846 "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы" сөздерiмен ауыстырылсын.
     2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiне және айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi 2001 жылдың екiншi жартысына алкоголь өнiмiне акциздiк таңбаларды әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi Банкнот фабрикасының атына тапсырыс жiберсiн.
     3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiмнiң өндiрiлуiне және айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi (Н. Шайдаров) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
     4. Әкiмшiлiк департаментi (С.К. Елшiбеков) Кеден комитетiнiң, Салық комитетiнiң облыстар, Алматы және Астана қалалары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiмнiң өндiрiлуiне және айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiнің бiрiншi басшыларына дейiн, осы бұйрықты жеткiзсiн.
     5. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады