ҚР МКМ 1999 жылғы 11 қазандағы N 1234 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Мемлекеттік кіріс Министрінің 2001 жылғы 11 маусымдағы N 745 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 25 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1586. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" K010209_ Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Z010210_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi: 68. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 11 қазандағы N 1234 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінiң 2001 жылғы 11 маусымдағы N 745 V011586_ бұйрығы. ----------------------------------------------------- "Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Z952235_ Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z010183_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 3 мамырдағы Заңына сәйкес. БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 11 қазандағы N 1234 бұйрығымен бекiтiлген "Заңды тұлғалар - шағын бизнестiң субъектiлерiне оңайлатылған салық салу жүйесi туралы" V990943_ Нұсқаулығына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген "Заңды тұлғалар - шағын бизнестiң субъектiлерiне оңайлатылған салық салу жүйесi туралы" Нұсқаулықтың:
      көрсетiлген нұсқаулыққа қоса берiлген 4 қосымшаның 2 және 8 жолдарындағы "20" және "120" деген сандар, тиiсiнше, "16" және "116" деген сандармен алмастырылсын. 2. Өндiрiстiк емес төлемдер департаментi (Ю. Тiлеумұратов): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен келiссiн; 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Өндiрiстiк емес төлемдер департаментiне (Ю. Тiлеумұратов) жүктелсiн. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап күшiне енедi және 2001 жылдың 1 шілдесiнен бастап қолданысқа, енгiзiледi. Министр Келісілді Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2001 жылғы 21 маусым Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады