Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға N 56 өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2001 жылғы 13 шілдедегі N 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1597

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 P001950_ қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 26 маусымдағы N 866 P010866_ және "Жекелеген мемлекеттiк жоғарғы оқу орындарын қайта атау туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы N 892 P010892_ қаулыларына сәйкес, сондай-ақ "2001 жылға арналған облыстық бюджет туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 17 қаңтардағы N 9-2 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 5 маусымдағы N 12-1 шешiмiн назарға ала отырып
                               БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында:
      бюджеттiк шығыстардың функционалдық сыныптамасында:
      3 "Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк" функционалдық тобында 1 "Құқық қорғау қызметi" кiшi функциясында 618 "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi" мемлекеттiк мекеме-бағдарлама әкiмшi бойынша 3 "Ақпараттық-есептеу қызметiн көрсету" бағдарламасынан кейiн мынадай мазмұндағы бағдарламамен толықтырылсын:
      "30 Қаржы полициясы органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету";
      4 "Бiлiм беру" функционалдық тобында 6 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби бiлiм" кiшi функциясында 225 "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" мемлекеттiк мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 9 "Республикалық деңгейде жоғары оқу орындарында кадрлар дайындау" бағдарламасында:
      33 "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнде кадрлар дайындау" кiшi бағдарламасындағы "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
      35 "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнде оқитын студенттердi стипендиямен қамтамасыз ету" кiшi бағдарламасындағы "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
      39 "Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттiк өнер академиясы" кiшi бағдарламасындағы "мемлекеттiк" деген сөз "ұлттық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      40 "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттiк консерваториясы" кiшi бағдарламасындағы "мемлекеттiк" деген сөз "ұлттық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      12 "Көлік және байланыс" функционалдық тобына 1 "Автомобиль көлiгi" кiшi функциясына 274 "Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көлiктiң атқарушы органы" мемлекеттiк мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 50-бағдарламаның 31 "Қалалардың және басқа да елдi мекендердiң көшелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету" кiшi бағдарламасынан кейiн мынадай мазмұндағы 51-бағдарламамен толықтырылсын:

     "51 Орал қаласы ауданында Орал өзенi арқылы көпiр салу үшiн темiр
бетондық көпiр конструкцияларын сатып алу".
     2. Заң қызметi департаментi (Қ. Әбдiқалықов) және Мемлекеттiк бюджет 
департаментi (Б. Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет 
министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.

     
     
     Министр
     
     
     
     Мамандар:
         Омарбекова А.Т.
         Икебаева Ә.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады