"Жинақтаушы зейнетақы қорларының iс-әрекетi қорытындысын жариялау Ережелерiн" бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 29 маусымдағы N 63-Ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 1 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1609. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 149 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136-1 "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының  4 тармағының 39 бабына сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларының iс-әрекетiнiң айқындығын жоғарлатуды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымшадағы "Жинақтаушы зейнетақы қорларының iс-әрекетi қорытындысын жариялау Ережелерi" бекiтiлсiн.
      2. Заң бөлiмi (Қ.Қ. Қамали) осы бұйрықты белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн.
      3. Бұйрық мемлекеттiк тiркеу сәтiнен бастап енгiзiлсiн.

      Төраға

Қазақстан Республикасы   
еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау Министрлігінің   
жинақтаушы зейнетақы    
қорларының қызметін реттеу 
жөніндегі Комитетімен    
БЕКІТІЛГЕН         
N 63-Ө 29 маусым 2001 жыл 

Жинақтаушы зейнетақы қорларының iс-әрекетi
қорытындысын жариялау Ережелерi

1. Жалпы ережелер

      Iс жүзiндегi Ережелерi Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136-I "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңына  сәйкес әзiрленген және жинақтаушы зейнетақы қорларының iс-әрекетi қорытындысын жариялау тәртiбi мен мерзiмдерiне қойылатын талаптарды куәландыратын құжаттарды анықтайды (бұдан былай - Қор).

2. Жинақтаушы зейнетақы қорларына
шағымдық шаралар қолданған жағдайда
жарияланымға қойылатын талаптар

      1. Осы Ережемен белгiленген тәртiпте, Қор бұқаралық ақпарат құралдарында - екiден кем емес мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi баспаларда, қордың зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн атқару лицензиясы тоқтатылғандығы, жаңғыртылғандығы немесе қайтарылғандығы туралы ақпараттауға мiндеттi.
      2. Қызмет нәтижесiн жариялау мақсатында - Қордың iс-әрекетiнiң айқындығын көрсету.

3. Жарияланатын ақпарат

      3. 3ейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн атқару лицензиясы тоқтатылғандығы туралы Қор, 10 күнтiзбелiк күн аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында Комитет бұйрығының күнi мен нөмiрiн және лицензиясы тоқтатылған себебi көрсетiлген мерзiмiн ақпараттауға мiндеттi. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн атқару лицензиясы жаңғыртылған жағдайда да, Қор 10 күнтiзбелiк күн аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында Комитет бұйрығының күнi мен нөмiрiн көрсетуге мiндеттi. Жарияланатын мәлiметтер Комитетке жариялауға 5 күн қалғаннан кешiктiрмей тапсырылуға тиiстi.
      4. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн атқару лицензиясы қайтарылып алынған жағдайда, Қор 5 күнтiзбелiк күн iшiнде, бұқаралық ақпарат құралдарында Комитет бұйрығының күнi мен нөмiрiн және лицензиясы қайтарылған себебiн ақпараттауға мiндеттi.
      5. Комитет бекiткен тiзiм бойынша мiндеттi түрде жарияланатын ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.

4. Қорытынды ережелер

      6. Комитет жариялауға ұсынылған мәлiметтердi тексергеннен кейiн, Қорға жазбаша түрде жариялауға рұқсат бередi.
      7. Мiндеттi ақпаратты жариялағаннан кейiн, Қор Комитетке 10 күнтiзбелiк күн iшiнде жарияланған мәлiметтердiң сәуле көшiрмесiн тапсыруға мiндеттi.
      8. Комитет Қордан ақиқатқа сыймайтын мәлiметтер мен құжаттарды өзгертудi талап етуге құқылы.
      9. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады