Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнің 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 904-І бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2001 жылғы 10 шілдедегі N 217-І бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 8 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1618. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 17 ақпандағы N 84-І (V053507) бұйрығымен.

      Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыру барысында қолданылатын рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН
      1. Қоса берiлiп отырған, "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыру барысында қолданылатын рұқсат беру жүйесi жөнiндегi ережелердi бекiту туралы"  Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 904-I  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылғы 18 қаңтарда N 1027 тiркелген) енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi (Е.Ш. Қалқабаев) осы бұйрықты заңнамамен бекiтiлген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-Министрi Қ.Қ. Жақыповқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелу күнiнен бастап күшiне енедi.

      Министр

 Қазақстан Республикасы        
 Көлiк және коммуникациялар министрiнiң
 2001 жылғы 10 шілдедегі      
 N 217-І бұйрығымен бекiтілген   

"Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль
тасымалдауларын жүзеге асыру барысында қолданылатын
рұқсат беру жүйесi жөнiндегi Ережелердi бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар
министрiнiң 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 904-I 
бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар 

      Аталған бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыру барысында қолданылатын рұқсат беру жүйесi жөнiндегi Ережелерде (бұдан әрi - Ереже): 
      2-тармақ мына мазмұндағы 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын: 
      "6) тұрақты жолаушы тасымалы - тасымалдың бастапқы және соңғы бекеттерiн, автобустар және бағдарлық таксилердiң қозғалысының тоқтау бекеттерiн және олардың қозғалыс кестесiн көрсете отырып алдын-ала келiсiлген жол бағдарлары бойынша тасымал; 
      7) тұрақты емес жолаушы тасымалы - тасымалдаушылар мен жай және заңды тұлғалар арасындағы, аралық бекеттерде жолаушыларды отырғызбай, бiр реттiк тасымалдау негiзiнде орындалатын тасымалдар. Бұл ретте автобустармен бағдардың барлық ұзақтығында жолаушылардың бiр ғана тобын жөнелту бекетiне жеткiзiледi немесе, дербес құрамы өзгерiссiз қалатын жолаушылар тобы автокөлiк құралының тiркелу мемлекетiнен басқа мемлекетке тасымалданады, ал автокөлiк құралы жолаушыларсыз қайтады."; 
      5-тармақ екiншi абзацтан кейiн мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "Үшiншi елдерге/ден жүк тасымалын жүзеге асыру кезiнде, әрбiр тасымалға шетел автокөлiк құралының үшiншi елден Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшiншi елге жүк тасымалына құқық беретiн жеке рұқсат берiлуге тиiс."; 
      7-тармақ "Қазақстан Республикасының" сөздерiнен кейiн ", егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдермен басқасы көрсетілмесе," сөздерiмен толықтырылсын; 
      9-тармақ мына редакцияда жазылсын: 
      "9. Шетел автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiнiң, жүктерге ерiп жүрушi немесе жолаушылар ретiнде жол жүрушi тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында болуы "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысымен бекiтiлген, Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiмен реттеледi." 
      12-тармақтың бiрiншi абзацында "Комитет" деген сөзден кейiн "және оның Аумақтық Көлiктiк бақылау басқармалары" сөздерiмен толықтырылсын; 
      13-тармақ мына мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: 
      "Шетелдiк тасымалдаушы транзиттiк жол жүрудi жүзеге асырған жағдайда, оның болу мерзiмi, тура бағытта және керi бағытта жүру кезiндегi Қазақстан Республикасының аумағында нақты болу уақыты болып табылады."; 
      16-тармақ мына мазмұндағы 16-1 тармағымен толықтырылсын: 
      "16-1. Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерi арасында автобустармен жолаушыларды тасымалдау Келiсiмдерде ескерiлген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. 
      Тұрақты тасымалды ұйымдастыру жөнiндегi ұсыныстар Келiсушi Жақтардың құзыреттi органдарымен бiр-бiрiне алдын ала берiледi. Келiсушi Жақтардың құзыреттi органдары жүру бағдарларын, қозғалыс кестелерiн, қолданылатын тарифтердi, тасымалдаушы жолаушыларды отырғызуды және немесе түсiрудi жүзеге асыруға тиiстi тоқтау бекеттерiн, сондай-ақ осы бағдарда жолаушы тасымалдарын жүзеге асыру мерзiмдерiн келiседi. 
      Тұрақты жолаушы тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы қызмет көрсетуге сәйкесiнше шарт жасай отырып, халықаралық қатынастағы автобустардың автовокзалға (автостанцияға) келуiн және кетуiн мiндеттi түрде қамтамасыз етуге тиiс. 
      Тұрақты емес жолаушы тасымалдарын автобустармен жүзеге асыру кезiнде Басқармамен расталған жолаушылардың тiзiмi бар болуы қажет."; 
      20-тармақтың бiрiншi абзацы мына редакцияда жазылсын: 
      "20. Рұқсат бланкiлерiн беру Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алымды төлегеннен кейiн жүзеге асырылады."; 
      26-тармақта "таратуды және" сөздерi алынып тасталсын; 
      27-тармақта "Басқармалармен" сөзi "Комитетпен" сөзiмен ауыстырылсын; 
      28-тармақ мына редакцияда жазылсын: 
      "28. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдауды тұрақты жүзеге асыруға рұқсат бланкiлерi, тұрақты халықаралық автобус бағытына қызмет етуге құқылы қолында келiсiмi, құзыреттi органдармен келiсiлген жүру бағытының сұлбасы, жүру кестесi, тарифтерi, жолаушыларды отырғызуды және (немесе) түсiрудi жүзеге асыруға тиiстi тоқтау бекеттерi, сондай-ақ тасымалдауды орындаудың белгiленген мерзiмi бар тасымалдаушыларға берiледi."; 
      30-тармақ мына мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: 
      "5) бұрын алынған, пайдаланылған рұқсаттарды қайтармауы."; 
      32-тармақ мына мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын: 
      "Бұл ретте бланкiнiң сәйкес графаларына тасымалдаушының атауы мен оның толық мекен-жайы жазылады."; 
      38-тармақта: 
      алтыншы абзац "оны беру орны бойынша" сөздерiнен кейiн "немесе түзетiлген жазбалардың расталмауынсыз" сөздерiмен толықтырылсын; 
      мына мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: 
      "Рұқсат бланкiлерiнде түзету жазбалары Басқарманың мөрiмен расталады." 
      40-тармақ мына мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: 
      "Қазақстандық тасымалдаушылар пайдаланған шетел рұқсат бланкiлерi оларды беру орны бойынша Басқармаларға мiндеттi тапсырылуға жатады."; 
      4-бөлiмнің атауындағы "салмақты" сөзi "көлiктiк" сөзiмен ауыстырылсын; 
      42-тармақта: 
      бiрiншi абзацта "салмақ бақылау бекетiнiң (СББ)" сөздерi "көлiктiк бақылау бекетi (КББ)" сөздерiмен және әрi қарай мәтiн бойынша "СББ" сөзi "КББ" сөзiмен ауыстырылсын; 
      1)-тармақша "тахографтың немесе жүргiзушілердiң еңбек және демалыс режимiн есепке алуды тiркеу парағын" сөздерiмен толықтырылсын; 
      мына мазмұндағы 42-1, 42-2 тармақтармен толықтырылсын: 
      "42-1. Жолаушыларды тұрақты тасымалдау кезiнде КББ қызметкерi: 
      автокөлiктегi құзыреттi органның мөрiмен расталған (шетелдiк тасымалдаушылар үшiн аталған құжаттар Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң бланкiсiнде ресiмделедi және оның мөрiмен расталады, ал отандық тасымалдаушылар үшiн бағыты оның аумағы бойынша өтетiн мемлекеттiң құзыреттi органы растайды) жолаушыларды осы бағыт бойынша тасымалдау куәлiгiн не оның рұқсат көшiрмесiнiң түпнұсқасының; 
      бағыты оның аумағы бойынша өтетiн мемлекеттің құзыреттi органымен келiсiлген осы бағыт бойынша қозғалыс кестесiнiң (автобустың салонында) түпнұсқасы немесе көшiрмесiнiң; 
      бағыты олардың аумағы бойынша өтетiн мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен келiсiлген шекара өткелдерiн көрсете отырып (автобустың салонында) бағыт сұлбасының бар болуын тексередi. 
      42-2. Жолаушыларды тұрақты емес тасымалдау кезiнде КББ қызметкерi: 
      халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға құқық беретiн (шетелдiк тасымалдаушыларда - егер олардың iшкi заңнамасымен ескерiлген болса), есептiк құжаттардың (лицензиялардың);
      егер Келiсiммен ескерiлген болса, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүруге рұқсаттың;
      Басқармамен расталған жолаушылардың тiзiмiнiң;
      шетел автокөлiк құралының кiруiн (рұқсатсыз жүйе қолданылатын мемлекеттердiң тасымалдаушылары үшiн) тiркеу талонының бар болуын тексередi.";
      43-тармақтың 2-тармақшасында "автопоездың нақты массасы арнайы рұқсатта көрсетiлгеннен аспаса" сөздерiмен толықтырылсын;
      44-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "44. КББ қызметкерi автокөлiк құралдарының жол жүру бұзушылықтары туралы және оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданған шаралары туралы жоғары тұрған басшылыққа белгiленген тәртiппен хабарлауға мiндеттi.";
      46-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын;
      ереженің 1-қосымшасында:
      "1-Р" сөздерi "АВТО-3" сөздерiмен ауыстырылсын;
      ереженiң 2-қосымшасында:
      кестенi үшiншi бағаннан кейiн "Жүктердiң атауы және тасымалдау көлемi" төртiншi бағанымен толықтырылсын;
      4, 5, 6, 7 бағаналарды 5, 6, 7, 8 бағаналарға сәйкес санау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады