Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 қарашадағы N№433 қаулысымен бекітілген Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыру ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 13 шілде N 283 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 14 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1628. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол жасалмайтын төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы
                                ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 қарашадағы N 433 қаулысымен бекітілген Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және өзгерістер мен толықтырулар және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
      2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 қарашадағы N 433 V001352_ қаулысымен бекітілген Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыру ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыру ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.
 

     Ұлттық Банк

      Төрағасы                                           



                                               Қазақстан Республикасының



                                               Ұлттық Банкі Басқармасының

                                               2001 жылғы 13 шілдедегі

                                               N 283 қаулысымен

                                               бекітілген



 
 
            Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
            "Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында
               қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыру
             ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 қарашадағы
                       №N 433 қаулысымен бекітілген
            Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында
              қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыру
                   ережесіне өзгерістер мен толықтырулар
 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 қарашадағы N 433 қаулысымен бекітілген Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыру ережесіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1-тармақтағы "қолданылатын төлем құжаттарын" деген сөздер "қолданылатын төлем құжатын" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 2-тармақ алынып тасталсын.
      3. 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдер төлем құжаты болып табылатын төлем ордері негізінде жүзеге асырылады.".
      4. 5-тармақтағы және бұдан әрі мәтін бойынша "төлем құжаттары", "төлем құжаттарын", "төлем құжаты", "төлем құжаттарының", "төлем құжатының", "төлем құжатына", "төлем құжатын" деген сөздер тиісінше "төлем ордерлері", "төлем ордерін", "төлем ордері", "төлем ордерінің", "төлем ордеріне", "төлем ордерін" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. Бұл өзгерістің қазақ тіліндегі мәтініне ешқандай қатысы жоқ.
      6. 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Осы Ереженің Қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлем ордері клиенттің банктік есепшотына қызмет көрсету, клиенттің салымы (депозиті) бойынша сыйақы есептеу кезінде, басқа жағдайларда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық кесімдерінде және/немесе клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында жасалған шартта тікелей көзделген қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыру кезінде пайдаланылады.".
      Банкке осы Ережеде көзделген нысаннан басқа төлем ордерінің өзге нысанын пайдалануға рұқсат етіледі.".
      7. 7-тармақтың:
      бірінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Банк қолданылатын төлем ордерінің басқа нысанында мынадай деректемелер болуы тиіс:";
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) "Төлем ордерінің" атауы";.
      2) тармақшаның үшінші сөйлеміндегі "ресімделген" деген сөз "ресімделетін" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6) тармақшадағы "(бұдан әрі - СТН) (қолданылып жүрген заңдарға сәйкес СТН қоюды қажет етпейтін вексельдер мен басқа төлем құжаттарын қоспағанда)" деген сөздер алынып тасталсын;
      7) тармақшадағы "(бұдан әрі - Ұлттық Банк)" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген ақша жіберушінің коды (КОд) және бенефициар коды (КБе).".
      8. 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Бастамашысы заңды тұлға-клиент болып табылатын қағазға басылған төлем ордерінде қол қою үлгілері мен мөрдің бедері бар құжатқа сәйкес клиенттің уәкілетті адамдарының қойған қолы және мөрдің бедері болуы тиіс.
      Бастамашысы жеке тұлға-клиент немесе заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға-клиент болып табылатын қағазға басылған төлем ордерінде қол қою үлгілері мен мөрдің бедері бар құжатқа сәйкес клиенттің қойған қолы және мөрдің бедері болуы тиіс.".
      9. 9-тармақтың:
      "Бастамашысы банк болып табылатын" деген сөздерден кейін "қағазға басылған" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші азатжолмен толықтырылсын:
      "Төлем ордерін электронды әдіспен ресімдеуге рұқсат етіледі.".
      10. 11-тармақтағы "оларды қайтарып алу немесе орындалуын тоқтата

 

тұру" деген сөздер "оны қайтарып алу немесе орындалуын тоқтата тұру" деген

сөздермен ауыстырылсын;

     11. 12-тармақтағы:

     "оларды қайтарып алу немесе орындалуын тоқтата тұру" деген сөздер

"оны қайтарып алу немесе орындалуын тоқтата тұру" деген сөздермен

ауыстырылсын;

     мынадай мазмұндағы екінші азатжолмен толықтырылсын:

     "Төлем ордерін электронды әдіспен берген кезде егер клиент пен оған

қызмет көрсететін банктің арасында жасалған шартта басқаша көзделмеген

болса осы төлем ордерін қағазбен қосымша беруді талап етпейді.".

     12. Бұл өзгерістің қазақ тіліндегі мәтініне ешқандай қатысы жоқ.

     "оларды" деген сөз "оны" деген сөзбен ауыстырылсын;

     13. Бұл өзгерістің қазақ тіліндегі мәтініне ешқандай қатысы жоқ.

     14. "олардың" деген сөз "оның" деген сөзбен ауыстырылсын;

     15. 4-тараудың атауындағы "олардың" деген сөз "оның" деген сөзбен

ауыстырылсын;

     16. Бұл өзгерістің қазақ тіліндегі мәтініне ешқандай қатысы жоқ.

     17. 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "Клиенттің банктік есепшотын дебеттеу/кредиттеу кезінде банк

клиенттің банктік есепшотынан клиент пен оған қызмет көрсететін банктің

арасында жасалған шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде көшірме беру

арқылы оның банктік есепшотынан ақшаның алынуы/есептелуі туралы оған

хабарлайды.".




     Ұлттық Банк

      Төрағасы    




     Мамандар:

             Омарбекова А.Т.

             Багарова Ж.А.  





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады