Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 12 сәуiрдегi N 106 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 6 тамыздағы N 305 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 қарашада тіркелді. Тіркеу N 1691. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкi басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 380 (V032589) қаулысымен.

      Кредиттiк серiктестiктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 12 сәуiрдегi N 106 қаулысымен  бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн, өзгерiстер мен толықтырулар және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 12 сәуiрдегi N 106 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және кредиттiк серiктестiктерге жiберсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 6 тамыздағы
N 305 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
1997 жылғы 12 сәуiрдегi N 106 қаулысымен бекiтiлген
Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгерiстер мен
толықтырулар

      1. Кiрiспедегi және бұдан әрi бүкiл мәтiн бойынша "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығына" "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығының" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кредиттiк серiктестiктердiң қызметi "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, Ұлттық Банктiң басқа да заңнамалық кесімдерімен және нормативтiк құқықтық кесімдерімен, сондай-ақ осы Ережемен реттеледi.".
      3. 5-тармақтың соңғы азатжолы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Банк кредиттiк-депозиттiк серiктестiк болып қайта құрылған жағдайда ол ұйымдық-құқықтық нысандағы жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк болып құрылады.".
      4. 13-тармақтың:
      2) тармақшасындағы және бүкiл мәтiн бойынша "қазақ" деген сөз "мемлекеттiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) аяқталған соңғы қаржы жылындағы баланстық есептер және құрылтайшы заңды тұлғалардың кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталындағы уәкiлеттi аудиторлық ұйымдар (аудиторлар) куәландырған он процентке тең немесе одан асатын үлесi бар қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есептер, сондай-ақ бiрiншi басшы, бас бухгалтер қол қойған және кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлесi он процентке тең немесе одан асатын құрылтайшы болып табылатын ұйымның мөрiмен куәландырылған соңғы есеп берiлетiн тоқсандағы баланстық есептер және қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есептер;";
      6) тармақша алынып тасталсын.
      5. 18-тармақтағы а), б), в), г), д) және е) тармақшалардың нөмiрлерi тиiсiнше 1), 2), 3), 4), 5) және 6) нөмiрлермен ауыстырылсын.
      6. 21-тармақтың:
      бiрiншi бөлiгiндегi "Банктiк қадағалау департаментiнiң" деген сөздер "Ұлттық Банктiң банктiк қадағалауды жүзеге асыратын бөлiмшелерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiгiндегi "күшi жойылған" деген сөздер "қайтарып алынған" деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. 22-тармақтағы:
      а), б), в) тармақшалардың нөмiрлерi тиiсiнше 1), 2), 3) нөмiрлермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы "жалпы шарттарын" деген сөздер "Жалпы шарттар туралы ереженi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      8. 22-1-тармақтағы "сыйақы (мүдде) ставкасын, сондай-ақ банк операцияларымен қызмет көрсеткенi үшiн тарифтер белгiлей отырып" деген сөздер "сондай-ақ Операциялар жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ережемен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      9. 26-тармақтағы:
      үшiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банк қайта құрылуға рұқсат алғаннан кейiн Ұлттық Банкпен келiсiлген, бiрақ рұқсат берiлген күннен бастап алты айдан аспайтын мерзiмде өз мiндеттемелерiн өтеудi қамтамасыз етуге мiндеттi, бұған құрылатын кредиттiк серiктестiктiң қатысушы заңды тұлғаларының жарғылық капиталына жарналарының сомасынан аспайтын құрылатын кредиттiк серiктестiктiң осы қатысушыларының депозиттерi бойынша мiндеттемелер кiрмейдi.";
      төртiншi азатжол алынып тасталсын.
      10. 27-тармақтың бiрiншi азатжолындағы екiншi сөйлем алынып тасталсын.
      11. 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "28. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алуды және оның кассалық және аударым операцияларынан басқа, банктiк және басқа операциялар жүргiзуге берiлген лицензиясын қайтарып алуды (тиiстi негiздемелердi көрсете отырып) кредиттiк серiктестiктер ашуға рұқсат берумен бiр уақытта жүргiзiледi.
      Кредиттiк серiктестiк болып қайта құрылатын банктiң касса және аударым операцияларын жүргiзу операцияларына берiлген лицензиясы кредиттiк серiктестiк ретiнде қайта құрылатын банктiң мемлекеттiк тiркелген күнiне дейiн қолданылады.
      Кредиттiк серiктестiк болып қайта құрылатын банктiң банктiк және басқа операциялар жүргiзуге берiлген лицензиясы қайтарып алынған кезден бастап, касса және аударым операцияларын қоспағанда, банктiк және басқа операцияларды жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      Қайта құрылған кредиттiк серiктестiк әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде банктiк және басқа операцияларды жүргiзуге берiлген лицензияны Ұлттық Банкке қайтаруға және лицензия беру туралы Ұлттық Банкке өтiнiш жасауға мiндеттi.";
      12. 29-тармақтың:
      1)-тармақшасындағы "(қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер үшiн өз қатысушыларының қосымша жауапкершiлiгiнiң сомасынан аспайтын мөлшерде)" деген сөздер алынып тасталсын;
      7)-тармақшасындағы "клиенттердiң" деген сөзден кейiн "құжаттамалық нысанда шығарылған" деген сөздермен толықтырылсын;
      11-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) лизинг қызметiн жүзеге асыру.";
      мынадай мазмұндағы азатжолдармен толықтырылсын:
      "Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысанындағы кредиттiк-депозиттiк серiктестiк өз қатысушыларының қосымша жауапкершiлiгiнiң сомасынан аспайтын мөлшерде серiктестiктiң қатысушылары болып саналмайтын заңды тұлғалардың депозиттерiн қабылдауды, банктiк есепшоттарын ашуды және жүргiзудi жүзеге асыруға құқылы.
      Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк нысанындағы кредиттiк-депозиттiк серiктестiк кредиттiк-депозиттiк серiктестiктiң қатысушылары болып саналмайтын заңды тұлғалардың жалпы сомасы кредиттiк-депозиттiк серiктестiктiң меншiктi капиталының елу процентiнен аспауға тиiстi депозиттерiн қабылдауды, банктiк есепшоттарын ашуды және жүргiзудi жүзеге асыруға құқылы.".
      13. 32-тармақтағы а), б), в), г), д) және е) тармақшалардың нөмiрлерi тиiсiнше 1), 2), 3), 4), 5) және 6) нөмiрлермен ауыстырылсын.
      14. 33-тармақтағы а), б), в) тармақшалардың нөмiрлерi тиiсiнше 1), 2), 3) нөмiрлермен ауыстырылсын.
      15. 37-тармақтағы:
      а), б), в) тармақшалардың нөмiрлерi тиiсiнше 1), 2) 3) нөмiрлермен ауыстырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабында белгiленген негiздемелер бойынша барлық немесе жекелеген банктiк операциялар жүргiзуге берiлген лицензиялардың қолданылуын тоқтату не қайтарып алу;".
      16. 38-тармақтағы:
      а), б), в), г), д), е) және ж) тармақшалардың нөмiрлерi тиiсiнше 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) нөмiрлермен ауыстырылсын;
      "күшiн жою", "күшiн жояды" деген сөздер "қайтарып алу", "қайтарып алады" деген сөздермен ауыстырылсын.
      17. 39-тармақтағы:
      а), б), в), г), д) және е) тармақшалардың нөмiрлерi тиiсiнше 1), 2), 3), 4), 5) және 6) нөмiрлермен ауыстырылсын;
      5) тармақшаның екiншi азатжолындағы "Басқарманың" деген сөз "Директорлар кеңесiнiң" деген сөздермен толықтырылсын.
      18. 40-тармақтағы а) және б) тармақшалардың нөмiрлерi тиiсiнше 1) және 2) нөмiрлермен ауыстырылсын.
      19. 45-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "в) және д) тармақшалары" деген сөздер "в), д) және ж) тармақшалары" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады