Балалар тағамдарын шығару жөнiндегi қондырғы үшiн республикалық бюджетке тауар кредитiн өтеу туралы

Күшін жойған

IІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының VІIІ сессиясының 2001 жылғы 19 қаңтардағы шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасымен 2001 жылғы 28 ақпанда N 292 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2011 жылғы 8 шілдедегі N 456 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXXV сессиясының 2011 жылғы 8 шілдедегі N 456 шешімімен.

      РҚАО Ескертпесі: N 02-11 және 227 2005 жылғы 20 қаңтардағы Алматы қалалық Әділет департаменті хатының негізінде шешім "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабымен көзделген нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге жатпайды және онсыз қолданылады.

      "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы"  Z934100_ Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Балалар тағамдарын шығаруға арналған қондырғыларды Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы"  P001190_ 2000 жылғы 4 тамыздағы N№1190 Қаулысына, Алматы қаласы Әкiмiнiң "Бөбек" балалар тағамдарын шығару жөнiндегi зауыты" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын құру туралы" 2000 жылғы 16 қарашадағы N 1071 шешiмiне сәйкес II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты 
                       ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ: 
      1. Алматы қаласының Әкiмiне 18640250 (он сегiз миллион алты жүз қырық мың екi жүз елу) АҚШ доллары (теңге бағамы бойынша) көлемiнде тауар кредитi нысанында (балалар тағамдарын шығаруға арналған қондырғы) Республикалық бюджеттен қаражат тартуға рұқсат етiлсiн. 
      2. 2004-2010 жылдардағы Алматы қаласының бюджетiнде 18640250 (он сегiз миллион алты жүз қырық мың екi жүз елу) АҚШ доллары (теңге бағамы бойынша) сомасындағы займды қайтару және оған қызмет көрсету бойынша мiндеттеменi өтеу кестесiне, Алматы қаласының Әкiмi мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi арасындағы қаражат тарту туралы кредиттiк келiсiмде қарастырылған шарттарға және тәртiптерге сәйкес қаражат қарастырсын, қоса беріліп отыр. 
      3. Алматы қаласының Әкiмi қондырғыны және "Бөбек" балалар тағамдарын шығару жөніндегі зауыты" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын жалпы тауар кредитті үшін толық есеп айырысқанға дейін коммуналдық меншікте сақтау бойынша қажеттi шаралар қабылдасын.
      4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау экономика және өндiрiстi дамыту жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға (А.И. Шелипанов) және Алматы қаласының Әкiмiнiң бiрiншi орынбасарына Қ.А. Бүкеновке жүктелсiн.  

     II-сайланған Алматы қалалық
     Мәслихатының VIII-сессиясының 
     төрағасы

     II-сайланған Алматы қалалық
     Мәслихатының хатшысы

II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихаты VIII-шi сессиясының
2001 жылы 19 қаңтардағы
қосымша
 

  Балалар тағамдарын шығару жөнiндегi қондырғы
үшiн республикалық бюджетке 18640250
АҚШ доллары көлемiндегi
тауар кредитiн өтеу кестесi

жылдары

Млн. АҚШ доллары көлемiндегi кредиттi өтеудiң жылдық сомасы

өтеу көздері 

2001-
2003

Пайдалануға беру, жобалық қуаттылыққа шығу

"Бөбек" балалар тағамдарын шығару жөнiндегi зауыт", коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорыны

2004

1,6

2005

2,0

2006

2,7

2007

3,0

2008

3,0

2009

3,0

2010

3,340250

Жиыны:

18,640250


        II-сайланған Алматы қалалық 
     Мәслихаты VIII-шi сессиясының
     төрағасы            

     II-сайланған Алматы қалалық
     Мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады