Жерлерді аймақтарға бөлудің облыстық схемасын бекіту және 2002 жылы жерге салынатын негізгі салық ставкаларын түзету туралы

Күшін жойған

II шақырылған Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының XII сессиясының шешімі 2001 жылғы 21 желтоқсандағы N 12/12-II. Шығыс Қазақстан облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 24 қаңтарда N 653 тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының 2011 жылғы 20 мамырдағы N 170/01-06 хаты)

      Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының 2011.05.20 N 170/01-06 хаты).

      Жерлерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру және жер ресурстарын қорғау жөніндегі 2000 жылғы 2 тамыздағы облыс әкімінің N 888 шешімімен бекітілген жерді иелену құқығын қамтамасыз етудің аймақтық Бағдарламасымен қалалар мен аудандар әкімдеріне, жер ресурстары жөніндегі облыстық комитетке жер заңнамасына сәйкес 2000-2002 жылдарға дейінгі мерзімде жерлерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) әзірлеу және бекіту тапсырылған. Санаттар бойынша жерлерді аймақтарға бөлудің бірінші кезеңі аяқталды.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Z010148_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 15 тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" K010209_ Қазақстан Республикасы Кодексінің 338 бабының 1 тармағына және "Жер туралы" Z010152_ Заңның 7 бабының 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты     ШЕШІМ қабылдады:
      1.Облыс жерлерін аймақтарға бөлудің Схемасы қосымшаға сәйкес негізгі көрсеткіштермен бекітілсін.
      2. Қалалар мен аудандардағы жерлерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) орындауды аяқтағанға дейін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" K010209_ Қазақстан Республикасы Кодексінің 332,334 баптарында көзделген негізгі ставкаларға 2002 жылға арналған мынадай арттыратын түзету коэффициенттері белгіленсін:
      - облысқа бағынатын қалалардағы (Өскемен, Лениногор, Курчатов, Семей, Аякөз, Зырян қалалары) елді мекендер жерлеріне - 30 пайызға;
      - қалған елді мекендер жерлеріне -20 пайызға;
      - елді мекендер шегінен тысқары орналасқан өнеркәсіп жерлеріне - 30 пайызға.
      Елді мекендер шегінде, бірақ қоныстану аумағы шектерінен тысқары орналасқан өнеркәсіп жерлеріне (335 баптың 2 тармағы) негізгі ставкалар 10 пайызға кемітілсін.
      Жерлердің қалған санаттарына (329,330,331) жергілікті өкілетті органдармен 2001 жылға арналып бұрын қабылданған коэффициенттер қолданылсын.
      3. Жергілікті өкілетті органдарға, қалалар мен аудандардың әкімдеріне 2002 жылға арналған жергілікті бюжеттерде жерлерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) орындау үшін қаражаттар көздеу ұсынылсын. Қала құрылысын салу, экологиялық және басқа нормативтерді ескере отырып қалалар мен аудандарда жерлерді аймақтарға бөлу жобаларының (схемаларының) екінші кезеңін жүргізу жөніндегі жұмыстарды 2002 жылғы 1 желтоқсанға дейін аяқтасын.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бюджет, экономикалық реформалар және аймақтық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
      5. Шешім Шығыс Қазақстан облыстық әділет басқармасында тіркелгеннен кейін заңды күшіне енеді.

     Сессия төрағасы                                   

     Шығыс Қазақстан облыстық
     мәслихатының хатшысы                            

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2001 жылғы 21 желтоқсандағы     
12/12-II шешіміне қосымша      

Шығыс Қазақстан облысы жерiн аймақтарға бөлу
схемасының негiзгi көрсеткiштерi

                                                             (мың.га)

---------------------------------------------------------------------

  N             Жер санаты           Жер қорының бөлiнуi             Жалпы

Р/с                               Бүгiнгi        Келешекте         көлемiн

                               жердiң    а/ш    жердiң     а/ш      өзгерту

                              барлығы алқаптары барлығы алқаптары

---------------------------------------------------------------------------

  1  А/ш мақсатындағы жер      4546.5   4292.5  12540.8   12486.6   +7994.3

  2  Елдi мекендердiң жерi     2885.9   2702.8   2889.6    2706.5      +3.7

  3  Өнеркәсiп, көлiк,          205.7     85.9    190.7      86.0     -15

     байланыс, қорғаныс жерi

     және а/ш арналмаған өзге

     де жер

  4  Ерекше қорғалатын табиғи   140.5     26.6   1213.4     225.3   +1072.9

     аумақтардың жерi

  5  Орман қорының жерi        3376.7    531.7   2846.7     484.5    -530.0

  6  Су қорының жерi            553.1     21.1    774.6      21.1    +221.5

  7  Босалқы жер              16640.7  15018.0   7866.8    6642.1   -8747.4

  8  Жер жиыны:               28349.1  22678.6  28322.6   22652.1

     Облыс жерiнен шеткерi       26.5     26.5       -         -         -

     жерлердi пайдалану

     Облыс аумағы             28322.6  22652.1  28322.6   22652.1        -

---------------------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады