1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі
агенттігі төрағасының 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 2 V011413_ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді есептеу техникасының құралдарын пайдаланумен өңдеу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі Нұсқаулықтың 32-тармағындағы "бірақ осы объектілерде пайдаланылатын импорттық есептеу құралдары арнайы тексеруден өткізілуге тиіс" деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді. Агенттік төрағасы Мамандар: Омарбекова А.Т. Жұманазарова А.Б.