"Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 бұйрығына N 69 өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 14 ақпандағы N 58 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 16 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1800. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

  -----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

      21. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 14 ақпандағы N 58 (тіркелген N 1800) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы бұйрығына N 69 өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------

                            БҰЙЫРАМЫН: 
      1. "Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715  V991058_  бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында: 
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 
      12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобындағы 1 "Автомобиль көлiгi" iшкi функциясындағы 274 "Жергіліктi бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көлiктiң атқарушы органы" бағдарламалар әкiмшiсi бойынша 052 "Орал қаласы ауданында Орал өзенi арқылы көпiр салу үшiн темiр бетондық көпiр конструкцияларын сатып алу" бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "052 Орал қаласы ауданында Орал өзенi арқылы көпір салу үшiн құрылыс материалдарын және конструкциялар сатып алу" 
      15 "Ресми трансферттер" функционалдық тобындағы 1 "Ресми трансферттер" iшкi функциясындағы 105 "Әкiм аппараты" бағдарламалар әкiмшiсi бойынша 054 "Облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен алынатын трансферттер" бағдарламасындағы 030 "Аудандық (қалалық) бюджеттерге алынатын мақсатты трансферттер" кiшi бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
     "030 Аудандық (қалалық) бюджеттерге алынатын мақсатты инвестициялық трансферттер".
     2. Заң қызметi департаментi (Қ. Әбдiқалықов) және Мемлекеттiк бюджет департаментi (Б. Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енедi және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

     Премьер-Министрдің орынбасары
     Қаржы министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады