"Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 70 өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 15 наурыздағы N 111 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1812. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

-----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

     23. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 15 наурыздағы N 111 (тіркелген N 1812) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы бұйрығына N 70 өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------

      БҰЙЫРАМЫН: 
      1. "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715  V991058_ бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: 
      бюджеттік шығыстардың функционалдық сыныптамасында: 
      2 "Қорғаныс" функционалдық тобында: 
      1 "Әскери мұқтаждар" кіші функциясында 105 "Әкімдер аппараты" бағдарлама әкімшісі мынадай мазмұндағы 038 және 040-бағдарламалармен толықтырылсын: 
      "038 Шақыру бекеттерін күрделі жөндеу 
      040 Шақыру бекеттерінің материалдық-техникалық базасын нығайту"; 
      7 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында: 
      2 "Коммуналдық шаруашылық" кіші функциясында 274 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көліктің атқарушы органы" бағдарлама әкімшісі мынадай мазмұндағы 048-бағдарламамен толықтырылсын: 
      "048 Атырау облысының елді мекендерін газдандыру"; 
      3 "Сумен жабдықтау" кіші функциясында 273 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын инфраструктура мен құрылыс атқару органы" бағдарлама әкімшісі бойынша 041 "Атырау облысының елді мекендерінде блоктық су тазарту үй-жайларын салу" бағдарламасы мынадай мазмұндағы 030 және 031-кіші бағдарламалармен толықтырылсын: 
      "030 Республикалық бюджеттен алынатын трансферттердің есебінен жобаларды жергілікті деңгейде іске асыру 
      031 Жергілікті атқарушы органның заемдары есебінен жобаларды жергілікті деңгейде іске асыру"; 
      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобында: 
      2 "Су шаруашылығы" кіші функциясында 105 "Әкімдер аппараты" бағдарлама әкімшісі мынадай мазмұндағы 068-бағдарламамен толықтырылсын: 
      "068 Алматы облысы Қаратал ауданының инженерлік-ирригациялық жүйесін қайта жаңарту"; 
      13 "Басқалар" функционалдық тобында: 
      9 "Өзге де" кіші функциясында: 
      105 "Әкімдер аппараты" бағдарлама әкімшісі бойынша 038 "Көкшетау қаласына қоныс аударған мемлекеттік қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету", 040 "Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жаңа жүйесін енгізу" және 068 "Аймақтық инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру" бағдарламалары алынып тасталсын; 
      мынадай мазмұндағы 259-бағдарлама әкімшісімен және 036-бағдарламамен толықтырылсын: 
      "259 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық меншіктегі атқарушы орган 
      036 Исатай ауданының Аққыстау қыстағында шелектеп құйған жауыннан болған қирағандарды қайта қалпына келтіру"; 
      16 "Қаржыландыру" функционалдық тобы мынадай мазмұндағы 2-кіші функциямен, 217-бағдарлама әкімшісімен және 030-бағдарламамен толықтырылсын:
     "2 Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногындағы операциялар
     217 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
     030 Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу".
     2. Заң қызметі департаменті (Қ. Әбдіқалықов) және Мемлекеттік бюджет департаменті (Б. Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

     Премьер-Министрдің орынбасары -
            Қаржы министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады