Қазақстан Республикасы "Әділет органдары туралы"
Заңының
7 бабына 2002 жылғы 18 наурыздағы, Қазақстан Республикасының "Сот сараптамасы туралы"
Заңының
15-бабына сәйкес, бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің 16 наурыздағы 1998 жылғы N
181
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының сот сарапшыларына біліктілік атағын берудің Ережесін бекіту туралы" келесідей өзгерту енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының сарапшыларына біліктілік сот сараптамасы атағын беру тәртібі Ережесі жоғарда аталған бұйрықпен бекітілген.
Бірінші абзацтың 4 тармағында:
", құрамы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бекітіледі" сөзі алып тасталсын;
екінші абзац келесідей редакцияда жазылсын:
"Біліктілік комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығы директорының ұсынысымен бекітіледі".
Министр