Ғылыми қызметкерлердің құқықтарын іске асыру және республиканың кадрлық әлеуетін нығайту мақсатында бұйырамын:
1. "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2001 жылғы 4 маусымдағы N 422
бұйрығына
мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми дәрежелер беру ережелерінің 43-тармағындағы:
"сондай-ақ шетелде диссертация қорғауға ЖАҚ рұқсатын алмаған ізденушілердің құжаттары" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Жоғары аттестациялық комитет (А.Қ. Құсайынов) жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестаттау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді осы бұйрыққа сәйкес келтірсін.
3. Құқықтық қамтамасыз ету және аудит басқармасы (М.М. Күзембаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Ғ.М. Мұтановқа жүктелсін.
Министр