Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің мемлекеттік мекемелердің әскери қызметшілері емес қызметкерлеріне мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу Ережесін және Қазақстан Респубикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінде қызметкерлердің қызмет атқарған жылдарына үстемеақы белгілеу Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2002 жылғы 30 сәуірдегі N 71 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 7 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1871. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 55 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2008.04.08 N 55 Бұйрығымен.

      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің мемлекеттік мекемелердің әскери қызметшілері емес қызметкерлеріне мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу Ережесі (1-қосымша);
      2) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінде қызметкерлердің қызмет атқарған жылдарына үстемеақы белгілеу Ережесі (2-қосымша) бекітілсін.
      2. Бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының кадр және қаржы бөлімшелерінің қызметкерлері, жұмыскерлері мен қызметшілері таныстырылсын.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап іске енеді және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға қатысты.

     Комитет Төрағасы

     КЕЛІСІЛДІ:
     Қазақстан Республикасының
     Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
     Министрі

Қазақстан Республикасы  
ҰҚК Төрағасының     
2002 жылғы 30 сәуірдегі 
N 71 бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары
жүйесінің мемлекеттік мекемелердің әскери қызметшілері емес
қызметкерлеріне мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу
ЕРЕЖЕСІ 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 P020041_ қаулысына сәйкес әзірленді.
 

      2. Ереже Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінде мемлекеттік мекемелердің әскери қызметшілері емес қызметкерлеріне мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу тәртібі мен шарттарын анықтайды.
 

      3. Ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің әскери қызметшілері емес және дәрігерлік, фармацевтикалық, орта және кіші медицина персоналдары санатына жататын қызметкерлерінің және оқу-ағарту жұмыскерлерінің және оларға тең адамдардың, ғылыми-педагогикалық және ғылым адамдарының мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу, Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Қазақстан Республикасы ҰҚК нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
 

2-тарау. Жұмыс стажы есептелетін кезеңдер
 

       4. Мамандық бойынша жұмыс стажына ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінде және басқа да ұйымдарда ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына қарамастан сол мамандық бойынша істеген жұмысының барлық уақыты есептеледі, сондай-ақ:
 

      1) мемлекеттік қызметте сол мамандығы бойынша болу;
 

      2) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлік құрамдағы адамдардың, прапорщиктердің, мичмандардың, Қарулы күштердегі мерзімсіз қызметтегі әскери қызметшілердің, ішкі, шекара әскерлерінде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс басқармалары органдары мен бөлімшелерінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдары жүйесінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында міндетті әскери қызметін өткерген;
 

      3) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, басшы құрамдағы адамдардың ішкі істер органдары жүйесіндегі қызмет, прокуратура органдарындағы қызмет, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының сот аппараттарында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетінде жұмыс істеген;
 

      4) КСРО Мемлекеттік банкі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жүйесінде жұмыс істеген;
 

      5) жүктілігі және босануы бойынша демалыс, сондай-ақ заңнамаға сәйкес, бала күтуіне байланысты еңбекақысының сақталуынсыз берілген қосымша демалыс;
 

      6) егер шетелге жіберер алдында қызметкер ұлттық қауіпсіздік органдарында жұмыс істеген болса және көшу уақытын қоспағанда, шетелден қайтып келген күнінен бастап екі айдың ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке тұрса, шетелде жұмыс істеген;
 

      7) Қазақстан Республикасы Парламент депутатының, мәслихат депутатының уәкілеттігін жүзеге асыру;
 

      8) егер қызметкер курсқа түскенге дейін ұлттық қауіпсіздік органдарында жұмыс істесе және оны бітірген соң қайта оралса, оның ұлттық қауіпсіздік органдар жолдамасымен кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында жұмыстан қол үзіп оқыған;
 

      9) ұйымдарда ұлттық қауіпсіздік органдардағы мамандықтармен бірдей мамандықтар бойынша қызметтерде жұмыс істеген уақыты кіреді.
 

3-тарау. Жұмыс стажын белгілеу үшін құжаттарды ресімдеу тәртібі
 

       5. Осы Тәртіпке сәйкес есептелетін мамандық бойынша жұмыс стажы күнтізбелік есептеуде ескеріледі.
 

      6. Күнтізбелік ай ішінде лауазымдық жалақысын көбейту құқығы туындаған қызметкерлерге, стажын ескере отырып лауазымдық жалақысын есептеу, осындай құқық туындаған күннен бастап жүзеге асырылады.
 

      7. Мамандығы бойынша жұмыс стажын Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының немесе тиісті ведомство, аумақтық және ҰҚК өзге де орган басшысының бұйрығымен бекітетін еңбек стажын белгілеу жөніндегі комиссия анықтайды.
 

      8. Мамандығы бойынша жұмыс стажын белгілеу жөніндегі комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Шешімнен үзінділер екі данада жасалады және: бір данасы - кадр қызметіне, екіншісі - қаржы бөлімшесіне беріледі.
 

      9. Мамандығы бойынша жұмыс стажын анықтау үшін қызметкердің еңбек жолын растайтын құжат еңбек кітапшасы (ол бар болғанда) немесе жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босату туралы бұйрықтардың үзінділері болып табылады.

Қазақстан Республикасы  
ҰҚК Төрағасының     
2002 жылғы 30 сәуірдегі 
N 71 бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары
жүйесінде қызметкерлердің қызмет атқарған жылдарына
үстемеақы белгілеу
ЕРЕЖЕСІ 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 P020041_ қаулысына сәйкес әзірленді.
 

      2. Ереже Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдар жүйесінде атқарған жұмысына пайыздық үстемеақы белгілеу үшін, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің жұмыс стажын есептеу тәртібі мен шарттарын анықтайды.
 

2-тарау. Жұмыс стажы есептелетін кезеңдер
 

       3. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарында атқарған жұмысына пайыздық үстемеақы алуға құқық беретін жұмыс стажына ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінде істеген барлық жұмыс уақыты, сондай-ақ:
 

      1) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлік құрамдағы адамдардың, прапорщиктердің, мичмандардың, Қарулы күштердегі мерзімсіз қызметтегі әскери қызметшілердің, ішкі, шекара әскерлерінде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс басқармалары органдары мен бөлімшелерінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдары жүйесінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында міндетті әскери қызметін өткерген;
 

      2) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, басшы құрамдағы адамдардың ішкі істер органдары жүйесіндегі қызмет, прокуратура органдарындағы қызмет, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының сот аппараттарында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетінде жұмыс істеген;
 

      3) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСРО-ның соттарында, прокуратура, ішкі істер органдарында, КСРО-ның мемлекеттік қауіпсіздік органдарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік және Мемлекеттік тергеу комитеттерінде қызмет атқарған жылдарына үстемеақы алуға құқық беретін лауазымдағы жұмыс істеген;
 

      4) КСРО Мемлекеттік банкі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жүйесінде жұмыс істеген;
 

      5) жүктілігі және босануы бойынша демалыс, сондай-ақ заңнамаға сәйкес, бала күтуіне байланысты еңбекақысының сақталуынсыз берілген қосымша демалыс;
 

      6) егер шетелге жіберер алдында қызметкер ұлттық қауіпсіздік органдарында жұмыс істеген болса және көшу уақытын қоспағанда, шетелден қайтып келген күнінен бастап екі айдың ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке тұрса, шетелде жұмыс істеген;
 

      7) егер қызметкер курсқа түскенге дейін ұлттық қауіпсіздік органдарында жұмыс істесе және оны бітірген соң қайта оралса, оның ұлттық қауіпсіздік органдар жолдамасымен кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында жұмыстан қол үзіп оқыған;
 

      8) ұйымдарда ұлттық қауіпсіздік органдардағы мамандықтармен бірдей мамандықтар бойынша қызметтерде жұмыс істеген уақыты кіреді.
 

3-тарау. Жұмыс стажын белгілеу үшін құжаттарды ресімдеу тәртібі
 

       4. Осы Тәртіпке сәйкес есептелетін Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарында атқарған жұмысына үстемеақы алуға құқық беретін жұмыс стажы күнтізбелік есептеуде ескеріледі.
 

      5. Ұлттық қауіпсіздік органдарында атқарған жұмысына пайыздық үстемеақы қызметкерлердің негізгі жалақысы бойынша лауазымдық жалақысына (ставкасына) келесі көлемде ай сайын төленеді: үш жыл еңбек өтілі кезінде - он, бес жылда - он бес, он жылда - жиырма, он бес жылда - отыз, жиырма жылда - қырық пайыз.
 

      6. Қызмет атқарған жылдары үшін пайыздық үстемеақы:
      1) қызметкерлерге - келісіммен жұмыс істеушілерге - еңбекақы төлеудің тиісті разряды бойынша белгіленген (келісімді жалақы емес) тарифтік мөлшерден;
 

      2) келісімді еңбекақыға белгіленген тәртіпте ауыстырылған, басқа қызметкерлерге, - бұл қызметкерлерге штатпен және штаттық кестеге сәйкес белгіленген лауазымдық жалақысынан.
 

      7. Қызмет атқарған жылдары үшін пайыздық үстемеақы уақытша қызметкерлерге және маусымдық жұмыстарды атқаратын қызметкерлерге төленбейді.
 

      8. Ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесіндегі қызметкерлердің бұрын есептелмеген жұмыс кезеңі расталған жағдайда, ұлттық қауіпсіздік органдарындағы жұмысына пайыздық үстемеақы алу үшін еңбек стажын есептеу, осы Ереженің жұмыс кезеңдеріне сәйкес бұрын есептелмегенді растайтын құжаттардың түскен күнінен бастап анықталады. Сонымен қатар өткен уақытқа еңбекақыны қайта есептеу жүргізілмейді.
 

      9. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында атқарған жұмысына пайыздық үстемеақы алуға құқық беретін жұмыс стажы, құрамы Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының немесе ҰҚК тиісті ведомствосының, аумақтық және өзге де органдары басшысының бұйрығымен бекітілетін еңбек стажын белгілеу жөніндегі комиссия анықтайды.
 

      10. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында атқарған жұмысына пайыздық үстемеақы алуға құқық беретін жұмыс стажын белгілеу жөніндегі комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді. Шешімнің көшірмесі екі данада жасалып: бір данасы - кадр қызметіне, екінші - қаржы бөлімшесіне беріледі.
 

      11. Мамандығы бойынша жұмыс стажын анықтау үшін қызметкердің еңбек жолын растайтын құжат еңбек кітапшасы (ол бар болғанда) немесе жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босату туралы бұйрықтардың үзінділері болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады