Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің органдары мен бөлімшелерінің қылмыстық процеске қатысушы адамдарды қорғау жөніндегі шығыстарды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 3 маусымдағы N 394 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 7 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1872. Бұйрықтың күші жойылды - Iшкi iстер министрiнiң 2005 жылғы 18 қазандағы N 615 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Iшкi iстер министрiнiң 2005 жылғы 18 қазандағы N 615 бұйрығымен.

--------------Бұйрықтан үзінді-------------------      

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң органдары мен бөлiмшелерiнiң қылмыстық процеске қатысушы адамдарды қорғау жөнiндегi шығыстарды жүзеге асыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2002 жылғы 3 маусымдағы N 394 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1872 болып тiркелген) күшi жойылды деп танылсын...

      Министр
-------------------------------------------------

      "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы"  Z000072_  Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің органдары мен бөлімшелерінің қылмыстық процеске қатысушы адамдарды қорғау жөніндегі шығыстарды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 
      2. Қылмыстық процеске қатысушы қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі шығыстардың республикалық бюджетте осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне көзделген қаражаттар шегінде жүргізілетіндігі ескерілсін. 
      3. Қаржымен қамтамасыз ету департаменті (О.А. Романчикова), Криминалдық полиция департаменті (Б.Ә. Ыбраев), Тергеу департаменті (Е.Ә. Кененбаев), Тоғызыншы департамент (Е.З. Тұрғымбаев), Әскери-тергеу департаменті (Н.Ә. Сейдуәлиев), Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі департамент (А.Н. Выборов), Арнайы полиция басқармасы (Е.Ғ. Елемісов), Астана, Алматы қалаларының ІІББ-нің, облыстардағы және көліктегі ІІББ-ІІБ-нің, Әскери-тергеу басқармалары мен бөлімдерінің және арнайы полиция бөлімшелерінің бастықтары осы Нұсқаулыққа сәйкес қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау шараларын материалдық-техникалық қамтамасыз етумен байланысты шығыстарды төлеудің шарттары мен тәртібінің бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап қолданысқа енеді.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-Министрі М.Е. Аманбаевқа жүктелсін.

      Министр
      генерал-полковник

      Келісілді
      Қазақстан Республикасының
      Бірінші қаржы вице-Министрі

                                       Қазақстан Республикасы 
                                      Ішкі істер министрлігінің
                                      2002 ж. 3 маусымдағы N 394
                                        бұйрығымен бекітілген

        Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
        органдары мен бөлімшелерінің қылмыстық процеске
      қатысушы адамдарды қорғау жөніндегі шығыстарды жүзеге
                         асыру жөніндегі 
                            НҰСҚАУЛЫҚ 

                       1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

      1. Осы Нұсқаулық "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы"  Z000072_  Қазақстан Республикасы Заңының 29-тармағына сәйкес қылмыстық процеске қатысушы адамдарды (бұдан әрі - қорғалатын адамдар) мемлекеттік қорғау шараларын материалдық-техникалық қамтамасыз етумен байланысты шығыстарды жүзеге асырудың шарттарын реттейді. 
      2. Қорғалатын адам туралы мәліметтерге қол жеткізуді шектеуге байланысты және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджетінің шығыстарын  V991058_  экономикалық дәрежеленуіне сәйкес "Ерекше шығындар" деген 157 специфика бойынша шығыстар тізбесіне жатқызылады. 
      3. Қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау жөніндегі шығыстар шаралар қолдану туралы шешім қабылдайтын немесе қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің органдары мен бөлімшелері (бұдан әрі - органдар) шығыстарының құрамында қарастырылады. 
      4. Орган басшылары қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету жөніндегі шығыстарға ақшалай қаражаттың берілу негізділігіне және уақытында берілуіне жеке жауапкершілікте болады. 
      5. Ақшалай қаражат беруге орталық және аумақтық органдардың басшылары немесе оларды ауыстыратын адамдар рұқсат етеді. 

                2. АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТ ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ  

      6. Мынадай қауіпсіздік шаралары қолданылған кезде республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын шығыстардың түрлері: 
      1) жеке күзетті, тұрғын жай мен өзге мүлікті күзетуді жүзеге асыру кезінде мынадай: 
      өртке қарсы құралдар мен күзет белгілерін орнату (ай сайынғы абоненттік төлем жасау арқылы); 
      телефон нөмірлерін ауыстыру; 
      автокөлік құралдары иелерінің мемлекеттік тіркеу белгілерін ауыстыру; 
      "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы"  Z980339_  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қарумен, жеке қорғану құралдарымен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету шығыстары өтеледі; 
      2) басқа тұрғылықты жерге көшу, жұмыс (қызмет) немесе оқу орнын ауыстыру кезінде: 
      қорғалатын адамның тұрғылықты жеріне барғанға дейінгі жол жүру уақыты үшін айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызы көлемінде тәуліктік үлес беріледі; 
      теміржол (купе), су, автомобиль (таксиді қоспағанда) көлігімен және жергілікті жердегі басқа да көлік түрлерімен, ал орган басшысының келісімі бойынша әуе көлігімен жүру жолақысы төленеді; 
      пәтер (үй) жалдау қаражаты беріледі, бұл ретте шығыстар қылмыстық процестің бір қатысушысының шығыстары қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй беру нормалары бойынша жүргізіледі. Бір шаршы метрді жалға алу айына: 
      Астана және Алматы қалаларында - айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызынан; 
      облыс орталықтарында - айлық есептік көрсеткіштің 25 пайызынан; 
      басқа елді мекендерде - айлық есептік көрсеткіштің 10 пайызынан аспауы тиіс; 
      пәтерлер сатып алу шығыстары қылмыстық процеске қатысушының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бағалануы жүргізілетін тұрғын жайының (тіркелім орны бойынша) құнынан аспауы тиіс. Тұрғын жайы болмаған жағдайда шығыстар қылмыстық процестің бір қатысушысына қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй беру нормалары бойынша жүргізіледі. Пәтер сатып алған кезде оның бір шаршы метр құны:
      Астана және Алматы қалаларында - 40 еселік айлық есептік көрсеткіштен;
      облыс орталықтарында - 15 еселік айлық есептік көрсеткіштен;
      басқа елді мекендерде - 5 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс;
      3) әрбір қылмыстық қудалау органының адамдар мен олардың отбасыларын қауіп-қатерден, зорлық-зомбылықтан, жазасын тартқызудан уақытша жасыруға арналған байланыс құралдарымен арнайы жабдықталған қызметтік тұрғын үй-жайларды сатып алу және ұстау шығыстары;
      4) құжат ауыстыру шығыстары;
      5) сырт пішінін өзгерту (бетіне пластикалық операция жасау) шығыстары өтеледі.

                 3. АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТ ШЫҒЫСТАРЫН РЕСІМДЕУ

      7. Орган басшысының бұйрығымен белгіленген тәртіпте бөлімшенің қылмыстық процеске қатысушыларды қорғаумен айналысатын органдар қызметкерлері қатарынан материалдық жауапты адам тағайындалады, ол адаммен толық материалдық жауапкершілігі туралы шарт жасалады. Оған ақшалай қаражатты дұрыс және мақсатқа сай жұмсау және бұл шығыстарды растайтын құжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттер жүктеледі. 
      8. Есеп беретін адам осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген шығыс түрлеріне орган басшысының жазбаша өкімі бойынша орган кассасынан осы Нұсқаулықтың 2, 3-тармақтарына сәйкес бөлінген ақшалай қаражат алады. 
      9. 6-тармақта көзделген қылмыстық процеске қатысушы адамдарды қорғау жөніндегі шығыстарға арналған қаражат өкілетті адамның тікелей бастығымен келісілген дәлелді қаулысы және осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген басшылардың рұқсаты бойынша бөлінеді. 
      Сатып алынған материалдық бағалы заттар оларды пайдаланғаннан кейін (шығыстау материалдарын, бағасы төмен және тез тозатын заттарды қоспағанда) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды қорғау туралы қаулы шығарған органның материалдық жауапты адамына қабылдау-беру актісі бойынша тапсырылады. 
      10. 7-тармаққа сәйкес тағайындалған материалдық жауапты адам ақшалай қаражат бөлген қаржы қызметтеріне ай сайын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы N 548 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерге арналған бухгалтерлік құжаттамалар нысандарының  V980677_  альбомында көзделген аванстық есепті (N 286 нысан) ұсынады. 
      Аванстық есеп осы Нұсқаулықтың 6-тармағында қарастырылған шығыстардың жүргізілгендігін растайтын құжаттарды (шоттар, чектер, квитанциялар, шарттар және басқа да растайтын құжаттар) қоса беру арқылы ұсынылады. 

                           4. БАҚЫЛАУ 

      11. Органдардағы құжаттардың дұрыс ресімделуін және бөлінген ақшалай қаражаттың жұмсалу негізділігін бақылауды қаржы органының арнайы тағайындалған қызметкері жүзеге асырады, ревизиялауды органның бақылау-ревизиялау қызметтерінің қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау органдары жүргізеді.
      Ревизиялауды жүргізу кезінде ревизорға қорғалатын адамға зиянын тигізуі мүмкін мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету шаралары сақтала отырып, ақшалай қаражатты жұмсауды растайтын барлық құжаттар ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады