Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелерi бойынша нормативтік құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2002 жылғы 5 сәуiрдегi N 121 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы 2002 жылғы 13 мамырдағы N 176. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 25 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1891. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысымен (V032484).

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру және зейнетақы активтерiн шетелдiк эмитенттердiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздарына орналастыру кезiнде зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық мүмкiндiктерiн кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларына (осы тармақшада бұдан әрi - Қағидалар):
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi Ұлттық комиссия деп аталады)" деген сөздер "бағалы қағаздар рыногындағы қатынастарды реттеу жөнiндегi уәкiлетті орган (бұдан әрi - уәкілеттi орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Қағидалардың мәтiнi бойынша түрлi септiктердегi "Ұлттық комиссия", "Ұлттық комиссияның Директораты" деген сөздер тиiстi септіктегi "уәкiлетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың бiрiншi азатжолындағы "инвестициялық шоттағы" деген сөздер "инвестициялық есепшоттардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-1) шетелдік эмитенттердiң осы Қағидалардың 3-2-тармағының 1)-3) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін мемлекеттiк емес бағалы қағаздары және шетелдiк мемлекеттердiң осы Қағидалардың 3-3-тармағының талаптарына сәйкес келетін бағалы қағаздары - 10 %-тен көп емес және шетелдiк эмитенттердiң осы Қағидалардың 3-2-тармағының 4)-6) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетiн мемлекеттiк емес бағалы қағаздары - 10%-тен көп емес;";

      3-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-2. Компания осы Қағидалардың 2-тармағының 3-1) тармақшасында айқындалған шарттарды ескере отырып шетелдiк эмитенттердiң мынадай мемлекеттiк емес бағалы қағаздарын сатып алуға құқылы:
      1) "АА"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттiктерiнiң жiктеуi бойынша) немесе "Аа2"-ден ("Мооdу's Investors Service" рейтинг агенттiгiнiң жiктеуi бойынша) төмен емес рейтинг бағасы бар борыштық бағалы қағаздарды;
      2) борыштық бағалы қағаздарының "АА"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерiнiң жiктеуi бойынша) немесе "Аа2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттiгiнің жіктеуi бойынша) төмен емес рейтинг бағасы бар эмитенттердiң акцияларын;
      3) "АА"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттiктерiнің жiктеуi бойынша) немесе "Аа2"-ден ("Мооdу's Investors Service" рейтинг агенттiгінің жіктеуi бойынша) төмен емес кредиттiк рейтинг бағасы эмитенттердің бағалы қағаздарын осы бағалы қағаздарды зейнетақы активтерi есебiнен сатып алуға уәкiлетті органның рұқсат етуi шартымен;
      4) "А"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттiктерiнiң жiктеуi бойынша) немесе "А2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуi бойынша) төмен емес рейтинг бағасы бар борыштық бағалы қағаздарды;
      5) борыштық бағалы қағаздарының "А"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жiктеуi бойынша) немесе "А2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігiнiң жiктеуi бойынша) төмен емес рейтинг бағасы бар эмитенттердiң акцияларын;
      6) "А"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch IBCA" рейтинг агенттiктерiнiң жiктеуi бойынша) немесе "А2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттiгiнiң жiктеуi бойынша) төмен емес кредиттiк рейтинг бағасы бар эмитенттердiң бағалы қағаздарын осы бағалы қағаздарды зейнетақы активтерi есебiнен сатып алуға уәкiлеттi органның рұқсат етуi шартымен.";

      6-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6-2. Компанияның өз активтерiн және Қорлардың оның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерiн Ұлттық Банктегi немесе екiншi деңгейдегi банктегi салымға (депозитке) (екiншi деңгейдегi банктiң депозиттiк сертификатына) орналастыру мерзiмi үш айдан аса алмайды. Осы мерзiм аяқталғанға дейiн салымның (депозиттiң) сомасы және ол бойынша сыйақының сомасы Қордың инвестициялық есепшоттарына есепке алынуы тиiс, ал депозиттiк сертификатты Компания өтеуге ұсынуы (осы екiншi деңгейдегi банктiң депозиттiк сертификаттарды шығару, айналысқа жiберу және өтеу шарттарына сәйкес) немесе тиесiлi соманы Қордың инвестициялық есепшоттарына есепке ала отырып сатылуы тиiс.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Қордың кастодиан-банктегi инвестициялық есепшоттарына және осы Қордың кастодиан-банкiнiң шетелдегi кастодиан-банктердегi корреспонденттiк есепшоттарына келiп түсетiн зейнетақы активтерiн Компания ағымдағы аударымдарды шегере отырып толық көлемде жетi жұмыс күні ішінде инвестициялайды.
      Егер Қордың кастодиан-банктегi инвестициялық есепшоттарындағы және осы Қордың кастодиан-банкiнiң шетелдегi кастодиан-банктердегi корреспонденттiк есепшоттарындағы ақша қалдығы уәкiлеттi орган белгiлеген өлшемнен аз болса не егер қаржы құралдары рыногындағы жағдайды негiзге ала отырып Компанияның зейнетақы активтерiн инвестициялау мерзiмiн ұзарту туралы дәлелдi өтiнiшiн қанағаттандырса, Компания осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген шартты орындамауға құқылы. Өзге жағдайларда, осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген шарт бұзылған әрбiр күн үшiн Компания Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң үш айлық айналыс мерзiмi бар мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелерiнiң бұзушылықтың бiрiншi күнiнiң алдында өткен осы бағалы қағаздарды орналастыру жөнiндегi соңғы аукционда қалыптасқан кiрiстiлiк деңгейiн (бiр күнге есептелген) негiзге ала отырып белгiленген өсiмпұл төлейдi (орташа алынған орналастыру бағасы бойынша). Аталған өсiмпұл Қордың зейнетақы активтерiн ұлғайтуға жұмсалады.";
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк зейнетақы жинақтау қорының инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларына (осы тармақшада бұдан әрi - Қағидалар):
      1-тармақта:
      "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi - Ұлттық комиссия деп аталады)" деген сөздер "бағалы қағаздар рыногындағы қатынастарды реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың басшы қызметкерлерiнiң лауазымына кандидатураларды келiсу қағидаларымен белгiленгенге ұқсас" деген сөздер "уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Қағидалардың мәтiнi бойынша түрлi септiктердегi "Ұлттық комиссия", "Ұлттық комиссияның Директораты" деген сөздер тиiстi септiктегi "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың бiрiншi азатжолындағы "инвестициялық шоттағы" деген сөздер "инвестициялық есепшоттардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6-2. Қордың зейнетақы және өз активтерiн екiншi деңгейдегi банктегi салымға (депозитке) (екiншi деңгейдегi банктiң депозиттiк сертификатына) орналастыру мерзiмi бiр жылдан аса алмайды. Осы мерзiм аяқталғанға дейiн салымның (депозиттiң) сомасы және ол бойынша сыйақының сомасы Қордың инвестициялық есепшоттарына есепке алынуы тиiс, ал депозиттiк сертификатты Қор (Қордың басқарушысы) өтеуге ұсынуы (осы екiншi деңгейдегi банктiң депозиттiк сертификаттарды шығару, айналысқа жiберу және өтеу шарттарына сәйкес) немесе тиесiлi соманы Қордың инвестициялық есепшоттарына есепке ала отырып сатылуы тиiс.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Қордың кастодиан-банктегi инвестициялық есепшоттарына және осы Қордың кастодиан-банкiнiң шетелдегi кастодиан-банктердегi корреспонденттiк есепшоттарына келiп түсетiн зейнетақы активтерiн Компания ағымдағы аударымдарды шегере отырып толық көлемде он жұмыс күнi iшiнде инвестициялайды.
      Егер Қордың кастодиан-банктегi инвестициялық есепшоттарындағы және осы Қордың кастодиан-банкiнiң шетелдегi кастодиан-банктердегi корреспонденттiк есепшоттарындағы ақша қалдығы уәкiлеттi орган белгiлеген өлшемнен аз болса не егер қаржы құралдары рыногындағы жағдайды негiзге ала отырып Қордың (Қор басқарушысының) зейнетақы активтерiн инвестициялау мерзiмiн ұзарту туралы дәлелдi өтiнiшiн қанағаттандырса, осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген шартты Қордың (Қор басқарушысының) орындамауы мүмкiн. Өзге жағдайларда, осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген шарт бұзылған әрбiр күн үшiн Қор немесе Қордың басқарушысы (Қордың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiнде олардың арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң үш айлық айналыс мерзiмi бар мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелерiнiң бұзушылықтың бiрiншi күнiнiң алдында өткен осы бағалы қағаздарды орналастыру жөнiндегi соңғы аукционда қалыптасқан кiрiстiлiк деңгейiн (бiр күнге есептелген) негiзге ала отырып белгiленген өсiмпұл төлейдi (орташа алынған орналастыру бағасы бойынша). Аталған өсiмпұл Қордың зейнетақы активтерiн ұлғайтуға жұмсалады.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастан он төрт күннен кейiн күшiне енгiзiледi.

      3. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2002 жылғы 5 сәуiрдегi N 121 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      4. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаментi (Шалғымбаева Г.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он төрт күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамына, кастодиан-банктерге, бағалы қағаздар рыногының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарына жiберсiн.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.

     Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады