-------------Бұйрықтан үзінді-----------------
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы бюджеті шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымы бойынша бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етеді.
Министр
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрінің
2005 жылғы 24 маусымдағы
N 83 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы бюджеті шығыстарының
экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымы
бойынша бұйрықтар тізбесі
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 13 тамыздағы N 377 (тіркелген N 1971) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 17 қарашадағы N 487 "Қазақстан Республикасы бюджеті шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы.
------------------------------
" Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы " Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы, " Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы " Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2000 жылғы 17 қарашадағы N 487 бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымында:
150 "Басқа да ағымдағы шығындар" сыныпшасында:
159 "Өзге де ағымдағы шығыстар" ерекшелiгi бойынша:
"Шығындар тiзбесi" бағанындағы төртiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"мiндеттi зейнетақы жарналарын уақтылы төлемегенi үшiн өсiмақы";
420 "Негiзгi капиталды құру" сыныпшасындағы:
"Анықтама" бағанындағы бiрiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы сыныпшада қайта жаңарту мен күрделi жөндеуден басқа, құрылыс қызметiне (құрылыс) байланысты барлық шығындар көрсетiлген.";
421 "Үйлер мен ғимараттарды салу" ерекшелiгiнде:
"Анықтама" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Қайта жаңарту мен күрделi жөндеуден басқа, үйлер мен ғимараттарды салу шығындары, әскери мақсаттағы үйлер мен ғимараттарды салуға арналған шығындары 35-ерекшелiк бойынша сыныпталады.";
422 "Жолдар салу" ерекшелiгiнде:
"Анықтама" бағанындағы "Жолдар" деген сөздiң алдынан "Күрделi жөндеуден басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
430 "Күрделi жөндеу" сыныпшасында:
"Анықтама" бағанында:
бiрiншi және екiншi сөйлемдегi тиiсiнше есептелуiне қарай "күрделi жөндеуге", "күрделi жөндеумен", "күрделi жөндеу" деген сөздерден кейiн "және қайта жаңартуға", "және қайта жаңартумен", "және қайта жаңарту" деген сөздермен толықтырылсын;
431 "Үйлердi, ғимараттарды күрделi жөндеу" ерекшелiгi бойынша:
"Анықтама" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Yйлердi, ғимараттарды, сумен жабдықтау жүйелерi мен желiлердi, кәрiздi, электрмен қамтамасыз ету күрделi жөндеуге және қалпына келтiруге байланысты шығындар.";
432 "Жолдарды күрделi жөндеу" ерекшелiгi бойынша:
"Анықтама" бағанында:
бiрiншi сөйлемдегi "қайта құруға" деген сөздер және екiншi сөйлем алынып тасталсын:;
460 "Ел iшiндегi күрделi трансферттер" сыныпшасында:
"Анықтама" бағанындағы екiншi сөйлемдегi "активтер" деген сөзден кейiн ", құрылыс қызметiн" деген сөздермен толықтырылсын;
461 "Заңды тұлғаларға берiлетiн күрделi трансферттер" ерекшелiгi бойынша:
"Анықтама" бағанында:
бiрiншi сөйлемдегi "құрылыстары" деген сөз "құрылыс қызметiн" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Заң қызметi департаментi (Н.А.Қалиева) және Мемлекеттiк бюджет департаментi (Б.Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және 2001 жылға арналған есептiк кезеңде жүзеге асырылатын операцияларды қоспағанда, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы