Қауiптi жүктердi тасымалдау бойынша Нұсқаулықты бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2002 жылғы 17 қыркүйектегі N 701 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 14 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2011. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 442 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.09.30 № 442 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Келiсiлген:
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiк төрағасы 2002 жылғы 18 қыркүйек
 
 
      Қазақстан Республикасында әуе көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты жұмыстарды ретке келтiру және одан әрi жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлген қауiптi жүктердi тасымалдау бойынша Нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi төрағасының орынбасары К.Т.Жанабергеновке жүктелсiн.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
 
      Төраға
Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2002 жылғы 17 қыркүйектегі N 701 бұйрығымен бекiтiлген
 
 
              Азаматтық әуе кемелерiмен қауiптi жүктердi тасымалдау
                              жөнiндегi нұсқаулық
 
                                1. Жалпы ереже
 
      1. Азаматтық әуе кемелерiмен қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасында 1992 жылы 2 шiлдеде N 1503-ХII бекiтiлген "Әуеде қауiптi жүктердi қауiпсiз тасымалдау" Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияға 18-Қосымшаның Әуемен қауiптi жүктердi қауiпсiз тасымалдау жөнiндегi техникалық нұсқаулықтарында, Doc 9284-АN/905 (бұдан әрi - Техникалық нұсқаулықтар), және осы Нұсқаулықта көрсетiлген талаптар мен ережелердi сақтау кезiнде әуе кемесiне және оның iшiндегi жолаушыларға қауiп төндiрмей қауiптi жүктердi тасымалдауға мүмкiн болатын кездегi ұшу қауiпсiздiгiнiң осындай деңгейiн қамтамасыз етумен бiр мезгiлде тасымалдарды жеңiлдетуге бағытталған шарттарды белгiлейдi.
      2. Қауiптi жүктердi тасымалдауға жiберу
      2. Қауiптi жүктер азаматтық әуе кемелерiмен тасымалдауға жөнелтушi ұйымдар мен азаматтардан және олардың мекен-жайына қабылданады.
      3. Қауiптi жүктер, егер олар тиiстi тәртiп бойынша топтастырылмаса, құжаттары болмаса, сертификатталмаса, тiзiмделмесе, буып-түйiлмесе, қауiпсiздiк белгiлерi болмаса және тасымалдауға тиiстi жағдайда болмаса тасымалдауға жатпайды.
      4. Тасымалдауға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 маусымдағы N 695 P020695_ қаулысымен бекiтiлген Азаматтық әуе кемелерiмен тасымалдауға арналған қауiптi жүктердiң тiзбесiнде (бұдан әрi - Тiзбе) аталған қауiптi жүктер қабылданады.
      5. Тiзбе мен Техникалық нұсқаулықтарда аталмаған жүктер, бiрақ физикалық-химиялық қасиеттерi бойынша қауiптi жүктерге жататын жүктер азаматтық әуе кемелерiмен тасымалдауға оларды тек тиiстi класқа немесе санатқа жатқызғаннан кейiн ғана жiберiледi.
      6. Азаматтық әуе кемелерiмен тасымалдауға тыйым салынған қауiптi жүктердi, басқа көлiк құралдарымен тасымалдауға мүмкiн болмайтын немесе қауiптi жүктердi жедел жеткiзу төтенше жағдайларға байланысты болса, уәкiлеттi орган Техникалық нұсқаулықтардың ережесiне сәйкес соңғының әрекетiнен Босатуға ұсынады.
      Босату уәкiлеттi органмен бекiтiлiп, түпнұсқасы пайдаланушыға берiледi.
      7. Қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру үшiн пайдаланушының уәкiлеттi орган берген қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру құқығына мемлекеттiк лицензиясын көрсетедi.
      8. Шетел авиакомпаниялары қауiптi жүктердi тасымалдауды уәкiлеттi органмен берiлетiн арнайы рұқсатнаманың шарттарына сәйкес және оның негiзiнде жүзеге асырады. 9. Азаматтық әуе кемелерiмен тасымалдауға тыйым салынған қауiптi жүктер Техникалық нұсқаулықтарда көрсетiлген. 3. Қауiптi жүктердi тасымалдауға әуе кемесiн әзiрлеу 10. Қауiптi жүктердi әуе кемесiне тиеудiң алдында: 1) шасси доңғалақтарының астында сақтандыру қалыбының бар екендiгiне және тұрақтық тежегiштiң қосылғандығына; 2) тиеу жұмысын орындау үшiн тұтынушыларға керек емес электр энергиялары өшiрiлгендiгiне; 3) жердегi көлiк құралдары үшiн сақтандыру қалыбының бар екендiгiне; 4) әуе кемесiндегi жүк бөлмесiнiң желдетiлгенiне көз жеткiзу қажет. 11. Әуежайлардың (авиакәсiпорындардың) басшылары: 1) жүк тиеуге әуе кемесiн қоятын орынды өз уақытында әзiрлеудi; 2) жүк тиейтiн орында қажеттi механизмдi құралдардың болуын; 3) өртке қарсы инвентарьлардың, ал күштi әсер ететiн улы және уландырғыш заттармен жұмыс iстеу кезiнде - химияға қарсы қорғаныс құралдарының болуын; 4) тиеу орнын күзетудi және байланыс құралдарының болуын; 5) жүк бөлмесiнде қауiптi жүктердi алып келу, тиеу, жайғастыру және бекiтудiң нақтылы тәртiбiн белгiлеудi қамтамасыз етедi. 12. Қауiптi жүктердi алып жүру (күзету) үшiн осы жүктердi күзетудiң тәртiбi, алып жүрушiнiң құқықтары мен мiндеттерi туралы нұсқаулықтан өткен лауазымды адамдар тағайындалуы мүмкiн. 4. Техникалық қауiпсiздiк және санитарлық тазалық бойынша талаптар
      13. Қауiптi жүктермен байланысты жұмыстарға алдын ала дәрiгерлiк тексерiстен және қауiптi жүктердi тиеу/түсiру кезiндегi техникалық қауiпсiздiк бойынша нұсқаулықтан өткен адам жiберiледi.
      14. Қауiптi жүктермен байланысты жұмыстарға денсаулық жағдайы бойынша шектеулерi бар адамдар, 18 жасқа толмаған жасөспiрiмдер, жүктi және емiзушi әйелдер жiберiлмейдi.
      15. Әуе кемесiнiң экипажы және қауiптi жүктермен жұмыс iстейтiн адамдар қорғану құралдарымен, залалсыздандыру индикацияларымен (тасымалданатын жүктiң түрiне байланысты) қамтамасыз етiлуi, сонымен қатар оларды пайдалану тәртiбiмен танысуы тиiс. Жүктi жiберушi осы жүктерге байланысты жұмыс кезiнде қолданылатын жеке қорғану құралдарымен, индикациялармен және залалсыздандырғыштармен қамтамасыз етедi. Қорғану құралдарынсыз жұмыс жүргiзу үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.
      16. Қауiптi жүктермен байланысты жұмыс уақытында тамақтануға, iшуге, темекi тартуға, сондай-ақ жұмыс жүргiзiлетiн аймақта арнайы киiмсiз жүруге тыйым салынады. Жеке гигиена ережесiн қатаң сақтау қажет.
      17. Жаңбыр жауып тұрғанда сумен өзара әрекетi кезiнде тұтанатын қауiптi жүктердi, сондай-ақ кез келген от қауiптi, қауiптi жүктердi найзағай кезiнде тиеуге және түсiруге үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады. Қозғалтқыш тетiктердiң жұмыс iстеп тұрған кезiнде, әуе кемесiне жанар-жағар материалдарды және арнайы сұйықтықтарды құю уақытында, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету кезеңiнде қауiптi жүктердi тиеуге және түсiруге тыйым салынады. 18. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын әуе кемелерi оларға белгiленген өртке қарсы сақтандыру жабдықтары нормаларынан басқа жүктi жiберушiлер ұсынған қосымша өрт сөндiру құралдары болуы тиiс. Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева А.Ж.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады