Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 372-нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің банктің тұрған жерінен тыс жерлердегі есеп айырысу-кассалық бөлімдері туралы" ереже жөнінде" 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 10 қазан N 409. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 22 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2052. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 202 (V043034) қаулысымен.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің банктің тұрған жерінен тыс жерлердегі есеп айырысу-кассалық бөлімдері туралы" ереже жөнінде" 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311  қаулысына  (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 372-нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1997 жылғы 29 қыркүйек - 5 қазанда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 27 қарашадағы N 405, 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 444, 2001 жылғы 6 тамыздағы N 299 қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      атауындағы "Екінші деңгейдегі банктердің банктің тұрған жерінен тыс жерлердегі есеп айырысу-кассалық бөлімдері туралы" ереже жөнінде" деген сөздер "Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдерін (жинақ кассаларын) құру, жұмыс істеу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "Екінші деңгейдегі банктердің банктің тұрған жерінен тыс жерлердегі есеп айырысу-кассалық бөлімдері туралы" ереже" деген сөздер "ұсынылып отырған Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдерін (жинақ кассаларын) құру, жұмыс істеу және жабу тәртібі туралы ереже" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың:
      а) тармақшасындағы "Екінші деңгейдегі банктердің банктің тұрған жерінен тыс жерлердегі есеп айырысу-кассалық бөлімдері туралы" ереже" деген сөздер "Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдерін (жинақ кассаларын) құру, жұмыс істеу және жабу тәртібі туралы ереже" деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) тармақшасындағы "жоғарыда аталған Ереже" деген сөздер қазақша мәтін бойынша өзгермейді;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдерін (жинақ кассаларын) құру, жұмыс істеу және жабу тәртібі туралы ережеде:
      6-тармақтың бірінші абзацындағы "жүзеге асыруға" деген сөздің алдынан "Ұлттық Банктің оларды ашуға келісімі болған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
      15-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) Қазақстан Республикасының банк заңдарының талаптарын сақтамау.".
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары  Ә.Ғ. Сәйденовке  жүктелсін.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады