N 239 нөмірмен тіркелген "Бухгалтерлік есептің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы N 5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 12 қарашадағы N 568 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 28 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2060. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N 217 бұйрығымен

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N  217 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      Бухгалтерлік есептің нормативтік базасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      "Бухгалтерлік есептің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы N 5  қаулысына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 30 желтоқсанда N 239 бұйрықпен тіркелген және "Қаржы, салық, бухгалтерлік есеп, сақтандыру жөніндегі нормативтік актілер" 1996 жылғы 23 (35) арнайы шығарылымында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген 17 "Жалға беру есебі" бухгалтерлік есеп стандартына:

      1-сілтеме алынып тасталсын;
      стандарттың барлық мәтіні бойынша "мүліктердің" деген сөз "активтердің" деген сөзбен, "мүлік" деген сөз "активтер" деген сөзбен, "проценттік мөлшерлеме" деген сөздер "сыйақы ставкасы" деген сөздермен, "пайдалы қызмет ету" деген сөздер "пайдалы қызметтің" деген сөздермен, "есептерде" деген сөздер "қаржылық есептіліктерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "субъектілердің" деген сөз "ұйымдардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "жалгер жалдаған мүлкін" деген сөздер "жалгер жалдаған мүліктер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың төртінші абзацындағы "соған ұқсас басқа мүлікке" деген сөздер "соған ұқсас басқа мүліктерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақта "берілген уақыттағы дисконтталған мүлік" деген сөздер "берілген уақыттағы дисконтталған мүліктер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18-тармақтағы "оның" деген сөз "олардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      19-тармақтағы "балансында" деген сөз "есебінде" деген сөзбен ауыстырылсын;

      20-тармақтағы "проценттік мөлшерінің" деген сөздер "сыйақы ставкасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22-тармақтағы "мүлік иелігіне құқық жал иесіне" деген сөздер "амортизацияланған активтер иелігіне құқық жал иесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31-тармақтағы "алған мүліктің" деген сөздер "алған мүліктердің" деген сөздермен ауыстырылсын.
      Көрсетілген қаулымен бекітілген 18 "Инвестициялық қорлардың есебі" бухгалтерлік есеп стандарттарында:
      Барлық мәтін бойынша "ақша қорын" деген сөздер "ақшаны" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "Ашық инвестиция қоры" деген сөздер "Өзара қор" деген сөздермен ауыстырылсын.
      Көрсетілген қаулымен бекітілген 19 "Мемлекеттік емес ерікті зейнет қорының есебі және оның есептемесін құру" бухгалтерлік есеп стандарттарына:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Қор құрылтайшылар мен акционерлердің қоры бойынша қаржылық есептілікті: бухгалтерлік балансты, кірістер және шығыстар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, жарғылық капиталындағы өзгерістер туралы есепті, есеп саясаты туралы ақпаратты және түсіндірме жазбаны, ал алушылар қоры бөлігінде - таза активтер туралы есепті, таза активтердегі өзгерістер туралы есепті ұсынады. Қаржылық есептіліктің түсіндірме жазбасында құрылтайшылар мен акционерлердің қоры жөніндегі де, алушылар қоры жөніндегі де ақпарат ашылады.".
      2. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы бірінші вице-министрі Б.Б.Жәмішевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
           Қаржы министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады