Аз қамтамасыз етiлген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйдi ұстауға (жеке тұрғын үйден басқа) және коммуналдық қызметтi пайдалануға көмек көрсету Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақкөл аудандық мәслихатының 2002 жылғы 29 қазандағы N С-29-12 шешімі. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 15 қарашада N 1374 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 тамыздағы № С 14-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 22.08.2017 № С 14-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ақкөл аудандық әкiмияттың"ұсынысын қарап және Қазақстан Республикасының"1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94-1 "Тұрғын үй қатынастары туралы"" және 1999 жылғы 16 қарашадағы N 477-1 "Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiндегi кейбiр заңнама актiлерiне өзгертулер енгiзу туралы""Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Аз қамтамасыз етiлген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйдi ұстауға (жеке тұрғын үйден басқа) және коммуналдық қызметтi пайдалануға көмек көрсету Ережесi бекiтiлсiн (тiркеледi).

      2. Осы шешiм Ақмола облыстық әдiлет басқармасынан мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн күшiне енедi.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
      Аудандық мәслихат хатшысы

  Ақкөл аудандық мәслихат сессиясының
2002 жылғы 29 қазандағы № С-29-12
шешімімен бекітілген

Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын-үйді ұстауға (жеке тұрғын үйден басқа) және коммуналдық қызметті пайдалануға көмек көрсету ережесі
1. Жалпы қағидалар

      1. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) үй-жайын (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға кететін ақының есесін қайтару үшін, сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алғанда көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-1 "Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кейбір заңнама актілеріне өзгертулер енгізу туралы" Заңымен қарастырылған және әлеуметтік қорғаудың бір түріне жатады.

      2. Тұрғын үйлік көмек ауданда тұрақты тұратын және жеке меншік иесі немесе жалға алушы кісілерге, егер үйді ұстауға төленетін ақы (жеке тұрғын үйден басқа) және коммуналдық қызметті пайдалану отбасының жиынтық табысының белгіленген мөлшерінен 30 % асқанда беріледі.

      3. Өтем шарасымен қамтамасыз етілетін үй көлемі мөлшері, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңымен белгіленген, отбасының әр мүшесіне тиісті мөлшерге балама. Аудан тұрғындарын қамтамасыз ететін коммуналдық қызметті (сумен, газбен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау) пайдалану нормативі, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.

      4. Жеке меншігінде бірден артық үй-жайы (жеке пәтері, үйі) бар немесе тұрғын үй жайын жалға немесе жалдауға берушілер тұрғын-үй көмегі алу құқығынан айырылады. Отбасыларында тұрғын үй көмегін алу, егер оларда жұмыс істей алатын кісілер бола тұра, жұмыс істемесе, оқу оқымаса және жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрмаса, тек мына кісілерден, мүгедектерді күтушілер, күтім қажет деп тапқан жағдайда, немесе 3 жасқа дейінгі бала тәрбиесімен отырғандардан басқаларының құқығы болмайды. Табысы жоқ отбасыларынан басқаға, өтініш берген мезгілде коммуналдық қызметтің ақысынан қарызы болса, ондай отбасыларына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

      5. Тұрғын үй көмегі арыз берген айдан бастап 6 айға тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу алғашқы іс-тәртібін жасағанмен сәйкес.

      6. Үй-жайды ұстау және коммуналдық қызмет ақысы тарифіне өзгеріс енгенде, аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бұрынғы тағайындалған тұрғын үй көмегіне қайта есептеу жасайды.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақкөл аудандық мәслихатының 2004 жылғы 08 қаңтардағы N С-4-6 шешімімен.

      7. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын-үй көмегінің бөлімін, өз үй-жайындағы меншік түрлеріне енген өзгерістер жайлы, отбасы құрамы жайлы, отбасының жиынтық табысы жайлы, сонымен қатар көмекті жаңылыс есептеген жағдайда хабарлап отыруы тиіс. Әдейі, күмәнді мәліметтер беріп, соңынан аса көтеріңкі және заңсыз тұрғын үй көмегін төлеуге әкеп соққан жағдайда, үй-жайды жалға алушы (меншік иесі) тұрғын-үй көмегін алу құқығынан айырылады, тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алған сомасы заңнамамен бекітілген тәртіп бойынша қайтарылуы тиіс.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау

      8. Тұрғын үйлік көмек аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы үйдің жеке меншік иесінің (жалға алушының) арызы негізінде тағайындалады және мына төмендегі құжаттар қоса тапсырылады:

      1) отбасы құрамы туралы анықтама;

      2) өтініш жасаған кездің алдындағы тоқсандағы отбасының барлық мүшелерінің табысы туралы анықтама;

      3) қозғалмайтын мүлік орталығынан тіркелген жеке меншік туралы анықтама;

      4) сатып алу немесе жекешелендіру туралы шарт.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақкөл аудандық мәслихатының 2004 жылғы 08 қаңтардағы N С-4-6 шешімімен.

      9. Ұсынған құжаттардың нәтижесі бойынша аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы тұрғын үйлік көмек тағайындау жөнінде шешім қабылдайды және тұрғын үйлік көмек көрсетуге 2 дана шарт жасайды және оның біреуі үй иесіне (жалға алушыға) беріледі.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақкөл аудандық мәслихатының 2004 жылғы 08 қаңтардағы N С-4-6 шешімімен.

      10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалға алушының (меншік иесінің) үй жайды ұстау және коммуналдық қызметті пайдалану нормасы шегіне кететін, өтем шамасымен қамтамасыз етілетін және осы отбасының бұл мақсаттарға жұмсайтын шектелген шығын деңгейінде нақты төлем ақы арасындағы айырмасы ретінде есептеледі.

3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көзі

      11. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      12. Тұрғын үй көмегі ақшалай қаражат түрінде алушының есеп шотына қабылдау жолымен іске асырылады.

4. Тұрғын үй көмегінің дұрыс тағайындалуы
және төленуіне бақылау жасау

      13. Тұрғын үй көмегінің дұрыс тағайындалуы және төленуіне бақылау жасау сирек дегенде жылына бір рет аудандық қаражат органы арқылы жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады