Тамақ дайындауға және шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік үшін су жылытуға табиғи газды тұтыну мөлшері туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Әкімінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 220 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 25 ақпанда N 851 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімінің 23.10.2015 № 2 шешімімен.
      Тұрмыстық мақсатқа жұмсалатын табиғи газды үнемдеу және нақты жұмсалатын көлемін тұтыну мөлшеріне сәйкестендіру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Тамақ дайындауға және шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік үшін су жылытуға табиғи газды тұтынудың ұсынылып отырған орташа жылдық мөлшері бекітілсін.
      2. Осы шешім 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары А.Г. Савченкоға жүктелсін.
      Облыс Әкімі

  Жамбыл облысы
Әкімінің 2002 жылғы
"Тамақ дайындауға және
шаруашылық-тұрмыстық
қажеттілік үшін су жылытуға
табиғи газды тұтыну мөлшері туралы" 24.12.2002 ж. N 220
шешіміне қосымша

Тамақ дайындауға және шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік үшін су жылытуға табиғи газды тұтыну мөлшері

N
Тамақ дайындауға және шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік үшін су жылытуға бір айда 1 адамға табиғи газды тұтынудың шарттары
Тұтыну мөлшері
1.
Газ плитасы, орталық жылыту жүйесі және ыстық сумен жабдықтау болған жағдайда (жылыту маусымы кезінде)
18,0 текше метр
2.
Газ плитасы болғанда, орталық ыстық сумен жабдықтау және газбен су жылытқыш болмаған жағдайда
22,0 текше метр
3.
Газ плитасы, газбен су жылытқыш болғанда және орталық ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда
28,0 текше метр
4.
Моншада қосымша газбен су жылытқыш болған жағдайда
10,5 текше метр
5.
Коммуналдық секторда жылыту маусымында орталық жылу жүйесі болмаған жағдайда, газ плитасы болғанда және табиғи газды үй жылыту үшін пайдаланған жағдайда айына
4,5 текше метр

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады