"2002 жылға арналған басқа да көмектерді қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша төлем жүргізу және тағайындау" Қағидасын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімиятының 2002 жылғы 07 қазандағы N 19 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 31 қазанда N 985 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 07 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1 бабы, 2 тармағына сәйкес және басқа да көмектерді қажет ететін мүгедектерге адрестік әлеуметтік көмек көрсету мақсатында:
      1. Басқа да көмектерді қажет ететін жалғызілікті мүгедектердің мемлекеттік жәрдемақысына қосымша төлемдер тағайындау мен төлеудің Қағидасы бекітілсін (N 1 қосымша).
      2. Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі (Б.Қ. Ахметжанов) басқа да көмектерді қажет ететін жалғызілікті мүгедектердің мемлекеттік жәрдемақысына олардың күтіміне қосымша ақы төлеуді дер кезінде қаржыландыру сұралсын.
      3. Қарқаралы аудандық еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарушы (А.Т. Хамитов) жоғарыда көрсетілген мөлшерде қосымша төлемдерді тағайындау мен төлеуді дер кезінде қамтамасыз ету ескертілсін.
      4. Осы қаулысының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ. Торыбаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Н.И. Омарханов

Қарқаралы ауданы әкімиятының
2002 жылғы 07 қазандағы
N 19 қаулысы бекітілген
N 1 қосымша

2002 жылға арналған басқа да көмектерді қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша төлем жүргізу және тағайындау
ҚАҒИДАСЫ

1. Жалпы ережелер

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 1685 "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" қаулысы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 07 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының негізінде жасалған.
      2) Басқа да көмектерге мұқтаждар, жалғызілікті мүгедектер мемлекеттік жәрдемақыға қосымша төлемдер алуға құқылы.

2. Басқа да көмектерді қажет ететін жалғызілікті мүгедектерге қызмет көрсетудің мемлекеттік жәрдемақысына қосымша төлемдер мен тағайындаулар Қағидасы

      1) Әлеуметтік қорғау органына тұрғылықты мекен-жайы бойынша мүгедектігі туралы анықтамалар, мүгедектігі бойынша арнайы жәрдемақы алу бойынша анықтамалар, тұрғын үй тұрмыстық жағдайларын тексеру актісі қосымша берілетін мемлекеттік жәрдемақыға қосымша төлемдер тағайындау туралы өтініш беріледі (отбасы құрамы мен туыстарының бәрін көрсетумен).
      2) Өтініш берушінің ресімдеу үшін құжаттарын жинау мүмкіндігі болмаған кезінде, өтініш берушінің тұратын мекен-жайы бойынша әлеуметтік жәрдем көрсету органы дайындайды.
      3) Өтінішпен келген азаматтар берілген ақпараттардың дұрыстығына толық жауапты болады. Тапсырылған құжаттарда кемшіліктер (кірісті жасыру, отбасы құрамы туралы жалған мәлімет) анықталған жағдайда төленген қаржы кінәлі адамдардан қолданыстағы заңдарға сәйкес қайтып алынады.
      4) Әлеуметтік көмек айдағы минималдық есептік көрсеткіштер мөлшерінде ақшалай қаржы түрінде және өтініш үлгісінде беріледі (823 теңге) және Халық банкінің филиалында өтініш берушінің ашылған есеп шотына аударылады.
      5) Әлеуметтік көмек көрсету бойынша аудандық комиссия көмек көрсету (бас тарту) туралы шешімді қабылдайды.

3. Қаржыландыру көздері

      1) Жоғарыда аталған жеңілдіктер түрлеріне адрестік көмекті қаржыландырудың көзі болып аудандық бюджет табылады.

4. Есеп, бақылау, есеп беру

      1) Басқа да көмекке мұқтаждарға, жалғызілікті мүгедектердің мемлекеттік жәрдемақыларына қосымша төлем төлеу және тағайындау бойынша есеп, бақылау және есеп беруді жүргізу, шараларды жүзеге асыру аудандық еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөліміне жүктеледі.
      2) Аудандық еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімі ай сайын басқа да көмекке мұқтаждарға, жалғызілікті мүгедектердің мемлекеттік жәрдемақыларына қосымша төлем төлеу мен тағайындау туралы мәліметті ай сайын аудандық қаржы бөліміне тапсырып отырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады