2002 жылға арналған соғыс мүгедектері мен қатысушылары арасынан Социалистік Еңбек Ері, "Отан" орденімен марапатталған азаматтардың қайтыс болғандарын жерлеуге жәрдемақы тағайындау қағидасын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімиятының 2002 жылғы 07 қазандағы N 17 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 18 қарашада N 1002 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентінің 28 сәуір 1995 жылғы N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Жарлығына сәйкес, соғыс мүгедектері мен қатысушылары арасынан Социалистік Еңбек Ері, "Отан" орденімен марапатталған азаматтардың қайтыс болғандарын жерлеу бойынша салт-жора қызметтерін көрсетуге жәрдем көрсету мақсатында:
      1. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап соғыс мүгедектері мен қатысушылары арасынан Социалистік Еңбек Ері, "Отан" орденімен марапатталған азаматтардың қайтыс болғандарын жерлеуге жәрдем көрсету көлемі бір алушыға (28805) отыз бес ең төменгі есеп көрсеткіші мөлшерінде белгіленсін.
      2. 2002 жылға арналған соғыс мүгедектері мен қатысушылары арасынан Социалистік Еңбек Ері, "Отан" орденімен марапатталған азаматтардың қайтыс болғандарын жерлеуге жәрдемақы тағайындау қағидасы бекітілсін (N 1 қосымша).
      3. Аудандық қаржы бөлімі (Ахметжанов Б.Қ.) соғыс мүгедектері мен қатысушылары арасынан Социалистік Еңбек Ері, "Отан" орденімен марапатталған азаматтардың қайтыс болғандарын жерлеуге жәрдем көрсетуді дер кезінде қаржыландыруды қамтамасыз ету сұралсын.
      4. Аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі (А. Хамитов) соғыс мүгедектері мен қатысушылары санынан Социалистік Еңбек Ері, "Отан" орденімен марапатталған азаматтардың қайтыс болғандарын жерлеуге жәрдем көрсету төлемін төлеуді және дер кезінде тағайындауды қамтамасыз ету ескертілсін.
      5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ. Торыбаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Н. Омарханов

Қарқаралы ауданы әкімиятының
2002 жылғы 07 қазандағы
N 17 қаулысымен бекітілген
N 1 қосымша

2002 жылға арналған соғыс мүгедектері мен қатысушылары арасынан Социалистік Еңбек Ері, "Отан" орденімен марапатталған азаматтардың қайтыс болғандарын жерлеуге жәрдемақы тағайындау
ҚАҒИДАСЫ

1. Жалпы қағидалар

      1) Қағида Қазақстан Республикасы Президентінің 28 сәуір 1995 жылғы "Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын және оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қорғау мен жеңілдіктері туралы" Жарлығына сәйкес жасалған.
      2) Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, "Отан" орденімен марапатталған соғыс ардагерлері мен қатысушылары арасынан қайтыс болғандарын жерлеуге әлеуметтік көмек алу құқына отбасы мүшелері және жерлеуді жүргізетін тұлғалар ие болады.

2. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      1) Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, "Отан" орденімен марапатталған соғыс ардагерлері мен қатысушылары арасынан қайтыс болғандарын жерлеуді жүзеге асыратын тұлғалар аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдеріне Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, "Отан" орденімен марапатталған соғыс ардагерлері мен қатысушылары санаттары бойынша арнайы жәрдемақы алғандары туралы мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақы төлейтін орталықтан алған анықтамасын, жерлеу жораларын жүргізуге көмек көрсетуі туралы өтініші және өлімі туралы анықтамасын тапсырады.
      2) Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, "Отан" орденімен марапатталған соғыс ардагерлері мен қатысушылары арасынан қайтыс болғандарын жерлеу жораларына көмек өтініш бойынша отыз бес есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы ақшалай көмек ретінде берілуі мүмкін және өтініш берушінің Халық банктерінің филиалдарындағы ашылған шоттарына аударылады. (Қазақстан Республикасының Халық банкінің облыстық филиалының 15 маусым 2000 жылғы N 11-28-18 мен облыстық еңбек және халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының 14 маусым 2000 жылғы N 8-13/2164 бірлескен хатына сәйкес).
      3) Көмек көрсету (бас тарту) туралы шешімді аудандық әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия қабылдайды.

3. Қаржыландыру көздері

      1) Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, "Отан" орденімен марапатталған соғыс ардагерлері мен қатысушылары арасынан қайтыс болғандарын жерлеуге әлеуметтік көмек көрсетудің қаржыландыру көзі болып аудандық бюджет табылады.

4. Есеп, бақылау, есеп беру

      1) Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, "Отан" орденімен марапатталған соғыс ардагерлері мен қатысушылары арасынан қайтыс болғандарын жерлеуге көмек көрсетуді есеп, бақылау және есеп беруді жүргізу, шараларды жүзеге асыру аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне жүктеледі.
      2) Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, "Отан" орденімен марапатталған соғыс ардагерлері мен қатысушылары арасынан қайтыс болғандарын жерлеуге төлем жүргізу мен тағайындау туралы ақпаратты аудандық қаржы бөліміне ай сайын аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі тапсырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады