Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 07 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1 бабы, 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңының 23 бабына сәйкес, үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балалардың ата-аналарына немесе олардың орнындағы тұлғаларға атаулы көмек көрсету мақсатында:
1. 2002 жылға үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға арналған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері 5198 теңге көлемінде бекітілсін.
2. 2002 жылға үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға арналған атаулы әлеуметтік көмекті төлеу мен тағайындау Қағидасы бекітілсін (N 1 қосымша).
3. Аудандық қаржы бөлімі (Б.Ахметжановқа) үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға арналған атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге төлемді дер кезінде қаржыландыруды қамтамасыз ету сұралсын.
4. Қарқаралы ауданының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі (А.Т.Хамитов) үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға арналған атаулы әлеуметтік көмек төлемін жүргізу және дер кезінде тағайындауды қамтамасыз ету ескертілсін.
5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Торыбаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі
Қарқаралы ауданы әкімиятының
2002 жылғы 7 қазандағы
N 18 қаулысымен бекітілген
N 1 қосымша
2002 жылға үйде оқитын, мүгедек балаларға
арналған атаулы көмекті төлеу және тағайындау
ҚАҒИДАСЫ
1. Қағида Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңдары негізінде әзірленген.
2. Атаулы әлеуметтік көмекті алу құқына жалпы білім беретін мекемелерде оқуға жарамайтын мүгедек-балаларды үйде оқытатын және тәрбиелейтін отбастары ие.
2. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету
1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларға арналған атаулы көмекті алуға құқы бар азаматтар тұрғылықты мекен-жайы бойынша әлеуметтік қорғау органдарына келесі құжаттарды тапсырады: алушының жеке басын куәландыратын құжат, (жеке куәлігі), тұрғылықты мекен-жайы бойынша Халық банкі филиалында ашқан шотының нөмірі көрсетілген өтініш, мүгедектік тобын белгілеу туралы (белгіленген үлгіде) дәрігерлік-әлеуметтік сараптама комиссиясының анықтамасы.
2. Өтінішпен келген азаматтар тапсырған ақпараттарының дұрыстығына толық жауап береді. Кемшіліктер белгілі болған жағдайда (табыстарын жасырған кезде, отбасы құрамы туралы дұрыс мәлімет бермеген кезде) төленген сомалар қолданыстағы заң белгіленген тәртіпте кінәлілерден өндіріп алынады.
3. Әлеуметтік көмек өтініш үлгісінде жасалып, 2002 жылғы 01 қаңтардан кейін оны алуға құқық берілген сәттен бастап тағайындалады және қаржы төлемі тоқсан сайын 5198 теңге мөлшерінде өтініш берушінің Халық банкінің филиалында ашылған есеп шотына аударылады. (Қазақстан Республикасының Халық банкінің 2000 жылғы 15 маусымдағы N 11-28-18 Облыстық филиалының және Облыстық еңбек және тұрғындарға әлеуметтік жәрдем көрсету басқармасымен 2000 жылғы 14 маусымдағы N 8-13/2164 бірлескен хатына сәйкес).
4. Көмекті көрсету туралы (бас тарту) шешімді әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссия қабылдайды. Даулы мәселелер әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссияда қаралады.
Жоғарыда көрсетілген жеңілдіктер түрін қаржыландыру көздері болып аудандық бюджет табылады.
1. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек-балаларға арналған атаулы әлеуметтік көмек көрсету және оны тағайындау бойынша есеп бақылау және есеп беруді жүргізу, шараларды жүзеге асыру аудандық еңбек және тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсететін бөлімге жүктеледі.
2. Аудандық еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі ай сайын аудандық қаржы бөліміне үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға арналған әлеуметтік атаулы көмек көрсету және оны тағайындау туралы мәліметті тапсырады.