Аз қамтамасыз етiлген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтердi тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесі туралы

Маңғыстау облыстық Мәслихатының 2002 жылғы 14 мамырдағы N 19/195 шешімі. Маңғыстау облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 24 мамырда N 887 тіркелді

      "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және "Тұрғын үй қатынасы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  97-бабы 2-тармағына сәйкес облыстық Мәслихат шешім еттi:
      1. Аз қамтамасыз етiлген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтердi тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсетудiң Ережесі бекітiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне, облыстық еңбек, тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасына аз қамтамасыз етiлген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн уақтылы тағайындауды және төлеудi ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. Облыстық қаржы басқармасына тұрғын үй көмегiн төлеу шығындарын жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы шешім жариялаған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Сессия Төрағасы              Облыстық Мәслихаттың
                                         хатшысы

  Аз қамтамасыз етiлген отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтердi
тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету
Ережесі

       Осы Ереже "Тұрғын үй қатынасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi  N 94-I  Заңына (Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 7 маусымдағы  N 391-I , 1999 жылғы 16 қарашадағы  N 477-I , 2001 жылғы 10 шiлдедегi  N 227-II  енгiзiлген Заңдарымен, өзгерiстермен), "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы  N 148-II  Қазақстан Республикасы Заңына, "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 сәуiрдегi N 437  қаулысымен  бекiтiлген "Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын берудiң тәртiбi туралы Уақытша Ережеге" сәйкес жасалды және аз қамтамасыз етiлген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтердi тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбiн айқындайды.  <*>
      Ескерту. Кіріспе толықтырылды - Маңғыстау облысы мәслихатының 2004 жылғы 27 қазандағы N 7/119  шешімімен

  1. Жалпы қағидалар

      1. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтердi тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегi (бұдан әрi - тұрғын үй көмегi) - халықтың аз қамтамасыз етiлген жiктерiне тұрғын үйдi (жеке меншiк тұрғын үйдi ұстаудан басқа) ұстау мен коммуналдық қызметтердi тұтынуға ақы төлеу жөнiндегi шығындардың орның толтыру үшiн берiлетiн өтем.
      2. Тұрғын үй көмегi халыққа әлеуметтiк көмек нысандарының бiрi болып табылады және осы жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдiң иесi немесе жалға алушы (жалдаушы) болып саналатын аз қамтамасыз етiлген отбасыларына (азаматтарға) берiледi. 
      3. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган аудандық, қалалық еңбек, тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi болып табылады (бұдан әрi - уәкiлеттi орган). 
      4. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтердi тұтынуға ақы төлеуге отбасының нақты шығындары осы мақсаттарға шектi шығындар үлесiнен асқан кезде тағайындалады, ол отбасының жиынтық табысының 30 пайызы ретiнде есептеледi. Мұнда отбасының нақты шығындары әлеуметтiк нормалары шегiнде ескерiледi.
      5. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасындағы Еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау Министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-Б бұйрығымен бекiтiлген "Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесiне", Еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек заңнамасын қолдану тәртiбi туралы" 2002 жылғы 27 наурыздағы N 11-1-11/1367 ұсынысына сәйкес есептеледi. 
      6. Әлеуметтiк нормалар және тұрғын үй көмегiн есептеу кезiнде қолданатын тұрғын үй шығындарының мөлшерiн, коммуналдық қызметтердi тұтыну нормативтерiн (пайдалану шығындары, жылу - сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, қоқыс шығару және лифтiлер қызметi) облыс әкiмi белгiлейдi. 
      Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу қалалық телекоммуникациялар желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік ақының ұлғаю сомасын тұрғын үй ұстауға, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтыну ақысы жөніндегі шығыстардың құрылымына енгізу жолымен жүзеге асырылады.  <*>
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2003 жылғы 10 желтоқсандағы  N 2/28 ; толықтырылды - Маңғыстау облысы мәслихатының 2004 жылғы 27 қазандағы  N 7/119   шешімдерімен .
       7. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерiн уәкiлеттi органдар ай сайын, осы айға бекiтiлген тарифтер, тұрғын үйдi ұстау жөнiндегi шығындар құны мен тұтынылған коммуналдық есептер санына сай есептейдi.
      8. Тұрғын үй көмегiн есептеу үшiн барлық коммуналдық қызметтерге тарифтер мен олардың өзгерiстерiн қызмет көрсетушiлер бередi.

  2. Тұрғын үй көмегiн берудiң шарттары

      9. Тұрғын үй көмегiн тағайындауды үмiткер адамдар (отбасылар) оны ресiмдеу үшiн уәкiлеттi органға төмендегiдей құжаттар тапсырады:
      өтiнiш;
      жеке куәлiгi;
      салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi (бұдан әрi - СТТН); 
      тұрғын үйді жекешелендiру шарты немесе сату-сатып алу туралы шарт немесе сыйлау шарты немесе мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк немесе тұрғын үйдi жалдау шарты немесе тұрғын үйдi жалға алу шарты;
      отбасы құрамы туралы анықтама немесе үй кiтабы;
      өткен тоқсандағы отбасының табыстары туралы анықтама: еңбек табыстары, зейнетақылары, жәрдемақылары және мәлiмдеген басқа табыстарының құжатты куәландырылған сомалары;
      жұмыссыздар үшiн жұмыспен қамту бөлiмiнен анықтама;
      тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтердi тұтынуға ақы төлеуге есеп кiтапшалары, анықтама - шифр ашушылар (жировкалар); 
      газ үшiн есеп кiтапшалары (анықтамалар);
      қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненті екендігін растайтын (шарт не түбіртек - телекоммуникация көрсеткен қызметтері үшін есеп) құжаты. <*>
       Ескерту. 9-тармақ толықтырылды - Маңғыстау облысы мәслихатының 2004 жылғы 27 қазандағы N 7/119  шешімімен
      10. Жеке меншiгiнде бiреуден көп тұрғын үйдi (пәтер, үй) бар немесе тұрғын үйiн жалға (жалға алуға) немесе жалдауға беретiн адамдар тұрғын үй көмегiн алу құқынан айрылады. 
      11. Жанжалды, даулы және қалыптан тыс жағдайлар туындаса тұрғын үй көмегiн тағайындау мәселесiн шешу атаулы әлеуметтiк көмек сұраған адамдарың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеретiн учаскелiк комиссияның қарауына өткiзiлуi мүмкiн.
      12. Егер отбасыларында 1 және 2 топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейiнгi бала кезiнен мүгедектерге, 80 жастан асқан адамдарға күтiм жасайтын және 3 жасқа дейiнгi (бiр және одан көп) баланы тәрбиелеумен шұғылданушы, сондай-ақ төрт және одан көп балаларды тәрбиелеумен шұғылданушы кiшi баласы 1 сыныпты (бiрақ 9 жастан аспаған) бiтiргенге дейiнгi жандардан басқа, жұмыспен қамту жөнiндегi органдарда тiркелмеген еңбекке жарамды азаматтары бар болса, ол отбасыларына тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
      13. Ұсынылған жұмыспен жұмысқа орналастырудан дәлелсiз бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға, оқыту мен қайта оқытуға қатысуды тоқтатқан жұмыссыздар 6 ай мерзiмге тұрғын үй көмегiн алу құқығын жоғалтады.
      14. Тұрғын үй көмегiн алушылар 10 күннiң iшiнде өз тұрғын үйiнiң меншiк нысанының кез келген өзгерiстерi туралы, отбасы құрамы мен оның жиынтық табысы туралы, сондай-ақ мәртебесi туралы уәкiлеттi органдарға хабарлауға тиiс.
      15. Өтiнiш берушi тапсырған мәлiметтерiнiң толықтығы мен дұрыстығы үшiн Қазақстан Республикасының Заң актiлерiне сәйкес жауап бередi.

  3. Тұрғын үй көмегiн тағайындау

      16. Тұрғын үй көмегiн тағайындау немесе бас тарту туралы шешiмдер осы Ереженiң 9 бабына сәйкес тұрғын үйдi жалға алушының (меншiк иесiнiң) өтiнiшi мен оған тiркелген құжаттардың негiзiнде қабылданады.
      17. Тұрғын үй көмегi үйге құқығы болған кезде хабарласқан айдан бастап және ағымдағы тоқсанның аяғына дейiн тағайындалады.
      18. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi өтемдiк шаралармен қамтамасыз етiлетiн әлеуметтiк нормалар шегiнде тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтердi тұтыну үшiн жалға алушының (меншiк иесiнiң) нақты төлемi және бұл мақсаттарға осы отбасы шығындарының шектi деңгейi арасындағы  айырмасы ретiнде есептеледi.
      Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерiн анықтау үшiн формула:

П = НПЖ - (дхt)

      Мұнда П - тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi;
      НПЖ - тұрғын үй үшiн есептелетiн төлемдер (белгiленген әлеуметтiк нормалар шегiнде);
      д - отбасының жиынтық табысы;
      t - тұрғын үй ақысын төлеуге шығын нормативi (=30%).
      19. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығына күмән туған жағдайда уәкiлеттi орган құжаттарды өтiнiш берушi мен оның отбасының материалдық жағдайын тексеруге учаскелiк комиссияға жiберуге құқығы бар.

  4. Тұрғын үй көмегiн қаржыландыру және төлеу

      20.  Тұрғын үй көмегi аудандық және қалалық бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.
      21.  Тұрғын үй көмегi төлеу төмендегiше iске асырылады:
      "Қазақстан Халық Банкi" ААҚ Маңғыстау облыстық филиалы (бұдан әрi - банк) арқылы облыстық еңбек, тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы мен банк арасында жасалған Агенттiк келiсiмге сәйкес;
      тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi көрсетiле отырып, қызмет көрсетушiлерi кәсiпорынның есепшоттарына тағайындалған сомаларды аудару арқылы.
      22. Уәкiлеттi орган алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын, СТТН-н, жинақтары бойынша жеке есепшотының нөмірi, жеке куәлiгiнiң мәлiметтерi мен үйiнiң мекен-жайын көрсете отырып, тiзiмдердi түзедi.
      23. Ай сайын тағайындалған тұрғын үй көмегi тiзiмi негiзiнде қызмет көрсетушi-кәсiпорынмен тағайындалған көмектiң сомасына 2 данада кесiм-салыстырулар жасалады. Кесiм-салыстыруларға уәкiлеттi орган мен коммуналдық қызметтердi жеткiзушi кәсiпорынның өкiлдерi қол қоюға тиiс.
      24. Уәкiлеттi орган тұрғын үй көмегiн төлеуге жасалған тiзiмдердiң негiзiнде және олардың қорытынды сомаларымен толық сәйкес отбасылар мен олардағы мүшелерiнiң санын көрсете отырып, қаржыландыруға тапсырысты ағымдағы айдың 20-жұлдызына дейiн аудандық және қалалық қаржы бөлiмдерiне банкiге комиссиялық сыйақысымен жiбередi.
      25. Тұрғын үй көмегi заңсыз тағайындалған құжаттарды бұрыс ресiмдегенi үшiн лауазымды адамдар заңнамамен белгiленген тәртiпте жауапқа тартылады.

  5. Есеп беру

      26. Уәкiлеттi органдар, ай сайын, төлем жасалған айдан кейiнгi айдың 5-жұлдызынан кешiктiрмей төленген сомалар бойынша банкпен кесiмдiк - салыстырулар жасайды.
      27. Уәкiлеттi органдар, ай сайын,әр айдың 10-жұлдызынан кешiктірмей, жүргiзiлген кесiмдiк - салыстырулардың негiзiнде тұрғын үй көмегiнiң саны мен төленген сомасы бойынша есеп жасайды және облыстық еңбек, тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасына бередi.
      28. Уәкiлеттi органдар тоқсан сайынғы белгiленген нысандағы есебiнде аудандық, қалалық қаржы бөлiмдерiне, облыстық еңбек, тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасына және облыстық қаржы басқармасына тұрғын үй көмегiнiң тағайындалған және төленген сомалары туралы ақпараттар тапсырады.

  6. Бақылау

      29. Тұрғын үй көмегiн тағайындауының дұрыстығына бақылауды облыстық еңбек, тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы, қаржы басқармасының органдары арқылы iске асырылады.

О правилах оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержание жилья и потребления коммунальных услуг

Решение Мангистауского областного маслихата от 14 мая 2002 года N 19/195. Зарегистрировано управлением юстиции Мангистауской области от 24 мая 2002 года N 887

      В соответствии с подпунктом 11) пункта 1 статьи 6 Закона  Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" и пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" областной маслихат решил:
      1. Утвердить Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилья и потребления коммунальных услуг (прилагается).
      2. Предложить акимам городов и районов, областному управлению труда, занятости и социальной защиты населения организовать своевременное назначение и выплату жилищной помощи малообеспеченным семьям(гражданам).
      3. Рекомендовать областному финансовому управлению обеспечить финансирование расходов на выплату жилищной помощи за счет средств местного бюджета.
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня опубликования.

       Председатель сессии

      Секретарь областного маслихата

Правила
оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)
на оплату содержания жилья и потребления коммунальных услуг

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года  N 94-1  "О жилищных отношениях" (с изменениями, внесенными Законами Республики Казахстан от 7 июня 1999 года  N 391-1 , от 16 ноября 1999 года  N 477-1 , от 10 июля 2001 года  N 227-II ), от 23 января 2001 года  N 148-II  "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", от 5 июля 2004 года " О связи ", "Временным положением о порядке предоставления малообеспеченным гражданам жилищных пособий на содержание жилья и оплату коммунальных услуг, утвержденным  постановлением  Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1996 года N 437 и определяет порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)на оплату содержания жилья и потребления коммунальных услуг.
      Сноска: Внесены изменения  решением  Мангистауского областного маслихата от 10 декабря 2003г. N 2/28, дополнен -  решением Мангистауского областного маслихата от 27 октября 2004г. N 7/119.

  1. Общие положения

      1. Жилищная помощь на оплату содержания жилья и потребления коммунальных услуг (далее - жилищная помощь) - компенсация, предоставляемая малообеспеченным слоям населения для возмещения затрат по оплате содержания жилья (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг.
      2. Жилищная помощь является одной из форм социальной помощи населению и предоставляется малообеспеченным семьям(гражданам), постоянно проживающим в данной местности и являющимся собственниками или нанимателями (арендаторами) жилища. 
      3. Уполномоченным органом по назначению и выплате жилищной помощи являются районные и городские отделы труда, занятости и социальной защиты населения (далее - уполномоченный орган). 
      4. Жилищная помощь назначается при повышении фактических расходов семьи на оплату содержания жилья и потребления коммунальных услуг над долей предельно допустимых затрат на эти цели, которая рассчитывается как 30 процентов от совокупного дохода семьи. При этом фактические расходы семьи учитываются в пределах социальных норм. 
      5. Совокупный доход семьи исчисляется согласно " Правилам  определения совокупного дохода лица (семьи), претендующего на получение адресной социальной помощи", утвержденным приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан N 31-п от 13 февраля 2002 года, и рекомендациям Министерства труда и социальной защиты населения "О порядке применения законодательства о государственной адресной социальной помощи" от 27 марта 2002 года N 11-1-11/1367.
      6. Социальные нормы и применяемые при расчете жилищной помощи размеры расходов на содержание жилища, нормативы потребления коммунальных услуг (эксплуатационные расходы, тепло-водоснабжение, газоснабжение, канализация, электроснабжение, мусороудаление и обслуживание лифтов) устанавливаются акимом области.
      Компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон осуществляется путем включения суммы увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к городской сети телекоммуникаций, в структуру расходов по оплате содержания жилища, потребления коммунальных услуг и услуг связи.
      Сноска: Внесены изменения  решением  Мангистауского областного маслихата от 10 декабря 2003г. N 2/28, пункт 6 дополнен -  решением Мангистауского областного маслихата от 27 октября 2004г. N 7/119.       
      7. Размер жилищной помощи исчисляется уполномоченными органами ежемесячно, исходя из утвержденных на этот месяц тарифов, стоимости расходов по содержанию жилья и количества потребленных коммунальных услуг. 
      8. Тарифы на все коммунальные услуги и их изменения для расчета жилищной помощи предоставляются услугодателями.

2. Условия предоставления жилищной помощи

      9. Лица(семьи), претендующие на назначение жилищной помощи, представляют для его оформления в уполномоченный орган следующие документы: 
      заявление; 
      удостоверение личности; 
      регистрационный номер плательщика (далее РНН); 
      договор приватизации жилья, или договор о купле-продаже, или договор дарения, или свидетельство о праве наследования, или договор аренды жилого помещения, или договор найма жилого помещения; 
      справку о составе семьи или домовую книгу; 
      справку о доходах семьи за истекший квартал:документально подтверждаемые суммы доходов от трудовой деятельности, пенсий, пособий и прочих заявленных доходов; 
      справку с отдела занятости для безработных; 
      расчетные книжки, справки-расшифровки (жировки) на оплату за содержание жилья и потребление коммунальных услуг; 
      расчетные книжки за газ(справки);
      документ, подтверждающий факт того, что он является абонентом городской сети телекоммуникаций (договор либо квитанция-счет за услуги телекоммуникаций).  <*>
      Лица, имеющие в частной собственности более одной единицы жилья жилья (квартиры, дома) или сдающие жилые помещения в наем (аренду) или поднаем, утрачивают право на получение жилищного пособия. 
       Сноска: Пункт 9 дополнен -  решением  Мангистауского областного маслихата от 27 октября 2004 г. N 7/119
      11. В случае возникновения конфликтных, спорных или нестандартных ситуаций решение вопроса о назначении жилищной помощи может быть вынесено на рассмотрение участковых комиссий по обследованию материального положения лиц(семей), обратившихся за адресной социальной помощью.
      12. Жилищная помощь не назначается семьям, если в них имеются трудоспособные граждане, не зарегистрированные в органах по вопросам занятости, за исключением лиц, осуществляющих уход за инвалидами 1 и 2 группы, инвалидами с детства до 16 лет, лицами старше 80-ти лет; занятых воспитанием ребенка (одного и более) в возрасте до 3-х лет, а также воспитанием четырех и более детей-до окончания младшим ребенком первого класса(но не старше 9 лет). 
      13. Безработные, отказавшиеся без уважительных причин от предложенной работы или трудоустройства, самовольно прекратившие участие в общественных работах, обучение или переобучение, теряют право на получение жилищной помощи сроком на 6 месяцев.
      14. Получатели жилищной помощи должны в течение 10-ти дней информировать уполномоченные органы о любых изменениях формы собственности своего жилья, о составе семьи и ее совокупного дохода, а также статуса.
      15. Заявитель несет ответственность за полноту и достоверность представленных сведений в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан.

  3. Назначение жилищной помощи

      16. Решения о назначении или об отказе жилищной помощи принимаются на основании заявления нанимателя (собственника) жилья и прилагаемых к нему документов согласно п.9 настоящих Правил.
      17. Жилищная помощь назначается при наличии права на нее - с месяца обращения за ней и до конца текущего квартала.
      18. Размер жилищной помощи рассчитывается как разница между фактическим платежом нанимателя (собственника) за содержание жилья и потреблением коммунальных услуг в пределах социальных норм, обеспечиваемых компенсационными мерами, и предельно допустимым уровнем расходов данной семьи на эти цели.
      Формула для определения размера жилищной помощи:

      П=НПЖ-(Д*t) где П-размер жилищной помощи;

      НПЖ-начисленные платежи за жилье (в пределах установленных социальных норм);
      д-совокупный доход семьи;
      t-норматив расхода на оплату жилья(=30%).
      19. В случае возникновения сомнения в достоверности предоставленной информации уполномоченный орган имеет право направлять документы в участковые комиссии для обследования материального положения заявителя и его семьи.

   4. Финансирование и выплата жилищной помощи.

      20. Жилищная помощь оказывается за счет средств районных и городских бюджетов.
      21. Выплата жилищной помощи осуществляется:
      через Мангистауский областной филиал ОАО "Народный банк Казахстана"(далее банк) согласно Агентского соглашения, заключенного между областным управлением труда, занятости и социальной защиты населения и банком;
      перечислением назначенных сумм помощи на расчетные счета предприятий -услугодателей с указанием размера жилищной помощи. 
      22. Уполномоченный орган формирует списки с указанием фамилии, имени, отчества, РНН, номера лицевого счета по вкладам, данных удостоверения личности и домашнего адреса получателя. 
      23. Ежемесячно на основании списка по назначенной жилищной помощи с предприятиями-услугодателями составляются акты-сверки в 2-х экземплярах на сумму назначенной помощи. Акт сверки должен быть подписан представителем уполномоченного органа и предприятием-поставщиком коммунальных услуг.
      24. Уполномоченные органы на основе составленных списков на выплату жилищной помощи и в полном соответствии с их итоговыми суммами, с указанием количества семей и членов в них направляют до 20 числа текущего месяца в районные и городские финансовые отделы заявку на финансирование с выделением сумм расходов на комиссионное вознаграждение банку. 
      25. За неправильное оформление документов, по которым незаконно была назначена жилищная помощь, должностные лица, по вине которых это произошло, несут ответственность в установленном законодательстве порядке.

 5. Отчетность

      26. Уполномоченными органами ежемесячно, не позднее 5 числа месяца, следующего за месяцем, в котором была произведена выплата, составляются акты сверки с банком по выплаченным суммам жилищной помощи. 
      27. Уполномоченные органы ежемесячно, не позднее 10 числа каждого месяца, на основании произведенных актов-сверок составляют отчет по контингенту и по выплаченным суммам жилищной помощи и представляют в районные, городские финансовые отделы, областное управление труда, занятости и социальной защиты населения.
      28. Уполномоченные органы ежеквартально в отчете по установленной форме представляют информацию о суммах назначенной и выплаченной жилищной помощи в районные, городские финансовые отделы, областное управление труда, занятости и социальной защиты населения и областное финансовое управление.

 6. Контроль

      29. Контроль за неправильностью назначения жилищной помощи осуществляется областным управлением труда, занятости и социальной защиты населения, органами финансового управления.