Қала инфрақұрылымы объектілерін, аумағын кемелге келтіру, ұстау, Ақтау қаласы және қала жанындағы поселкелердегі тазалықты сақтау ережелері туралы

Күшін жойған

Ақтау қаласы мәлихатының 2002 жылғы 15 қазандағы N 26/239 шешімі. Маңғыстау облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 09 қаңтарда N 1246 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 2/25 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2012.04.12  № 2/25 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
туралы" Қазақстан Республикасы заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат шешім етеді:
      1. Қала инфрақұрылымы объектілерін, аумағын кемелге келтіру, ұстау,Ақтау қаласы және қала жанындағы поселкелердегі тазалықты сақтау ережелері бекітілсін (жалғанады).
      2. Осы шешім өз күшіне жарияланған күннен кейін күшіне енеді.

      Сессия төрағасы                  Ақтау қалалық
                                       мәслихатының хатшысы

Ақтау қалалық мәслихатының
15.10.2002 жылғы N 26/239
сессиясының "Қала инфрақұрылымы
объектілерін, аумағын кемелге
келтіру, ұстау,Ақтау қаласы
және қала жанындағы поселкелердегі
тазалықты сақтау ережелері туралы"

Қала инфрақұрылымы объектілерін, аумағын кемелге
келтіру, ұстау, Ақтау қаласы және қала
жанындағы поселкелердегі тазалықты сақтау
ЕРЕЖЕЛЕРІ

      Осы ережелер "Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 23.01.2001ж. N№148 , "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастары туралы" 16 сәуір 1997ж. N№94-1 , "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 16 шілде 2001ж. N№242-11 заңдарына сәйкес әзірленді, аумақты кемелге келтіру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау саласында жеке және заңдық тұлғалардың жауапкершілігін белгілейді және қарым-қатынасын реттейді, сондай-ақ Ақтау қаласындағы Өмірзақ, Маңғыстау поселкелеріндегі, Баянды селосындағы инфрақұрылым объектілерін ұстауды және қорғауды реттейді. Меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жалгерлердің, құрылысшылардың, ғимарат, құрылыс және құрылғы иелерінің, сол сияқты көрсетілген елді мекен тұрғындарының және келген адамдардың барлығы осы ережелерді сақтауға міндетті.

1. ТАЗАРТУ, КӨГАЛДАНДЫРУ МЕН КЕМЕЛДЕНДІРУ ҮШІН
ҚАЛАНЫҢ АУМАҒЫН ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРГЕ
БЕКІТУ ЖӘНЕ ҚАЛДЫҚТАРДЫ АЛЫП КЕТУ МЕН ЖОЮДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

      1. Жер бөлу кесімімен айқындалған, шағын аудандар ішілік
(аулалық) аумақтарды тазарту, көгалдандыру мен кемелге келтіру пәтер иелерінің тұтыну кооперативтеріне (ПИТК) немесе басқада тұрғын жері бойынша басқару органдарына жүктеледі, Қазақстан Республикасының заңымен айқындалған, магистралды көшелерді, жасыл көшет аймақтарын, бақша, саяжай жолдарын, тарихи және мәдени ескерткіштерді, табиғи және табиғат ландшафты мен ортақ қолданыстағы басқа да жерлерді тазарту, көгалдандыру мен кемелге келтіру мамандырылған кәсіп орындарға жүктеледі.
      2. Жеке аумақты және офистердің, палаткалардың, киоскілердің,
ларектардың, сондай-ақ шағын және орта бизнестің басқа да объектілерінің, оқу орындарының, мектеп жасына дейінгі мекемелердің, өнеркәсіп пен басқада кәсіпорындардың, құрылыс алаңдарының, қоймалардың, базалардың және олардың подъездерінің 5 метр радиус маңайындағы аумақты тазарту және сыпыру жөніндегі жұмыстарды осы объектілердің иелері қамтамасыз етеді, бұл жұмыстарды өз күштерімен, қаражаттарымен немесе мердігерлік ұйымдардың шарты бойынша жүргізеді, өзге аумақтың, (стадиондар, базарлар, ашық автомобиль тұрақтары, гараж құрылыс кооперативтері 10 метр радиус маңайындағы аумақтар) тазалығын сақтауға жауапкершілік тиісті жер пайдаланушыларға жүктеледі.
      Топырақ қабатына нұқсан келуіне байланысты өнеркәсіпті немесе өзгеде құрылысты жүзеге асырушы құрылыс және басқа да ұйымдар топырақтың құнарлы қабатын ағаштар отырғызу үшін алуға және сақтауға, сондай-ақ жұмыс өндірісі кезінде бүлдірген жер  учаскелері мен көшеттерді, құрылыс аяқталған бойда жедел өз есебінен қалпына келтіруге міндетті.
      3. Құрылыс, күрделі және ағымды жөндеу объектілерінің
маңайындағы аумақты тазалау, таза сақтау жауапкершілігі жөндеу құрылыс ұйымдарына немесе осы жұмыстарды жасаушы адамдарға жүктеледі.
      4. Жаңадан салынып жатқан тұрғын массивтеріндегі үйлердің
құрылысы кезеңінде құрылыс қоқыстарын жинауды ұйымдастыруды үйдің тапсырысшысы қамтамасыз етуі тиіс. Тұрақты тазарту үйді иесіне пайдалануға тапсыратын сәтте ұйымдастырылуға тиіс.
      5. Жекелеген объектілердің, әр түрлі ведомстволардың сондай-ақ
тұрғын аумақтардың санитарлық тазалығы арнайы мердігерлік мекемемен (жеке автокөлігі бар - өз күшімен) шарт негізінде жүргізіледі, санитарлық -эпидемиологиялық қызметтердің бақылауында болады.
      6. Тұрақты тазарту, қалдықтарды алуды жүргізетін, ұйымдар мен
тұрғын үй, өндірістік ғимараттардың және құрылғылардың иелері арасында жасалған шарт кестелері, облыстық санитарлық эпидемиологиялық станциясы келісімі бойынша жүргізіледі.
      7. Қатты және сұйық заттарды залалсыздандыру арнайы бөлінген
учаскелерде немесе талаптары "қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТБ) үшін полигондарды ұстау және орнату" деген санитарлық ережелер мен нормаларда (СемН) жазылған залалсыздандыру, өңдеу жөніндегі құрылғыларда жүргізіледі, қалдықтарды бұл үшін тағайындалмаған басқа жерлерге алып кетуге, сондай-ақ ауыл шаруашылық даласына (жайылымдарға) көмуге және өртеуге тыйым салынады.

2. ОРТАҚ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ

      8. Саяжайлардың, жаға жай демалыс аймақтарының, жаппай қыдырыс орындарының және басқа да ортақ қолданыстағы жерлердің аумақтары 1-бөлімде белгіленген талаптарға сәйкес ұсталады.
      9. Барлық алаңдар мен көшелерде, саяжайларда, вокзалдарда,
базарларда, қалалық көлік аялдамаларында және басқа да жерлерде жеткілікті санда урналар қойылуға тиіс. Урналардың ара-қашықтықтарын магистралды (аумақты) пайдаланудың интенсивтігіне қарамай коммуналдық шаруашылық органдары айқындайды, адам көп көшелерде -50 метрден көп емес, адам аз көшелерде -100 метр. Қала көлігінің аялдамасы болған жерлерде міндетті түрде урналар қойылуы керек. Урналардың орнатылуы мен ұсталуына, тазалығына, осы аумаққа бекітілген тазартуды жүзеге асыратын, шаруашылық жүргізуші субъектілер жауапты.
      10. Өз үйлері мен офистерінің сауда орындарының, палаткалардың, ларектардың, павильондардың жанына скверлерге, парктерге, бульварларға жағажайларға қалдықтар (жиналған қатты тұрмыстық қалдықтардың көлеміне қарай-контейнерлер қойылады) үшін урнаны иелерінің өздері қояды.
      Контейнерлер мен урналар дұрыс қажетті жағдайда болуы тиіс, жиналуына қарай қалдықтар тазартылуға тиіс, ҚТҚ-тар жою үшін полигонға әкетіледі, контейнерлер мен урналар тұрақты түрде жуылуға, дезинфекция жасалуға, жылына кем дегенде 2-рет сырлануға тиіс.
      11. Ыдыстарды, товарлардың артықтарын киоскілердің
палаткалардың ұсақ бөлшек сауда павильондарының, дүкендердің және өзгеде кәсіпкерлік объектілердің жанында сақтауға тыйым салынады.
      12. Тез бұзылмайтын азық-түліктерді, көкөністер мен жемістерді сатуға палаткалардың, ларектардың, киоскілердің жанындағы көшелерге қою үшін санитарлық-эпидемиологиялық станциямен қала әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісу тиіс.
      13. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында, ашық алаңдарда,
шашлык пісіретін жерлерде, киоскілерде, сауда павильондарында келушілер мен адамдар үшін стационарлық дәретхана жоқ болса көшпелі дәретхананы орнату міндетті шарт.
      14. Көлік құралдарын пайдалану және жөндеуге байланысты қаланың аумағын ластауға, балалар алаңында, тұрмыстық қалдықтарды әкетуге кедергі жасайтын аула аумақтарының адам өтетін бөлігінде көлік құралын қоюға және механикалық тазарту жасауға, сондай-ақ тұрғын үйлердің жанында сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін көлік, ыдыратылған көлік құралдарын қоюға тыйым салынады.

3. АЙРЫҚША АУМАҚ ОБЪЕКТІЛЕРІН ТАЗАРТУ

      15. Айрықша аумақ объектілерінде (базарлар, жағажайлар, саяжайлар, емдеу алдын алу мекемелері) санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың келісімінсіз санитарлық қондырғыларды салуға, қайта жабдықтауға, қалдықтарды жинауға, автокөлікті жууға, ыдыстар мен ағаштарды, олар үшін бөлінбеген жерлерге қоюға тыйым салынады.
      16. Жағажайлар.
      Жағажайдың техникалық қызметкері ол жабылғаннан кейін
жағалауды, дәретханаларды, шешінетін жерлерді, жасыл аймақтарды тазартуға, дәретханаларды дезинфекциялауға, ыдыстарды (тараларды) жууға тиіс. Күндіз патрульды тазарту жүргізілуі тиіс.
      Жиналған қалдықтарды алып кету таңғы 8-ге дейін рұқсат
етіледі. Урналарды көшеттер жолағынан 3-5 метр қашықтықта, су ағатын жерлерде 10 метр қашықтықта қою қажет. Жағажай аумағының 1600 шаршы метріне кем дегенде 1 урнадан қойылуға тиіс, олардың арасындағы қашықтық 40 метрден аспауы қажет.
      0,75 текше метрлік контейнерлер жағажай алаңының 3500-4000
шаршы метріне 1-еуден орнатылуы керек.
      Жағажай аумағында 75 келушіге 1-қоғамдық дәретхана орнатылуы
тиіс. Қоғамдық дәретханамен суға түсетін жердің арасы 50 метрден кем, 200 метрден артық болмауы тиіс.
      Жағажай аумағында ауыз су ағатын фонтан қондырылуға тиіс, ол
2874-82 "Ауыз су" мемлекеттік стандартына және № 3.01.067-97 санитарлық ережемен мөлшеріне сәйкес болуға тиіс, фонтандар арасындағы қашықтық 200 метрден аспауы тиіс.
      Ашық және жабық шешінетін жерлер, шешінуге арналған
павильондар, гардеробтар дезинфекция жасайтын сұйықты қолдана отырып күн-сайын жуылуға тиіс.
      Суға түсуге арналған жерлерде кір жууға және жануарларды
жуындыруға тыйым салынады.
      17. Базарлар.
      Базар (соның ішінде шаруашылық жүргізілетін алаңдар, кірме
жолдар) алаңының, еріген және жаңбырдың суын ағуды қамтамасыз ететіндей, еңіс қатты қабаты (асфальт, булыжниктер) болуға тиіс.
      Базарлар айрықша аумақтарға орналастырылуға, 2.07.01-89
құрылыс нормалары мен ережелерін және басқа да нормативті құжаттарды ескере отырып, тұрғын үй құрылысынан кем дегенде 50 метр қашықтықта болуға тиіс. Базар аумағында канализация және су құбыры болуы керек.
      Канализациясы жоқ базарларда қоғамдық дәретханалар сауда
орындарынан 20 метр қашықтықта орналастырылуға тиіс. Олардың саны әр 50 сауда орнына 1-еуден болуға қажет.
      Базар алаңының әр-бір 50 шаршы метріне 1 урнадан қойылуға
тиіс, олардың арасындағы қашықтық сауда прилавкаларының линиялары бойында 10 метрден аспауы керек. 100 литрге дейінгі сыйымдылығы бар қоқыс жинағыштар базар алаңының 200 шаршы метріне 1-еуден қойылуы қажет, олар сауда прилавкаларының линиясында орнатылуы керек, арасындағы қашықтық 20 метрден аспауға тиіс. Тамақ қалдықтарын жинау үшін арнайы ыдыс қою керек.
      Базарлардың көлемі 0,2 және одан да астам гектар алаңдарында
жиналған қалдықтарды сыйымдылығы 0,75 текше метрлік контейнерлерде сақтау қажет.
      Базарлардың жұмыс сағатын олардың басшылары (иелері)
белгілейді. Аптасына 1 кезек базардың барлық аумағын, негізгі және қосалқы орын жайларды, сауда орындарын прилавкаларды, столдарды тазарту және оларға дезинфекция жасау үшін санитарлық күн жарияланады.
      Базардың техникалық қызметкері ол жабылғаннан соң аумаққа
тазарту жүргізуге тиіс. Күндіз патрульды тазарту және қалдық жиналған ыдыстар тазартылуы тиіс.
      18. Саяжайлар мен скверлер.
      Шаруашылық аймағы (ауысымды қоқыс жинағышты орнату үшін бөлінген учаскелермен) демалушылардың жаппай жиналатын жеріне (би алаңдары және басқалар) 50 метрден жақын орналаспауға тиіс.
      Дем алушылардың жаппай жиналатын жерінен аулақ жерлердегі
қалдықтарды жинаудың қолайлылығы үшін қалдықтарды уақытша сақтауға арналған қоқыс жинау урналарын қондыру керек.
      Шаруашылық алаңдары үшін контейнерлердің саны 3 күндегі
қалдықтардың жиналуына қарай қойылуы тиіс.
      Қоғамдық дәретханалар дем алушылардың жаппай жиналатын жеріне
50 метрден жақын орнатылмауы қажет, 500 келушіге 1 орын.
      Негізгі тазарту сағат 7-ден 11-ге дейін жүргізіледі, қалған
уақыттары қалдықтарды жинау, патрульды жинауды, жүргізу жасыл көшеттерді суару керек.

4. ҚАЛА АВТОЖОЛДАРЫН (ӨТКЕЛЕКТЕРДІ) ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ

      19. Жолдың жазғы тазартылуы сәуірдің 15-мен қарашаның 15
аралығы кезеңінде су шашу машинасының көмегімен, жол төсемдеріне жуу-сыпырып тазарту арқылы жүргізіледі. Жууды 2 тәулікте кем дегенде 1-рет түнгі сағат 23-ден таңғы сағат 7-дейін жүргізу қажет. Күніне 1-рет сағат 7-ден 21-ге дейін міндетті түрде су шашып, сыпыру керек.
      20. Түнгі уақытта жұмысты жүргізген кезде (қай кезең болса да) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы әкімшілік шаралары туралы Кодексінің 333 бабының талаптары, сақталуға тиіс, яғни түнгі мерзімде (кешкі 23-сағаттан таңертеңгі 6-ға дейін) тыныштықты бұзу, азаматтардың тыныштығына және демалуына кедергі болмауы қажет. Тазарту машиналарының жұмыстары қозғалысы жол қозғалысының ережелерін сақтай отырып жасалады.
      21. Қала өткелектерін қысқы тазарту қарашаның 15 нен сәуірдің 15-не дейін жүзеге асырылады. Табиғаттың тосын жағдайларынан, қардан жолды тазартуды қамтамасыз ететін операцияларды жүргізудің қажеттілігіне байланысты, арнайы машиналар ең қысқа мерзімде жедел жүріп кету үшін үнемі дайын тұруға тиіс.
      Қар тазартатын механизмдердің технологиялық маршруттары ең интенсивті қозғалысы бар көшеден басталуы қажет.
      22. Үй төбелеріндегі қарларды тазарту, мұздан пайда болған
шашақтарды алу құрылыс иелерінің міндетіне жатады және ол сақтық шараларын (кезекші бөлу, тротуарларды қорғау) сақтай отырып жүргізілуге тиіс. Үй төбелерінен лақтырылған қар сол бойда бір жерге үйіліп, қажет болған жағдайда алып кетілуі керек.

5. ҮЙ ИЕЛІГІН ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ

      23. Ведомстволық бағынысына, меншік нысанына қарамастан үй
иелігі тұрақты түрде, жоспар бойынша, қандай болсын тапсырыс алмай-ақ тұрмыстық қалдықтардан тазартылып тұруға тиіс, және осы мақсаттарға арналған арнайы көлікпен жүргізілуі керек.
      24. Үй иелігінің аумағында көлік баруға қолайлы контейнерлер орнату үшін арнайы алаң бөлінуі тиіс, алаң ашық, су жібермейтін қабаты болуы,  жасыл көшеттермен қоршалуы керек.
      25. Тұрғындарды шуылмен алаңдатпауды қамтамасыз ету үшін тұрмыстық қалдықтар үй иелігінен таңғы 7-ден қалдырмай кешкі 23- дейін алынуы тиіс.
      26. Алаң меншік иесі тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтайтын
контейнерлерді, қоқыс құбырын уақытында өз күшімен немесе арнайы ұйыммен жасалған шарт бойынша қоқыстан тазартуға, контейнер алаңын тазартып, дезинфекция жасауға міндетті. Маңайдағы аумақ алаң қалдықтарымен лас болған жағдайда алаң иесі тазарту жөнінде жедел шаралар алуға немесе аумақты тазарту шығынын өтеуге міндетті.
      Қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды кешіктіріп алып кеткені
үшін меншік иесі жауапты.
      Меншік иесінің қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды алып кету
жөнінде қызмет көрсетуге жасалған шарты, оны алып кету кестесі, орындалған жұмысы үшін уақытында төленген төлемі бар болса, қоқысты уақытында алып кетпегені үшін шарт жасасқан арнайы ұйым жауапты.
      27. Ғимараттарды пайдалану жөніндегі мекемелер, кәсіпорындар мен мекемелер тұрғын үй бөлімдері, коменданттар мен үй басқарушылары, пәтер иелерінің кооперативтері мыналарды орындауға тиіс:
      тұрмыстық қалдықтарды уақытында алып кетуге шарт жасауға;
      түсіндіру жұмысын жүргізуге және ел қоныстанған аумақты
сақтаудың, санитарлық ережелерін сақтау жөніндегі шараларды орындау үшін халықты ұйымдастыруға;
      подъездерді, шатырларды, төлелерді және үйлерді өртке қарсы
және санитарлық тиісті жағдайда ұстауға;
      қоқыс салғыштың астына су жібермейтін қабат, төсеп алаңды
жабдықтауға;
      көше мен ауланың қалдықтарын жинау үшін қолданылатын керек
жарақ инвентарьларды және  жабдықтарды қамтамасыз етуге;
      қоқыс салатын камераларды, алаңдарды, қоқыс жинағыш астын,
сондай-ақ қоқыс жинағышты тұрақты түрде жуу, дезинфекциялау және дезинсекциялау жөнінде шаралар алуға.
      28. Тазарту жөніндегі кәсіпорындар мыналарды орындауға тиіс:
      үйлердің, ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың аумағынан қатты және сұйық  тұрмыстық қалдықтарды алып кетуді уақытында (шартқа сәйкес) жүзеге асыруға;
      әрбір арнайы машинаға, қозғалыс схемасы бар, маршрут кестесін жасауға;
      өзгеріп отыратын, пайдалану жағдайына сәйкес маршрут кестелерін үйлестіруге;
      жеке меншік құқындағы азаматтарға қарасты үйлердің құрылысы жүріп жатқан аудандарда бекітілген маршрут кестелерін міндетті түрде орындауды қамтамасыз етуге;
      қатты тұрмыстық қалдықтардан жоспарлы тұрақты тазартуды аптасына кем дегенде 2-рет жүзеге асыруға.
      29. Әрбір елді мекенде қатты тұрмыстық қалдықты жоқ қылуды
тиісті коммуналдық қызмет белгілейді және санитарлық-
эпидемиологиялық қызметтің жергілікті мекемелерімен келіседі.
      30. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін кемелденген тұрғын үй қорында стандартты металл контейнерлерін (0,75 текше метр) қолдану керек. Канализациясы жоқ үй иеліктерінде ағаш немесе металлдан жасалған қоқыс жинағыштарын қолдануға болады.
      31. Контейнерлер орнатуға арналған алаңдар тұрғын, қоғамдық
үйлерден, спорт алаңдарынан, халық дем алатын жерлерден кем дегенде 20 метр қашықтықта болуы керек. Алаңдардың көлемі контейнерлердің қоюдың қажет санына қарай есептелуі керек, бірақ 5-ден көп емес. Қалдықтарды, әсіресе тұрғын үй аумағындағы,  уақытша сақтау орнын сәулет бөлімімен және санитарлық-эпидемиологиялық станциямен (бұдан әрі СЭС-деп аталады) келісу керек. 
      Аула дәретханасын қондырудың, қалдықтарды уақытша сақтау
орындарын белгілеудің  мүмкіндігі жоқ құрылыс салынып жатқан аудандарда, кейбір жағдайда бұл қашықтықты комиссия белгілейді (сәулетшінің тұрғын үй пайдалану ұйымының санитарлық дәрігердің қатысуымен).
      Жеке үй иелігінің аумағында қоқыс салғышты, аула дәретханасын
және жуынды құятын шұқырды орналастыратын жерді үй иелерінің өздері айқындауға тиіс, қашықтық 8-10 метрге дейін қысқаруы мүмкін. Даулы жағдайда бұл мәселені СЭС, сәулет бөлімінің және жергілікті әкімдіктің өкілдерімен комиссия қарайды.
      32. Жазғы кезеңде қалдық салғыштарды алмастырылмайтын жүйеде
10 күнде кем дегенде 1 рет, алмастырылатын жүйеде босатқан сайын жуып тұру қажет. Энтомологиялық көрсеткіштер бойынша дезинсекция жүргізу керек.
      33. Қалдық салғыштан, қоқыс таситын көліктен тамақ қалдықтарын және қайталама шикі заттарды (мата, банкі, бөтелкі және басқада заттар) алуға болмайды.
      34. Бес қабаттан жоғары салынатын тұрғын үйлерге қоқыс құбырын қондыру керек.
      35. Қоқыс құбырының камерасының есігі үй мен басқа да орын
жайлардан оқшаулануы қажет. Камераның едені асфальтталған, подъездің деңгейімен бірдей болуы керек. Қоқыс құбырына тұрмыстық қалдықтарды қоқыс қабылдайтын камераның еденіне лақтыруға тыйым салынады (қоқыс қабылдау камерасында арнайы тара (ыдыс) болуы керек.
      36. Қоқыс құбыры, қоқыс құбырының камерасы ақаусыз болуына
тиіс. Баспалдақ алаңындағы қоқыс құбырларының клапандарының қақпағы мықты болуға тиіс, гермитизациялау және шуылды басу мақсатында резина прокладкалармен қамтылуы керек. Қоқыс құбыры бар тұрғын үйлерде апта сайынғы тазарту, қоқыс құбырының ұйғысын дезинсекция, дезинфекциялау үшін жағдай жасалуы керек. Бұл үшін ұңғылар тиісті қондырғылармен жабдықталады.
      37. Ірі қалдықтарды алып кетумен жоқ қылуды аптасына кем
дегенде 1-рет, жиналғанына қарай, орын жайдың меншік иесі (үй мен ғимараттың иелері) жүргізеді.
      38. Камераны қоқыс құбырын, қоқыс салғышты, камерадан
қалдықтарды тиейтін жердің маңайын сақтаудың жауапкершілігі сол үй бағынатын ұйымға жүктеледі.
      39. Канализациясы жоқ үй иеліктерінен сәйың қалдықтарды жинау
үшін жуынды құятын құдық орнатылады. Оның қабырғалары ылғалды жайылтпауға, жердің бетінде және қақпағы қатты қалдықтарды бөлу үшін торы болуы керек. Тазартуға қолайлы болуы үшін құдықтың торы, үстіңгі қабырғасы алмалы-салмалы болуға тиіс.
      40. Канализациясы жоқ ауладағы қоғамдық дәретханалар тұрмыстық және қоғамдық үйлерден, балалар ойнайтын және халық дем алатын алаңдардан кем дегенде 20 метр және 100 метр қашықтықта болуға тиіс.
      41. Аула дәретханаларының орын жәйлары таза сақталуға тиіс,
оларды күн сайын тазарту керек. Аптасына кем дегенде 1 кезек орын жайды дезинфекция жасайтын құралдармен жуу қажет.
      42. Терівенерологиялық, жұқпалы және туберкулез
ауруханаларының, сондай-ақ жұқпалы аурулармен ауырғанды сауықтыру жөніндегі арнайы санаториялардың асханаларынан, ресторандар мен аэропорт кафелдерінен, халықаралық линияларға қызмет жасаушы поездардан ас қалдықтарын жинауға тыйым салынады.
      Қалдықтарға арналған басқада ыдыстардан қалдық салғыштардан
тамақ қалдықтарын теруге тыйым салынады.
      43. Алып кеткенге дейінгі тамақ қалдықтарын уақытша сақтау
оның азуымен, адамдардың жағдайына кері әсер етпеуі үшін тәуліктен аспауға тиіс.
      44. Сауда және қоғамдық тамақтандыру объектілеріндегі тамақ
қалдықтарын, олардың бағынысы мен меншік нысанына қарамастан, тек қана салқын орын жайларда уақытша сақталуы керек.

6. ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ АУМАҒЫНДА ШАҒЫН
СӘУЛЕТ НЫСАНЫН ОРНАТУ МЕН ҰСТАУДЫҢ РЕТІ

      45. Ішкі кемелге келтірудің барлық элементтері, соның ішінде фасадтарды әрлеу аумақтық құрылысын реттеуді айқындайтын ережелерге сәйкес орындалуға тиіс.
      46. Қоршаулардың, дуалдардың, киоскілердің, палаткалардың,
павильондардың, ларьектардың, жарнама стендтерінің құрылысын салуға, олардың маңдайшаларын, әр түрлі көрнекі және басқада қондырғыларды безендіруге, саяжайға отырғыштар орнатуға, белгіленген ретте келісілгеннен соң ғана жол беріледі.
      Барлық шағын сәулет нысандары ақаусыз болуы, жылына кем
дегенде 1-рет сырлануы керек.
      47. Көшені жарықтандыратын шамдар, шамдық жарнамалар мен
шамдық маңдайшалар, подъездердің шамдары қараңғы түскеннен кейін жағылуы қажет.
      48. Тұрғын үй қызметтік, өндірістік және өзге үйлер мен
құрылғылардың иелері үйлердің нөмір белгілерін, көшелердің көрсеткіштерін, сондай-ақ маңдайшаларды ақаусыз жағдайда ұстауға міндетті, олар "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заңға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуға тиіс.

7. ИНЖЕНЕРЛІК ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ, КОММУНИКАЦИЯЛАРДЫ
ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕР МЕН АВТОКӨЛІКТЕРДІ ҰСТАУДЫҢ РЕТІ

      49. Иелігінде жер асты желілері бар иегерлер газ люктерінің,
канализация, су құбыры, жаңбырға арналған және де басқа құдықтардың қақпақтарын жолдың төселімі деңгейінде болуын қадағалауға міндетті, олар үнемі ақаусыз жағдайда ұсталуы керек.
      50. Жердің үстіндегі және грунттардағы суларды ағызатын,
каналдарды, құбырлар мен дренаждарды, жаңбырдың суын жинайтын құдықтарды тазалау қажеттігіне қарай жүргізіледі, қоқыс сол бойда алып кетіледі.
      Қоймалардың, базалардың, карьерлердің, құрылыс алаңдарының
және басқа да объектілердің иелері мыналарды қамтамасыз етеді:
      кірме жолдарды, көліктің айналуына арналған алаңдарды таза
ақаусыз ұстау;
      жүретін және іште салынып жатқан жолдарға қатты қабат төсеу;
      ласталған автомашиналар мен құрылыс механизмдерін, көліктің
аяқтары мен астауларын көрсетілген объектілерден көшеге шықпастан бұрын жуу.
      51. Құрылыс алаңдары бүкіл периметр бойынша белгіленген
үлгідегі қоршаулармен қоршалуға тиіс.
      Қоршауда шағын өтетін жолдар болуы және ол қосалқы жолдар
жағынан шығуы керек.
      52. Көшелердегі, үлкен жолдардағы, квартал ішіндегі аумақтағы жөндеу, құрылыс және де басқада жерге қатысты жұмыстарды заңдық және жеке тұлғалар белгіленген ретке сәйкес, осындай жұмыстар өндірісіне құқық беретін, ордер рұқсат беретін өкілетті органның келісімімен жүзеге асырылады, адамдардың қауіпсіздігі үшін жол белгілері мен көрсеткіштер жұмысты орындаушылар туралы ақпарат, жұмыстың жүргізілетін мерзімі, уақытша қолайсыздық туғызғаны үшін халықтан кешірім илінеді.
      53. Тізімін автомобиль жолдарын пайдалану жөніндегі
мамандырылған қала кәсіпорындары белгілейтін және қала әкімі бекітетін үлкен жүк таситын көліктер мен ауыр техникалардың белгілі бір уақытқа қалаға кіруіне және болуына қаланың жол полициясының бастығы рұқсат етеді. Тек қатты тұрмыстық қалдықтарды үлкен және басқа да қоқыстарды қаланың тұрғын массивінің аумағынан үнемі алып кетіп, тазартып отыратын коммуналды қызметтер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың көліктері ғана шаруашылық жүргізуші субъектілердің шарттары бойынша қалаға кіріп, жүре алады.
      54. Көлік құралдарының иелері, жеке автокөлік жүргізушілері
көлік құралдарын таза ұстауға міндетті, ласталған көлік құралына қаланың ішінде жүруге рұқсат етілмейді. Көшені ластауы мүмкін сусымалы және де басқа жүктердің беті жақсылап жабылуы тиіс.
      Жолдың жүретін бөлігін немесе ортақ қолданыстағы жерлерді
ластауға жол берген шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары немесе жеке тұлғалар ластаған жерін тазалауға немесе оларды пайдаланушы ұйымдардың шыққан шығындарын өтеуге міндетті.

8. ОСЫ ЕРЕЖЕНІҢ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ІС ӘРЕКЕТТЕРІ

      55. Мыналарға тыйым салынады:
      көшелерде, тротуарларда, газондарда, қоқыс салғыштарда
(контейнерлерде) сондай-ақ үйлердің фасадтарында ағаш, көмір, пішен, сабан, улы химикаттар, металл сынықтарын, минералды тыңайтқыштар және басқа да материалдарды жинауға;
      балкондардың (лоджиялардың) сыртына жуылған кір, кілем,
матрацтарды жаюға және олардан қоқыстарды шашуға;
      көшелердің өтетін, адамдар жүретін бөлігіне, құрылыстан бос аймақтарға, теңіз жағалауына, көшеттер аумағына және ортақ қолданыстағы басқа да жерлерге қоқыстар, тұрмыс қалдықтарын (темекінің тұқылы, бөтелкелерді, қағаздарды) лақтыруға;
      тұрғын үйлер жанында санаториялар, аймағында көлік құралдарын жууға, кір жууға, жануарларды шомылдыруға;
      жолдың және тротуарлардың адамдар жүретін бөлігінде қоршалмаған газ люктерінің, канализацияға, су құбырына, жаңбыр суына арналған құдықтардың қақпағын ашық тастауға болмайды;
      көшелерде, бақшаларда, саяжайларда, стадиондарда, мектеп жанындағы учаскелерде және ортақ қолданыстағы басқа да жерлерде мал бағуға, айдауға, құс бағуға;
      иттерді қыдыртуға арналған аумақтан басқа жерге қыдыртуға, иттің қиын тазаламай кетуге;
      қаланың көшелерімен трактор табанды көліктің жүруіне;
      ортақ қолданыстағы жасыл көшеттер аумағында көкөніс және ауылшаруашылық дақылдарын егуге;
      сусымалы және сұйық жүктерді автомашиналарда, ақаулы астауларда, жабдықталмаған тіркеулерде бетін жаппай тасуға;
      жерге байланысты жұмыстарды жүргізгенде құрылғыларды (жол төселімдері, бордюрлер, қоршаулар, люктер, құдықтар, су ағатын торлар, лотоктар, кювейттер, су ағар құбырлар, дренаждар т.т.), жасыл көшеттерді бүлдіруге, сондай-ақ оларды құммен көмуге; жылу, сумен қамту және канализация жүйелерінің ақауын жөндеу жөніндегі авариялық жұмыстарды жүргізген шақта суды тротуарларға, газондарға, көшенің адамдар жүретін бөлігіне төгуге;
      кәсіпорындардың, ұйымдардың аумақтарында көшелерде, газондарда, тұрғын кварталдарында жеке меншік учаскелерде қоқыстарды, жапырақтарды өртеуге;
      хабарландыруларды, жарнамаларды, афишаларды және т.т. өз бетімен ілуге.
      56. Жасыл көшеттер өсіп тұрған аумақта мыналарға тыйым
салынады:
      газондардың үстінде жүруге, жасыл желектерді сындыруға, үзуге, кесуге;
      жолды тазалау мақсатында тұз, жасыл көшеттерге зиянды басқа да заттарды қолдануға;
      көліктермен мотоциклдермен, велосипедтермен және басқа да
көлік құралдарымен (арнайы көліктерден басқа) жүруге;
      газондардың жанында жолаушы көлігінің аялдамасын белгілеуге,
от жағуға және басқа да өртке қарсы ережелерді бұзуға;
      ағаштарға электр сымдарын басқада сымдарды әлпеншектерді
ілуге;
      тиісті қызметтермен келіспей, ағаштарды кесу ережелерін
сақтамай, белгіленген агрономиялық мерзімнен басқа кезде, ағаштарды тегістеп кесуге;
      тиісті қызмет жасаушы ұйымдармен келіспей өз еркімен
ағаштарды, бұталарды шабуға;
      пәтерлерден және үй иелігінен тысқары жерлерде өз бетімен
қоршау жасауға.

9. ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ АУМАҒЫН САНИТАРЛЫ ЖАҒДАЙДА ҰСТАУ, КЕМЕЛГЕ
КЕЛТІРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ӨКІЛЕТТІ ОРГАНДАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ

      57. Денсаулық қорғау туралы Қазақстан Республикасының негізгі заңнамаларына сәйкес, көшелерді, аулаларды және қаланың басқада аумақтарын, сондай-ақ ортақ қолданыстағы жерлер мен жаға жайларды ұстаудың санитарлық ережелерін сақтауды қадағалауды ішкі істер органдары, экологиялық, өртке қарсы қызмет, санитарлық және сәулеттік құрылыс-құрылысты қадағалау органдары жүзеге асырады.
      58. СЭС мекемесінің мамандары мына міндеттерді орындауды
қамтамасыз етуге тиіс:
      елді мекендерде санитарлық тазарту мен кемелге келтіруді
ұйымдастыру жөніндегі жергілікті басқару органдарының шешімдерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтардың полигондарын
орналастыру және жобалау жөніндегі материалдарды, қаланың санитарлық тазалығының схемасын, т.т. қарау және келісу;
      елді мекендердің санитарлық жағдайына байланысты халықтың
ауруын зерттеу және талдау;
      эпидемиологиялық жағдайға байланысты, аумақтық тазалығын
тексеру, рейдтерін өткізу туралы тұрған үй коммуналды-шаруашылық органдарының басшыларына ұсыныс беру;
      эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қатты қалдықтарды
жинау, алып тастау және алып кету жүйесін ұйымдастыру жөніндегі арнайы тұрғын үй органдары мен кәсіпорындары үшін санитарлық минимум жөнінде жылына 1-рет қажет жағдайда жиі нұсқаулар мен сабақтар өткізу.

10. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫҚ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРДІ
БҰРМАЛАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

      59. Ережелерді бұрмалаған кінәлі жеке және заңдық тұлғалар 30 қаңтар 2001 жылғы N№155-11 "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекске сәйкес жауапқа тартылады (ҚРӘҚБт).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады