Сыртқы (визуалды) жарнама объектілерін орналастырғаны үшін төлемақы мөлшері туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Мәслихатының шешімі (ІІ сайланған, ХVІІІ (кезектен тыс) сессия) 2002 жылғы 18 наурыздағы N 15/18. Павлодар облысының әділет басқармасында 2001 жылғы 3 сәуірде N 1146 тіркіледі. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі N 224/16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2009.07.24 N 224/16 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы K010209_ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексі жергілікті маңызы бар ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және облыс елді мекендерінде сыртқы (визуалды) объектілерді орналастырғаны үшін төлемақы өндіріп алу жөніндегі 491 бабының 2 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жергілікті маңызы бар ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және облыс елді мекендерінде сыртқы (визуалды) объектілерді орналастырғаны үшін төлемағы мөлшері белгіленсін (төлемағы мөлшері қоса беріліп тұр). 2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына (Шабрат Н.П) жүктелсін. II сайланған облыстық мәслихаттың ХVІІІ (кезектен тыс) сессиясының төрағасы Облыстық мәслихаттың хатшысы II сайланған облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 18 наурыздағы ХVIII (кезектен тыс) сессиясының № 15/18 шешімімен бекітілген Жергiлiктi маңызы бар ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (визуалды) жарнама объектiлерiн орналастырғаны үшiн ай сайынғы төлемағы мөлшерлемелерi ___________________________________________________________________________ Жарнама объектiсiнiң көлемi, | Айлық есептiк көрсеткiштердегi шаршы метр | төлем мөлшерлемесi ___________________________________|_______________________________________ 2-ге дейiн | 2 ___________________________________|_______________________________________ Ескерту: Жергiлiктi маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының бұрылыс жолағында объектiсiнiң аумағы 2 шаршы метрден асатын сыртқы (визуалды) жарнама объектiлерiн орналастырқаны үшiн төлем ақысы артады және арту көлемiне сәйкес айлық есептiк көрсеткiштiҚ 0,5 мөлшерiнде белгiленедi. Оқығандар: В.Подолян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады