Жайылымдық шабындықты пайдалануды жақсарту және Ертiс өзенi жайылмасына мемлекеттiк табиғи қаумал мәртебесi берiлуiне байланысты жайылымның сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімиятының қаулысы 2002 жылғы 4 маусымдағы N 132/7. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 13 маусымда N 1267 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 178/13 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 178/13 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 маусымдағы "Республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдар және мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi туралы" N 877 P010877_ қаулысына сәйкес жайылымдық шабындықты пайдалануды жақсарту және Ертiс өзенi жайылмасына мемлекеттiк табиғи қаумал мәртебесi берiлуiне байланысты жайылымның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 1-қосымшаға сәйкес 2002 жылы жайылымдық шабындықты қалалар мен аудандар арасындағы қайта бөлу бекiтiлсiн.
      2. Павлодар және Ақсу қалаларының, аудандардың әкiмдерi: жеке үй (қосалқы) шаруашылықтардың иелерiне шабындық телiмдерiн артықшылықпен берудi қамтамасыз ете отырып, 2002 жылғы 15 маусымға дейiн жердi пайдаланушылар арасында жайылымдық шабындықты қайта бөлудi аяқтасын;
      жердi уақытша пайдалануға келiсiм шарт бойынша жайылымдық шабындық телiмдерiн беру арқылы бұл жұмысты бұдан былай ұзақ мерзiмдi негiзде жүргiзетiн болсын.
      3. 2-қосымшаға сәйкес жайылымдық шабындықты пайдалануды жақсарту және Ертiс өзенi жайылмасына мемлекеттiк табиғи қаумал мәртебесi берiлуiне байланысты жайылымның сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдық-шаруашылық және құқықтық iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) мен жердi пайдаланушылар мен мемлекеттiк органдардың Ертiс өзенi жайылмасына мемлекеттiк табиғи қаумал мәртебесi берiлуiне сәйкес оның жайылымында өртеңдер мен өрттердiң алдын алу мен оларды жою жөнiндегi қоса берiлiп отырған iс-қимыл ережелерi бекiтiлсiн.
      4. Павлодар мен Ақсу қалаларының, аудандардың, ауылдық округтердiң, кенттердiң әкiмдерi, облыс бойынша жер ресурстарын басқару комитетi (келiсiм бойынша), облыс бойынша қоршаған ортаны қорғау (келiсiм бойынша), облыс бойынша төтенше жағдайлар (келiсiм бойынша) басқармалары, облыс бойынша орман және биоресурстар жөнiндегi (келiсiм бойынша), облыс бойынша жануарлар мен өсiмдiк дүниесiн мемлекеттiк бақылау (келiсiм бойынша) аумақтық басқармалары, облыстың жер қорын пайдалану мен қорғалуын бақылау, ауыл шаруашылығы департаменттерi, облыс iшкi iстер басқармасы (келiсiм бойынша) Жоспар мен Ережелердiң орындалуын қамтамасыз ететiн болсын.
      5. Павлодар мен Ақсу қалаларының, аудандардың әкiмдерi, облыстық және Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерi мен ведомстволары аумақтық органдарының басшылары (келiсiм бойынша) облыс әкiмиятын осы қаулының орындалуы туралы 2002 жылғы және 2003 жылғы 1 желтоқсанға хабардар ететiн болсын. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ж.Ж. Нұрқалиевке жүктелсiн. Облыс әкiмi Облыс әкiмиятының 2002 жылғы 4 маусымдағы N 132 қаулысына 1-қосымша 2002 жылы аудандар мен қалалар арасындағы жайылма шабындығын қайта бөлу (мың га) ___________________________________________________________________________ N| Қала- |2002 жылғы 1 қаң- |Жайылма шабындықтың ша-|Қайта бөлу нәтижесі р| лар |тардағы жағдай |маланған қайта бөлінісі|_____________________ /| және | бойынша |_______________________|Бар- |соның ішінде с| аудан-|___________________|қалалар және| қалалар |лық |_______________ | дар |Бар-| соның ішінде |аудандар | мен |жай- |жер |елді|қала- | атау- |лық |______________|ішінде | аудандар |ылма |пай-|ме- |лар | лары |жай-|жер|елді|қала-|____________| арасында |ша- |да- |кен-|мен | |ма |па-|ме- |лар |артық|агра- |__________|бын- |ла- |дік-|ау- | |ша- |й- |кен-|мен |қор- |құр- |басқа|бас-|дық- |ну- |тер-|дан- | |бын-|да-|дік-|ау- |дан |лым- |ау- |қа |тары |шы- |дің |дар- | |дық-|ла-|тер-|дан- |елді |дар |дан- |қа- | |лар |жер-|дың | |тары|ну-|дің |дар- |мекен|пай- |дар- |ла- | |ЖШС |лері|қо- | | |шы-|жер-|дың |жер- |далан-|ға |лар | |,ШҚ | |рын- | | |лар|лері|қор- |лері-|баған |бе- |мен | | | |да- | | |ЖШС| |ын- |не |жерден|рі- |ау- | | | |ғы | | |,ШҚ| |да- |ауыс-|елді |ле- |дан-| | | |жер- | | | | |ғы |тыру |мекен |тін |дар-| | | |лер | | | | |жер- | |жерден|бо- |дан | | | | | | | | |лер | |ауыс- |ла- |қа- | | | | | | | | | | |тыру |ды |был-| | | | | | | | | | | | |да- | | | | | | | | | | | | |на- | | | | | | | | | | | | |тын | | | | | | | | | | | | |бо- | | | | | | | | | | | | |ла- | | | | | | | | | | | | |ды | | | | _|_______|____|___|____|_____|_____|______|_____|____|_____|____|____|_____ 1| 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |14 _|_______|____|___|____|_____|_____|______|_____|____|_____|____|____|_____ 1. Павло- дар 0,6 0,02 0,6 - - - - - 0,6 0,02 0,6 - 2. Екi- бастұз - - - - - - - - - - - - 3. Ақсу 35,6 20,2 0,7 14,7 12,4 11,9 - 0,4 36,0 8,3 25,4 2,3 4. Ақто- ғай 25,6 2,6 7,1 15,9 9,5 - - - 25,6 5,3 12,9 7,4 5. Баян- ауыл - - - - - - - - - - - - 6. Желе- зинка 5,3 1,0 0,4 3,8 3,8 - - - 5,3 1,0 4,3 - 7. Ертiс 16,6 8,0 1,1 7,5 7,5 4,4 - - 16,6 3,6 13,0 - 8. Качиры 18,8 7,2 2,2 9,3 8,6 1,7 - 0,5 19,3 5,5 13,1 0,7 9. Лебяжi 29,3 9,8 0,05 19,4 15,3 2,1 1,1 1,1 29,3 7,7 17,5 4,1 10. Май 40,6 10,9 0,3 29,4 19,3 4,1 - 1,1 41,7 7,8 23,8 10,1 11. Пав- лодар 38,5 29,8 0,4 8,3 8,3 5,2 1,1 3,6 41,0 24,6 16,4 - 12. Успе- нка 6,7 1,3 - 5,4 - - 4,5 - 2,2 2,2 - - 13. Шар- бақты - - - - - - - - - - - - ___________________________________________________________________________ Жиыны|217,6|90,9|12,8|113,7|84,8|29,4 |6,7| 6,7| 217,6|66,0|127,0|24,6 _________|_____|____|____|_____|____|______|___|____|______|____|_____|____ Облыс әкiмиятының 2002 жылғы 4 маусымдағы N 132/7 қаулысына 2-қосымша Жайылымдық шабындықты пайдалануды жақсарту және Ертiс өзенi жайылмасына мемлекеттiк табиғи қаумал мәртебесi берiлуiне байланысты жайылымның сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдық-шаруашылық және құқықтық iс-шаралар ЖОСПАРЫ _________________________________________________________________________ р| Iс-шаралар |Орында-|Аяқталу | Орындауға /| |лу |нысаны | жауаптылар с| |мерзімі| | N| | | | _|__________________________|_______|__________|__________________________ 1| 2 | 3 | 4 | 5 _|__________________________|_______|__________|___________________________ 1. Шабындық жер алаңын бөлу және қайта бөлу ___________________________________________________________________________ 1. Жыл сайын маусым айының Жыл Бұқаралық Павлодар, Ақсу аяғы-шiлде айының басында сайын ақпарат қалаларының, аудандардың, шабындық жер телiмдерi бар маусым, құралда- кенттердiң, ауылдық барлық жер пайдаланушылармен шiлде- рында округтердiң әкiмдерi, берiлген мерзiмде шектеулi нiң I жарияла- облыс бойынша жер мүмкiншiлiктерiне қарай шаба он- нымдар, ресурстарын басқару алатын қабiлеттерi жоқтарға, күндiгi азаматтар- комитетi (келiсiм оларға бекiтiлген барлық жер дың бойынша), облыс жер қорын бөлiктерiн немесе оның жиналыс- пайдалану мен қорғалуын жартысын жалға тапсыру не өз тары бақылау, облыс ауыл еркiмен бас тарту керектiгi шаруашылығы департаменттерi жөнiнде түсiндiрме жұмыстарын жүргiзу. Шөп өнiмдерiн уақытылы және сапалы жинау үшiн азаматтар мен шаруашылық субъектiлерiнiң күштерi мен құралдарын кооперациялауға барынша мүмкiндiк туғызу 2. Жыл сайын өртенген Жыл Жер Павлодар, Ақсу шабылмаған пiшендiк жерлер сайын, телiмдерiн қалаларының, аудандардың, мен жер телiмдерiн тексерудi күзде, иесiз ауылдық округтердiң ұйымдастыру, кейiн Қазақстан пiшен мүлiк әкiмдерi, облыс жер Республикасының "Жер туралы" шабыл- ретiнде қорын пайдалану мен Заңының 64,74-баптарымен ғаннан есепке алу қорғалуын бақылау депар- белгіленген тәртіпке сәйкес кейiн, жөнiндегi таменті, облыс бойынша жер пайдаланушыларды жер Ертіс актiлер, жер ресурстарын басқару төлемдерін пайдалану өзені жер комитеті (келісім бойынша) құқықтарынан айыру мәселесін тасын- пайдалану- шешу үшін оларды иесіз мүлік ғанға шыларды ретінде есепке қою дейін хабар ету 3. Ертiс өзенi жайылымындағы Жыл Қалалар, Павлодар, Ақсу барлық иесiз пiшендiк жер сайын аудандар қалаларының, телiмдерiн жеке үй (қосалқы) 15 әкiмиятта- аудандардың, шаруашылықтарына басым көңiл мамырға рының кенттердiң және ауыл бөле отырып,өнiмдi және дейін қаулылары, округтерi, облыс бойынша қолайлы жерде орналасқан ауылдық жер ресурстарын басқару учаскелердi бөлiп берудi округ комитетi (келiсiм бойынша) қамтамасыз ету әкiмдерi- нiң актiлерi 4. Ауылдық округтер Өтiнiш- Қалалар Павлодар, Ақсу әкiмдерiнiң азаматтардың тердiң мен қалаларының, аудандардың жеке үй (қосалқы) түсуiне аудандар әкiмдерi, облыс бойынша шаруашылықтарында мал байла- әкiмиятта- жер ресурстарын басқару шаруашылығы азығының нысты рының комитетi (келiсiм бойынша) қажеттiлiгiн толық жабу үшiн қаулылары қосымша шабындық жерлердi елдi мекендерге бөлу өтiнiштерiн мезгiлiнде қанағаттандыру ___________________________________________________________________________ 2. Жайылма жерлердi түгендеу және өнiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шаралардың орындалуы __________________________________________________________________________ 5. Жайылмадағы iрi масштабты 2002 Ұсыныстар Облыс бойынша жер (1:10000) жер телiмдерiнiң жылдың ресурстарын басқару жоспарларын түзету және жер маусымы комитетi (келiсiм бойынша) пайдаланушылар құрамы, олардың орналасқан жер телiмдерiнiң аумақтары мен орналасу жерлерiн, шабындық шөп шығымы жайын анықтап, қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу және облыс әкiмиятының қарауына енгiзу 6. Пiшен ору басталғанша шөп Жыл Тексеру Ауылдық, кенттiк құрамында бұршақ сайын актiлерi округтердiң әкiмдерi, тұқымдастарының үлесiн шiлде- облыс ауыл шаруашылығы жақсарту мақсатында, пiшен. тамыз департаментi дiк жайылым жер телiмдерiне табиғи шөп себу үшiн қымбат шөптердi шабылмаған ықтырмаларда қалдыру және түрлi құрамын сақтап қалу мақсатында тексеру жұмыстарын жүргiзу ___________________________________________________________________________ 3. Тұрғындар арасындағы түсiндiру жұмыстары. Кадрлар ___________________________________________________________________________ 7. Ертiс өзенi жайылымына 2002 Хабардар Кенттердiң, ауылдық мемлекеттiк табиғи қорық жылдың ету округтердiң әкiмдерi, мәртебесiн беруге байланысты маусымы облыс жер қорын пайдалану ондағы жер телiмдерiн мен қорғалуын бақылау пайдалану тәртiбiмен департаментi шектеулерi жөнiнде жайылымдағы пiшендiк жерлерi бар барлық заңды тұлғалар мен адамдарды жазбаша түрде (қол қойғызып) хабар етудi ұйымдастыру 8. Бұқаралық ақпарат Жыл Бұқаралық Облыс бойынша жер құралдары арқылы Ертiс өзенi сайын ақпарат ресурстарын басқару жайылымындағы тәртiп жөнiнде құралда- комитетi (келiсiм азықтық және басқа да рындағы бойынша), қоршаған ресурстарды мемлекеттiк материал- ортаны қорғау (келiсiм табиғи қорық мәртебесiне дар бойынша), төтенше сәйкес пайдалану жөнiнде жағдайлар жөнiндегi тұрақты үгiт жүргiзудi басқармалар (келiсiм қамтамасыз ету, жыл сайын бойынша), орман және мамыр айында түсiндiрме және биоресурстар жөнiндегi сақтандыру жұмыстарының (келiсiм бойынша), айлықтарын өткiзу жануарлар мен өсiмдiк дүниесiн мемлекеттiк бақылау (келiсiм бойынша), аумақтық басқармалар облыс ауыл шаруашылығы, жер қорын пайдалану мен қорғалуын бақылау департаменттерi, облыстың iшкi iстер басқармасы (келiсiм бойынша) 9. Кенттер мен ауылдық және 2003 Ауылдық Павлодар, Ақсу округтер әкiмдерiнiң жылдың округтер қалаларының, таттарында пiшендiк 1 шiл- әкiмдерi- аудандардың, кенттердiң жерлердi есепке алып бөлу десiне нiң ауылдық округтердiң және шөптi мерзiмiнде жинап дейiн актiлерi әкiмдерi, облыс бойынша алуды бақылау үшiн жауапты жер ресурстарын басқару мамандар бiрлiктерiн қарау, комитеті(келісім бойынша) жоспарлар мен жердiң бағыт- бағдары бойынша олардың оқуларын ұйымдастыру ___________________________________________________________________________ Облыс әкiмиятының 2002 жылғы 4 маусымдағы N 132/7 қаулысымен бекiтiлген Жердi пайдаланушылар мен мемлекеттiк органдардың Ертiс өзенiнiң жайылмасына мемлекеттiк табиғи қаумал мәртебесi берiлуiне сәйкес оның жайылымында өртеңдер мен өрттердiң алдын алу мен оларды жою жөнiндегi iс-қимыл Ережелерi 1. Алдын алу жұмысы
      1. Ауылдар, ауылдық округтер мен кенттердiң әкiмдерi жайылмада жер иелiктерi бар жер пайдаланушылар мен жер бөлiктерiнiң иелерiне және барлық әкiмшiлiк бiрлiкке сәйкес елдi мекенге пiшендiк жайылымдарды пайдалану ерекшелiктерi және Ертiс өзенi жайылмасына мемлекеттiк табиғи қаумал мәртебесi берiлуiне сәйкес қорғауды қамтамасыз ету қажеттiлiгi жөнiнде тиiстi түсiндiрме жұмыстарын ұйымдастырады.
      2. Осыған ұқсас жұмыстарды облыстық, қалалық және аудандық қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайлар, ауыл, орман, балық және аң аулау шаруашылықтары органдары, өртке қарсы және жерге орналастыру қызметтерi жүргiзедi.
      3. Бұл жұмыс жеке тұлғалармен қатар жиналыстар (кеңестер) өткiзу жолымен немесе бұқаралық ақпарат құралдарын (баспасөз, радио, телеарна) қолдану арқылы да жүргiзiледi.
      4. Жоғарыда көрсетiлген әрбiр орган жүргiзген түсiндiрме жұмыстары жөнiндегi арнайы есеп журналдарын мына нысанда жүргiзедi: ___________________________________________________________________________ р/с|Күнi|Жұмыс кiммен| Жұмыс нысаны (жеке-дара әңгiме, жиналыс, газет, N | | жүргізілді | теледидарда, радиода сөз сөйлеу) ___|____|____________|_____________________________________________________
      5. Түсiндiрме жүргiзу кезiнде басты дәлелдер ретiнде өндiрiсте табиғатты қорғау технологиясын, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруге және экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу жөнiндегi жер пайдаланушылар мен жер бөлiктерi иелерiнiң заңмен бекiтiлген мiндеттерi алынады.
      6. Ертiс өзенi жайылмасының ерекше қорғалатын табиғи аймақ мәртебесiне жатуына сәйкес жер пайдаланушылар облыс IIБ-ның көмегiмен су тасып және қар еритiн, сондай-ақ шөп жиналып, қар түсетiн мерзiмдерде учаскелерде күзет қызметiн ұйымдастырады.
      7. Павлодар және Ақсу қалаларының, аудандардың, ауылдық округтердiң, кенттердiң, ауылдардың әкiмдерi арнайы бекiтiлген кестелер бойынша өз аумақтары шегiндегi жайылма жер телiмдерiн үнемi аралауды ұйымдастырады.
 
         2. Жер пайдаланушылар мен мемлекеттiк органдардың өрт болған
                              жағдайдағы әрекеттерi
 
      8. Өрт болған жағдайда әкiм (тиiстi ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң) жер пайдаланушылармен бiрлесiп алдын-ала әзiрлеген жоспар бойынша жергiлiктi ауыл шаруашылығы ұйымдарын, шаруа қожалықтарын, жергiлiктi өрт қауiпсiздiгi қызметi мен жалпы тұрғындарды жұмылдырып, жедел тәртiпте от ошақтарын оқшауландыру жұмысын ұйымдастырады, ол үшiн телефон, радио немесе басқа тәсiлмен құлақтандыруды iске асырады.
      9. Бiр уақытта әкiм (ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң) немесе жер пайдаланушы өрт туралы қала (аудан) әкiмiне, сондай-ақ төтенше жағдайлар органына, өрт инспекциясына, қоршаған ортаны қорғау, орман немесе ауыл шаруашылығы, қалалық жер ресурстары басқармаларына (аудандық жер ресурстары комитеттерiне) хабарлайды. Ақпаратта мынандай мәлiметтер болуы керек: қашан және қай жер пайдаланушының жерiнде өрт болғаны, оның шамамен көлемi, сол жерде қандай шаралар қолданылып жатыр, қандай көмек қажет. Осы жағдайда журналға қабылдаған адамның атқаратын қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты, сондай-ақ күнi мен уақыты жазылады.
      10. Қала (аудан) әкiмi ол болмаған жағдайда әкiмнiң орынбасары қалалық (аудандық) өрт сөндiру қызметтерiне көмек көрсету және оның пайда болу жағдайын тексеру үшiн тапсырма бередi. Әкiм мен оның орынбасары болмаған жағдайда Ережелерде көрсетiлген мемлекеттiк органдар өз беттерiмен өрт сөндiру көмегiн ұйымдастырады және оның болу жағдайын тексередi. Мұндай жағдайда жұмысты қалалық (аудандық) төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссия басқарады. 3. Өртеңдер мен өрттердiң шығу себептерi мен мән-жайларын анықтау 11. Жайылмадағы әрбiр өрт жайында әкiм (ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң) белгiленген үлгiмен (қоса берiлiп отыр) акт жасайды, ол екi күндiк мерзiмде аумақтық төтенше жағдайлар комиссиясына берiледi. 12. Өрттiң шығу жағдайлары мен себептерi белгiлi тәртiпке байланысты тиiстi қалалық (аудандық) қызметтермен тексерiледi. 13. Өрт болғаннан кейiн актi мен тексеру құжаттары тиiстi соттарға түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн берiледi. 4. Маусымдық жұмыстарды жинақтап қорытындылау, қосымша шаралар әзiрлеу
      14. Жыл сайын су тасыған кезеңде және қазан айында әкiмдер (ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң), қажет болған жағдайда, өз актiлерiмен Ертiс өзенi жайылмасында өртке жол берген жер пайдаланушылардың жердiң құрамын және ауданын анықтау үшiн комиссия құрады. Осы жұмыс нәтижелерi бойынша акт жасалып, аудандық (қалалық) төтенше жағдайлар комиссиясына 1 мамыр мен 1 қарашаға қарай жинақтауға жiберiледi.
      15. Жайылма телiмдерiн тексеру барысында жер пайдаланушылардың жайылма телiмдерiн сапалы шабуларына басты назар аударылды. Барлық орылмаған телiмдер жеке актiленедi. Актiлер жер бөлiктерiн иесiз мүлiк ретiнде тану үшiн және жер пайдаланушылық құқығынан айыру үшiн құжаттарды сотқа беруге негiз болып табылады.
      16. Жыл сайын облыс әкiмiнiң орынбасары жалпы жұмысты қорытындылап отырады. Қажеттi материалдарды сұратуды және оларды облыс әкiмi орынбасарының қарауына ұсынуды облыс бойынша төтенше жағдайлар жөнiндегi (келiсiм бойынша), облыс бойынша қоршаған ортаны қорғау (келiсiм бойынша) басқармалары, облыс бойынша жер ресурстарын басқару комитетi (келiсiм бойынша), облыс жер қорын пайдалану мен қорғалуын бақылау департаментi қамтамасыз етедi.
Ертіс өзенінің жайылмасына мемлекеттік
табиғи қаумал мәртебесi берілуіне сәйкес оны өртеңдер мен өрттердің алдын алу мен жою жөнiндегi жер пайдаланушылармен мемлекеттік органдардың іс-әрекет Ережелеріне облыс әкiмияты бекiткен қаулысының 2002 жылғы 4 маусымдағы N 132/7 1-қосымшасы
 
_________________________________________________________________ (ауылдық, ауылдық округтің, кенттің атауы)
 
          Жер пайдаланушылар аумағындағы өрт туралы N ___ АКТ _____ жылғы "___"___________ осы акт жасалды __________________ _____________________________________________________________ (хаттама жасаушының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ ____________________________________________________________ (хаттаманың жасалған жері) төменде көрсетiлгендей: 1. ____ жылғы " " сағат "___" минут бұрын болған _____________________________________________________________ (өрт пайда болғанын көрсету - квартал, межелі аумақ, шаруашылық бөлім, _____________________________________________________________ жақын тұрған елді мекеннен ара қашықтығы (қайдағы) немесе жолға, өзенге дейін (атауы) ___________________________________________________________________________ _________________________________________________________ 2. Өрт болғаны анықталды _________________________________ (кімнің байқағанын көрсету) ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ _______________________________________ 3. Өрт болған орында табылғандар ___________________________ (не табылғанын көрсету: өрттің шығу ______________________________________________________________ себептерін анықтауға жәрдемдесетiн алау, ауыл шаруашылығы өртеңi және т.б. қалдықтары) ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ 4. Өрттің шығу себебі _____________________________________ ___________________________________________________________________________ _________________________________________________ (Өрттің анықталған немесе болжамды себебін көрсету) 5. Өрттің шығуына алдын ала болжанған кiнәлiлер: тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы _______________________________ ______________________________________________________________ тұрғылықты жері ______________________________________________ ______________________________________________________________ (толық мекенжайы) Өрт болған жерде кінәлiлер ұсталмаған жағдайда, кiнәлiнi анықтау мақсатымен тексеріске қажетті мәліметтер көрсетiледi: ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ __________ 6. Өрт сөндiру басталды 200 жылғы " " ___________ " " сағат " " минут және 200 жылғы " "________________ " " сағат " " минут аяқталды. 7. Өртпен га аумақ қамтылды. 8. Жер аумақтарында өрт болған жер пайдаланушылардың аты-жөндерi ______________________________________________________ ___________________________________________________________________________ _________________________________________________ 9. Өрт сөндiруге қатысқан ұйымдар мен тұлғалардың атаулары мен аты-жөндерi _______________________________________________ ___________________________________________________________ 10. Өрт сөндiрудi басқарған адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты __________________________________________________________ ______________________________________________________________ Акт жасаушының қолы _________________________________________ Акт жасаған кезде болған адамдардың қолдары ___________________ ___________________ ___________________ Орын. В. Подолян Б. Есмуханов
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады