Облыс iшкi iстер органдарының күзет қызметi субъектiлерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi Үйлестiру Кеңесi туралы

Жаңартылған

Атырау облысы әкiмиятының қаулысы 2002 жылғы 4 шiлдедегі N№194. Атырау облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 24 шiлдеде N 1066 тіркелді. Мемлекеттік тіркелуге жатпайды - ҚР Атырау облысы Әділет департаментінің 2006 жылғы 18 қазан 3-3333/06 хаты негізінде

  ҚР Атырау облысы Әділет департаментінің
2006 жылғы 18 қазан 3-3333/06 хатынан
үзінді:

      Атырау облыстық Әділет департаменті ертеде тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қайта тексеріс жүргізілген қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы өділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 4-2-1/и623 хатына сәйкес, Сізге Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, "Заң" деректер базасына тиісті жазбаларды енгізу үшін, жолдайды.
      қосымша 2 бетте.

      АОӘД бастығы
    
      қосымша:
      ...
      2) Атырау облыстық әкімиятының 2002 жылғы 4 шілдедегі N 194
"Облыс iшкi iстер органдарының күзет қызметi субъектiлерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi Үйлестiру Кеңесi туралы" қаулысы (Атырау облыстық Әділет департаментінде 2002 жылғы 24 шілдеде N 1066 тіркелді)

      ...      

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 31 қазандағы N№1641  P001641_  Қаулысын орындау үшiн, Қазақстан Республикасының "Күзет қызметi туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы  Z000085_  Заңына сәйкес және қылмыстың алдын алу, құқық тәртiбi мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында облыстық әкiмият қаулы етеді: 
      1. Облыстық әкiмшілiктiң жанынан облыстық iшкi iстер органдарының 

 

күзет қызметi субъектiлерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi 

үйлестiру Кеңесi құрылсын (бұдан әрi - Кеңес).

     2. Кеңес туралы ереже бекiтiлсiн (тiркеледi). 

     3. Кеңестiң жұмысшы органы болып облыстық iшкi iстер басқармасының 

мемлекеттiк күзет қызметi бөлiмi белгiленсiн.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.

     

     Облыс әкiмi       

 

                                      Облыстық әкiмияттың

                                  2002 жылғы 4 шiлдедегi N№194 

                                      қаулысымен бекiтiлген

 

            Облыс iшкi iстер органдарының күзет қызметi 

            субъектiлерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз 

            ету жөнiндегi Үйлестiру Кеңесi туралы Ереже

     

                          1. Жалпы ережелер

     

 
      1. Облыс әкiмияты жанындағы облыс iшкi iстер органдарының күзет қызметi субъектiлерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi Үйлестiру Кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) облыс көлемiнде күзет қызметi субъектiлерiмен өзара iс-қимылды ұйымдастыру және үйлестiрудi қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасы заңнамасымен жүктелген мiндеттердi орындауға жәрдемдесетiн кеңесшi, тұрақты қызмет ететiн орган болып табылады. 
      2. Кеңес облыстық әкiмияттың қаулысымен құрылады, қайта құрылады және таратылады, ал Кеңестiң жеке құрамын облыс әкiмiнiң ұсынысы бойынша Атырау облыстық мәслихаты бекiтедi. 
      Кеңестiң жұмысына ұйымдық және әдiстемелiк көмектi Қазақстан 
      Республикасының iшкi iстер Министрлiгi, тiкелей көмектi - Атырау облыстық iшкi iстер басқармасы көрсетедi. 
      3. Кеңестiң төрағасы облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары болып табылады. 
      4. Кеңестiң мүшелiгiне облыстық iшкi iстер басқармасының криминалдық полиция басқармасының, қоғамдық қауiпсiздiк басқармасының, мемлекеттiк күзет қызметi бөлiмiнiң басшы құрамы, мемлекеттiк емес күзет қызметтерiнiң басшылары және күзетшiлердi даярлау және қайта даярлау жөнiндегi оқу орталықтары, облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлiмiнiң бас маманы кiредi. 
      5. Кеңестiң қызметi оның отырыстарында бекiтiлетiн жоспарлар негiзiнде жүргiзiледi. 
      Кеңес күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметiн үйлестiру және олардың аумақтық iшкi iстер органдарымен өзара iс-қимыл тәртiбiн және тиiмдi түрлерiн таңдауда және жоспарлауды ұйымдастыруда дербес болып табылады. 
      6. Кеңес өзiнiң отырыстарын тоқсанына бiр реттен кем емес және қажеттiлiгi туындағанда өткiзедi, Кеңестiң отырысына оның мүшелерінiң қатысуы мiндеттi. 
      7. Кеңес отырысын оның Төрағасы, немесе оның тапсырмасы бойынша орынбасары өткiзедi. Кеңес мүшелерiнiң жартысынан көбiнiң қатынасуы отырысты өткiзуге құқықтық негiз болып табылады. 
      8. Кеңес шешiмiн жай көп дауыспен қабылдайды, оны хаттамамен ресiмдеп, Төраға бекiтедi. 

 
                  2. Кеңестiң мақсаттары мен мiндеттерi 
      9. Кеңестiң негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi мыналар болып табылады: 
      1) аумақтық iшкi iстер органдарының күзет қызметi субъектiлерiмен қоғамдық тәртiптi және қауiпсiздiктi сақтаудағы өзара iс-қимылын әрекеттестiгiн ұйымдастыру, қылмыстылықпен күресуге және алдын алуға қатысу; 
      2) күзет қызметтерi субъектiлерiнiң қатысуымен қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi сақтау және қылмысқа қарсы күрестi ұйымдастыру жөнiндегi жоспарларға әдiстемелiк ұсыныстар әзiрлеу; 
      3) қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi сақтау және қылмысқа қарсы күреске қатысу нысандарын жетiлдiру жөнiндегi шараларды айқындау үшiн iшкi iстер органдары, жергiлiктi атқарушы органдар өкiлдерiнiң мемлекеттiк емес күзет ұйымдары басшыларымен кездесулерiн ұйымдастыру және өткiзу; 
      4) жеке тұлғалардың өмiрi мен денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлiктерiн қылмыстық және басқа да заңсыз қол сұғушылықтан қорғау жөнiндегi мемлекеттiк емес күзет ұйымдарының қызмет көлемiн ұлғайту; 
      5) iшкi iстер органдары және басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерiн қатыстыру арқылы Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген мамандандырылған оқу орталықтарында күзет қызметi субъектiлерiне күзетшiлердi даярлау және қайта даярлауда көмек көрсету; 
      6) мемлекеттiк емес күзет ұйымдары мен iшкi iстер органдарының қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi сақтауға және қылмысқа қарсы күрестегi бiрлескен қызметiнiң оңды тәжiрибесiн тарату, осы мақсаттарға iшкi iстер органдары және басқа құқық қорғау органдарының ардагерлерi облыстық Кеңестерiн қатыстыру; 
      7) күзет қызметi субъектiлерiнiң iшкi iстер органдарымен өзара iс-қимылы мәселесi бойынша қызметiндегi оңды мысалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында үнемi жариялап отыру. 

 
                           3. Кеңестiң функциялары 
      10. Кеңес өз құзыретi шегiнде және белгiленген тәртiппен келесi функцияларды жүзеге асырады: 
      1) тұрақты жұмыс iстейтiн кеңесшi орган ретiнде, облыс көлемiнде күзет қызметi субъектiлерiнiң iшкi iстер органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастыруды және үйлестiрудi қамтамасыз етедi; 
      2) күзет қызметi субъектiлерiнiң iшкi iстер органдарымен қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi сақтауға және қылмысқа қарсы күрестегi бiрлескен қызметiндегi мүмкiндiктерiн пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi талдау және қорытуды жүзеге асырады; 
      3) мемлекеттiк органдардың күзет қызметi субъектiлерiнде тексеру жүргiзу тәжiрибелерiн талдайды, оны жетiлдiру және анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 
      4) қоғамдық тәртiптi сақтау, құқық бұзушылықтармен күрестегi болдырмау шараларын қолдану саласындағы күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлердiң өзара iс-қимылын нығайту және ақпараттар алмасуға бағытталған iс-шаралар кешенiн әзiрлейдi және жүзеге асырады; 
      5) күзетiлетiн объектiлерде қылмыстың мүлiктiк және басқа да түрлерiнiң алдын алу мақсатында мемлекеттiк емес күзет ұйымдарының басшыларын қылмыстық ахуал туралы ақпараттармен қамтамасыз етедi; 
      6) күзет қызметi саласындағы көкейкестi кәсiби және қоғамдық маңыздағы проблемалар бойынша күзет қызметi субъектiлерiне әдiстемелiк және кеңестiк көмек көрсетедi; 
      7) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады. 

 
      (Маман: Ержанова К.С.) 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады