Атырау облыстық әкiмиятының 2002 жылдың 9 тамызындағы N 204 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1758 "Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
қаулысы
негізінде II сайланған Атырау облыстық Мәслихатының ХIХ сессиясы шешiм еттi:
1. "Мүгедектердi оңалтудың 2000-2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы туралы" бекiтiлсiн (жалғанды).
2. Аталған бағдарламаның жүзеге асуын қадағалау қала, аудан әкімдеріне, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына (C.М.Қайрешев) жүктелсін.
Облыстық Мәслихат ХIХ сессиясының төрағасы
Облыстық Мәслихат хатшысы
Атырау облыстық әкімиятының қаулысы
2002 жылғы 9 тамыз N 204
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1758 "Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған
бағдарламасы туралы" Қаулысын жүзеге асыру туралы
Мүгедектердiң жоғалтқан қарекетiнiң орнын толтыру, тұрмыстық, қоғамдық, кәсiби қызметке қабiлетiн қалпына келтiру және олардың қоғамға мейлiнше толығырақ араласуына жәрдемдесу үшiн қабылдаған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N№1758 "Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы"
Қаулысын
жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңының
27-бабын басшылыққа ала отырып, облыстық әкiмияты қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған "Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы" (бұдан әрi - бағдарлама) мақұлдансын және облыстық мәслихаттың кезектi сессиясына ұсынылсын.
2. Атырау қаласы мен аудандар әкiмдерi, тиiстi облыстық басқармалар басшылары:
1) бағдарламаны орындауға бағытталған қажеттi шаралар қабылдасын;
2) бағдарламаны iске асыру бағытында және ұйымдастыруда мониторинг өткiзсiн;
3) бағдарламаның орындалу барысы туралы облыс әкiмiнiң аппаратына 2002 жылдың 20 желтоқсанына, ал 2003 жылдан бастап жылына екi рет - 10 қаңтарға және 10 шiлдеге ақпарат берiп отырсын.
3. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы (Қайрешев С.М.) бағдарламаның орындалуын бақылау тетiгiн жасасын.
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары В.В.Супрунға жүктелсiн.
Облыс әкiмi
Облыстық әкiмдiгiнiң 2002 жылғы
9 тамыздағы 204 қаулысымен
бекiтiлген
Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған
облыстық бағдарламасы
1. Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған
облыстық бағдарламасының төлқұжаты
Бағдарламаның Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған облыстық
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29
Бағдарламаның Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк
Бағдарламаның Бағдарламаның негiзгi мақсаты мен мiндеттерi мүгедектердi
Негiзгi Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк
Бағдарламаның Бағдарламада мүгедектердi әлеуметтiк, кәсiби, медициналық
Бағдарламаны Мүгедектердi оңалтудың облыстық бағдарламасы 2002-2005
Қаржыландыру Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергiлiктi
Бағдарламаны Бағдарламаның iске асырылуы - оңалту iс-шараларының көлемiн
|
Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары мен нормаларында мүгедектердi әлеуметтiк қолдау мен қорғауға, экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын iске асыруда олардың тең мүмкiндiктермен қамтамасыз етiлуiне кепiлдiк берiлген.
Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау шараларының бiрi - ағзаның бұзылған немесе жоғалған қарекетiн, өзiне-өзi қызмет ету, кәсiби қызметтiң әр түрiне қабiлетiн қалпына келтiруге және орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтiк-экономикалық шаралар кешенiнен тұратын оңалту болып табылады. Мұның қатарында, сондай-ақ мүгедектердiң толыққанды өмiр сүруiне мүмкiндiк беретiн, әрi олардың құқықтары мен әлеуметтiк мүмкiндiктерiн iске асыруын қамтамасыз ететiн iс-шаралары бар.
Мүгедектердi оңалтудың облыстық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1758 қаулысымен бекiтiлген мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес әзiрлендi.
3. Облыстағы мүгедектiлiктiң жай-күйiн талдау
Облыста барлық санаттағы 11077 мүгедектер тұрады, оның 6150-i - әйелдер, 1628-i - 16 жасқа толмаған балалар, 1614-i - бала кезiнен мүгедектер, қалғаны - басқа санаттағы мүгедектер. Мүгедектiлiктiң алға қарай осылай көбеюi денi сау халықтың өсiмiнiң азаюына және облыстың еңбек ресурстарының саны мен сапасының құлдырауына соқтыруы мүмкiн.
1999-2001 жылдардағы бастапқы мүгедектiк көрсеткiштерi
--------------------------------------------------------------------------
Көрсеткiштер 1999 2000 2001
жыл жыл жыл
--------------------------------------------------------------------------
Ересек адамдар арасында алғаш рет мүгедек
деп танылғандар, 1170 1023 979
оның iшiнде әйелдер 443 395 388
Алғаш рет мүгедек деп танылған адамдардың iшiнде:
қалалық жерде тұратындар, 748 632 649
оның iшiнде еңбекке жарамды жастағылар 662 576 588
Ауылда тұратындар, 422 391 330
оның iшiнде еңбекке жарамды жастағылар 397 364 312
Алғаш рет мүгедек деп танылғандардың iшiнде
жұмыс iстейтiндер 284 239 267
Төменде мүгедектiк топтары бойынша бастапқы мүгедек болып танылғандар саны туралы мәлiмет келтiрiлдi:
Мүгедектiк тобы 1999 жыл 2000 жыл 2001 жыл
Бiрiншi 78 63 64
Екiншi 622 533 474
Үшiншi 470 427 441
Мүгедектiктiң негiзгi себептерi:
Мүгедектiк себептерi 1999 жыл 2000 жыл 2001 жыл
Жалпы аурудан 991 863 913
Еңбек жарақатынан 12 10 22
Кәсiби аурудан - - -
Бала кезiнен бергi мүгедектiк 158 144 25
Бастапқы мүгедектiк құрылымында бiрiншi орында - қан айналымы органдары сырқатынан мүгедектiк - 19,9 пайыз, екiншi орында - зиянды iсiктерден мүгедектiк - 14,7 пайыз, үшiншi орында - психиканың бұзылуынан - 10,9 пайыз және төртiншi орында - барлық жарақаттар әсерiнен - 10,4 пайыз.
Еңбекке жарамды адамдар арасындағы мүгедектiктiң көбеюiне әлеуметтiк және экономикалық факторлар, жұмыссыздық, медициналық қызметтер құнының жоғары болуы әсер етедi.
Мүгедектiктiң көбеюiмен бiрге мүгедек балалардың және олардың отбасыларының әлеуметтiк проблемалары да күрделене түсуде. Осындай отбасыларының және мүгедек балалардың жағдайын өзгерту үшiн халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау, бiлiм, мәдениет, ақпарат органдарының ынтымақтастығы мен күш-жiгерiн бiрiктiрген жөн.
Жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқуға мүмкiндiгi жоқ мүгедек балалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы бойынша 235 мүгедек бала тәрбие мен бiлiмдi үйлерiнде алуда. Оқытуға жұмсалатын шығындарды өтеу үшiн оларға ай сайын жәрдемақы төленедi. Оның орташа мөлшерi - 1860 теңге.
Денсаулық жағдайын есепке ала отырып жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бiтiрген I және II топтағы мүгедектердiң өз отбасыларының тұрғылықты жерi бойынша жұмысқа орналасуға мүмкiндiктерi бола бермейдi.
Мүгедектер бұған дейiн еңбек етiп келген бiрқатар кәсiпорындар жабылып қалды немесе өндiрiсiн тоқтатты. Олар үшiн жаңа жұмыс орындары ашыла бермейдi. Кәсiпорын басшылары денi сау, еңбекке жарамды адамдардың тарапынан ұсыныс көп түсетiндiктен, түрлi сылтаулармен жұмыс iстеп жүрген мүгедектердi қысқартуда.
Мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн қолайлы орындардың жүйелi есебi жүргiзiлмейдi. Оларға бос орындар өте сирек берiледi. Осыған байланысты, мүгедектер үшiн жұмыс орындарын есепке алуды ұйымдастыру түрiндегi жұмыс орындары банкiн құру қажет.
Мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң арнаулы кәсiпорындары өздерiнiң өнiмдерiн мемлекеттiк сатып алудың тоқтатылуынан олардың жағдайы қиындап кеттi. Олар рынокта халық тұтынатын тауарлардың тым көбеюiнен бәсекелестiкке де жарамай қалды.
Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау шаралары Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Заңына, 1997 жылғы 16 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" Заңына, басқа да заңнамалық кесiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Облыстағы барлық мүгедектер мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк жәрдемақы алады.
Жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде тиiстi бюджеттердiң қаражаты есебiнен:
тұтыну бағасы индексiнiң өсуiне сәйкес мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларға қосымша ақы;
бөгде адамның көмегiне мұқтаж жалғызiлiктi мүгедектердi күту үшiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларға қосымша үстеме ақы;
санаторийлық-курорттық емдеу жеңiлдiктерiн белгiлейдi.
Жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен мүгедектердiң ерекше талаптарын қанағаттандыруға және олардың тұрмыс деңгейiн арттыруға бағытталған басқа да шешiмдердi қабылдайды.
Облыс орталығында облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған 150 орындық интернат-үйi, ойлау қабiлетi төмен балаларға арналған 210 орындық интернат-үйi, белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған 50 орындық әлеуметтiк бейiмдеу орталығы және Махамбет ауданының аумағында Сарайшық психиатриялық жүйке ауруларының 200 орындық интернаты жұмыс iстейдi. Соңғы мекемедегi адамдардың саны олардағы орындардың санынан әлдеқайда артық, яғни 212. Оған қосымша 32 адам кезекте тұр.
Өткен жылы Алматы протез-ортопедиялық Орталығының Орал бөлiмшесi облыстың 140 мүгедегiнен протезге тапсырыс қабылдады. 110 мүгедек сурдотехникамен, 102 - тифлотехникамен қамтамасыз етiлдi.
2002 жылдың қаңтар айында "Шеврон Мұнай Инк" компаниясының демеушiлiк қаржысына алынған 30 кресло-күйме, 100 балдақ және 50 таяқ мұқтаж мүгедектерге тегiн берiлдi. Сондай-ақ, облыс бюджетiнен бөлiнген қаржыға сатып алынған 46 кресло-күйме тегiн бөлiндi.
Қазiргi заман талабына сай келетiн протез-ортопедия құралдарымен мүгедектердi мейлiнше толығырақ қамтамасыз ету мақсатында Атырау қаласында протез-ортопедия шеберханасын ашу көзделiп отыр. 2000-2001 жылдары облыс әкiмiнiң шешiмiмен Ұлы Отан соғысының 117 мүгедегi жеңiл автокөлiкпен қамтамасыз етiлдi.
Алайда, "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Заңының 36-бабының мүгедектерге техникалық немесе өзге де құралдар беруге қатысты бөлiгi толық көлемiнде орындалмай келедi.
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Заңының мүгедектердiң тұрғын үйлерге және өзге де әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткiзуiн қамтамасыз етудi көздейтiн 8-бабы да жүзеге асырылмай отыр. Бұл бiрiншi кезекте, ғимараттардың есiгiне қойылатын пандустарға және көшедегi жол тоғыстарына қатысты.
Мүгедектердiң демалысымен және спортпен айналысуын ұйымдастыру бойынша оларды нақты кепiлдiктермен қамтамасыз ету жөнiндегi проблемаларды шешудi, аталған бағытта мүгедектермен жұмыс iстейтiн кадрларды даярлау тәртiбi мен шарттарын анықтауды нормативтiк тәртiпте жүргiзген жөн.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Мүгедектердi оңалту жүйесiн құру, олардың қоғамға жан-жақты араласуына мүмкiндiктер туғызу, кiрiптарсыз тұрмыс салтын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау, мүгедектiк деңгейiн төмендету - Бағдарламаның негiзгi мақсаты.
Бағдарламаның мiндеттерi мыналар болып табылады:
мүгедектiктiң төмендеуiн қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау;
мүгедектерге оңалту және басқа да техникалық құралдар мен әлеуметтiк, кәсiби және медициналық оңалту бойынша қызметтердiң кепiлдi тiзбесiн беруден тұратын мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын әзiрлеудi және жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
мүгедектердi кешендi оңалтуды жүзеге асыру үшiн оңалту мекемелерiнiң жүйелерiн дамыту мен олардың материалдық базасын нығайту жөнiндегi практикалық iс-шараларды қамтамасыз ету;
денсаулық сақтау, бiлiм, халықты әлеуметтiк қорғау, дене шынықтыру және спорт жүйесiнде мүгедектерге арналған iс-шаралар мен қызмет көрсетiлiм тiзбесiн және ауқымын кеңейту;
бiлiм, еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау, дене шынықтыру және спорт ұйымдарының мүгедектердi оңалту мәселелерi жөнiндегi жұмысының нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру;
мүгедектерге өздерiнiң шығармашылық қабiлетiн пайдалануға, хореография, музыка, әдебиет, театр, сурет, мүсiндеумен, өнердiң басқа да түрлерiмен айналысуға мүмкiндiктер беру мақсатында кәсiби даярлықты қамтитын iс-шараларды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтiк-экономикалық шараларды жүзеге асыру жолымен жұмыспен қамту саласында мүгедектердi қосымша кепiлдiктермен қамтамасыз ету;
мүгедектердiң кедергiсiз жүрiп-тұруына және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiруiне жәрдемдесу жөнiнде iс-шаралар жүргiзудi қамтамасыз ету;
мүгедектердiң сұранысын ескере отырып, оңалтудың техникалық құралдарымен, сондай-ақ сурдоаударма бойынша қызмет көрсетудi қамтамасыз ету;
мүгедектердi әлеуметтiк, кәсiби және медициналық оңалту мәселелерi бойынша мамандарды қайта даярлауды қамтамасыз ету;
оңалту жүйесiн құқықтық және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етудi жетiлдiру.
5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және оны iске асырудың тетiгi
Бағдарламаның негiзгi бағыттары:
1. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерiн реттеу, оларға қоғамға жан-жақты араласуы үшiн мүмкiндiктер беру, кiрiптарсыз тұрмыс салты үшiн жағдайлармен қамтамасыз ету.
2. Ағзаның жетiлуiндегi бұзылушылықтарды ерте анықтаудың тиiмдiлiгiн арттыру:
әйелдер босанатын және амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы "қатерлi" топтағы балаларды ерте анықтау және оларды психологиялық-медициналық консультацияларға жiберу;
мүгедектiктiң алдын алу мақсатында оның басталуы және көбеюi себептерiн тексеру бойынша зерттеулер ұйымдастыру.
3. Мүгедектердi кешендi оңалтудың жүйесiн құру:
мүгедектердi, оның iшiнде мүгедек балаларды медициналық, әлеуметтiк, кәсiби оңалтуды жетiлдiру және оңалтудың барлық бағыттарын үйлестiру;
мүгедектердiң санаторийлық-курорттық сауықтырылуын ұйымдастыру;
мүгедектердiң өмiрiн жеңiлдететiн оңалту техникалық құралдарымен, оңалту жабдықтарымен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру;
оңалту мекемелерiнiң желiсiн дамыту және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту;
мүмкiндiгi шектеулi балалар мен жасөспiрiмдерге, мүгедек балаларға арналған арнайы түзеу ұйымдары арқылы бiлiм беру жүйесiн сақтау және кеңейту;
мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын iске асыру бағытында өткiзiлетiн шаралар туралы хабарларды "Арна" ақпараттық бағдарламасы арқылы беру;
мүгедектердi жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту мүгедектердi қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтау, кәсiптiк даярлау арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
мүгедектердiң әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне шығу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету.
4. Мүгедектердi белсендi өмiр салтына тарту:
мүгедектердiң спорт жарыстарына, фестивальдарға, көркемөнерпаздар үйiрмелерiне, сурет және басқа да шығармашылық конкурстарына қатысуға жағдай жасау.
5. Халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау, бiлiм беру салаларында мүгедектердi оңалту мәселелерiмен айналысатын мекемелер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру.
6. Мүгедектердi оңалту проблемалары бойынша практикалық конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру.
6. Бағдарламаны iске асырудың қаржылық қамтамасыз етiлуi
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаты, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаржы көздерi есебiнен жүзеге асырылады.
Бағдарламаны 2002 жылдан 2005 жылға дейiнгi барлық кезеңiне iске асыруды қаржыландыру үшiн жергiлiктi бюджеттен 127,4 млн. теңге қажет болады.
Облыстық бюджеттiң жыл сайынғы орташа шығыны: 2002 жылы - 28,7 млн. теңгенi, 2003 жылы - 32,7 млн.теңгенi, 2004 жылы - 32,9 млн.теңгенi және 2005 жылы - 33,1 млн.теңгенi құрайды.
Бағдарлама iс-шараларын iске асыру үшiн қажеттi жергiлiктi және республикалық бюджет қаражаттарының көлемi тиiстi жылға арналған мемлекеттiк бюджеттi әзiрлеу және қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру - оңалту iс-шараларының көлемiн ұлғайтуға, мүгедектердiң жеке мұқтаждарын ескере отырып, оларды техникалық құралдармен қамтамасыз етуге, олардың тұрмыстық, қоғамдық, кәсiби қызметтегi қабiлетiн қалпына келтiруге, конституциялық құқықтарын толық көлемiнде iске асыруға және қоғамға араласуын тездетуге мүмкiндiк бередi.
2005 Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған облыстық
бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
-------------------------------------------------------------------------
Р/с Iс-шаралар Жауапты орындаушылар Орындау мерзiмi Аяқталу
нысаны
-------------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5
-------------------------------------------------------------------------
Әлеуметтiк оңалту
1. Жергiлiктi атқарушы органдар Облыс әкiмi 3-тоқсан Облыстық
жанынан мүгедектер iстерi аппаратының 2003 ж. әкiмдiгiнiң
жөнiндегi кеңестер құру. iшкi саясат бөлiмi қаулысы
2. Атырау қаласында облыс Облыстық еңбек, жұмыспен
мүгедектерi үшiн протездiк- қамту және халықты 2002- Облыс
ортопедиялық шеберхана ашу. әлеуметтiк қорғау 2003 жж. әкiмiнiң
(ХӘҚ) басқармасы шешiмi
3. Мүгедектердi ортопедиялық аяқ Облыстық еңбек, 2002- Облыс
киiмдермен, ортопедиялық жұмыспен қамту 2005 жж. әкiмi
аппараттармен, корсеттермен және және ХӘҚ аппаратына
басқа да протездiк-ортопедиялық басқармасы жыл сайын
бұйымдарымен (ПОБ) қамтамасыз ету 10.01.-ға
және ПОБ жөндеудi iске асыру. ақпарат беру
4. Мүгедектердi техникалық Облыстық еңбек, 4-тоқсан Облыс әкiмi
құралдармен, әртүрлi жұмыспен қамту 2002 ж., аппаратына
модификациядағы кресло- және ХӘҚ 2003 ж., жыл сайын
күймелермен қамтамасыз ету. басқармасы 2004 ж., 10.01.-ға
2005 ж. ақпарат беру
5. Құлағы кемiс еститiн Облыстық еңбек, 4-тоқсан Облыс әкiмi
мүгедектердi сурдотехникамен жұмыспен қамту 2002 ж., аппаратына
қамтамасыз ету. және ХӘҚ 2003 ж., жыл сайын
басқармасы 2004 ж., 10.01.-ға
2005 ж. ақпарат беру
6. Көзi көрмейтiн мүгедектердi Облыстық еңбек, 4-тоқсан Облыс әкiмi
тифлотехникамен қамтамасыз ету. жұмыспен қамту 2002 ж., аппаратына
және ХӘҚ 2003 ж., жыл сайын
басқармасы 2004 ж., 10.01.-ға
2005 ж. ақпарат беру
7. Ғимараттарға кiру жолдары мен Облыстық сәулет және Облыс әкiмi
пандустар жасауды, мүгедектер қала құрылысы 2002- аппаратына
кресло-күймелерi жүре алатын басқармасы, құрылыс 2005 жж. жыл сайын
құрылғылармен қамтамасыз етiп, және тұрғын үй-коммуналдық 10.01.-ға
тұрғын үй, қоғамдық және шаруашылығы департаментi, ақпарат беру
өндiрiстiк ғимараттарға, мемлекеттiк сәулет-құрылыс
әлеуметтiк инфрақұрылым инспекциясы. Атырау қаласы
объектiлерiне мүгедектер кiре мен аудандар әкiмдерi,
алатындай жағдай жасау. меншiк нысанына қарамастан
кәсiпорындар мен ұйымдар
басшылары
8. Медициналық мекемелерде Атырау қаласының 2002- Облыс әкiмi
мүгедектердiң кiрiп-шығуын әкiмi және 2005 жж. аппаратына
жеңiлдету мақсатында әдейi облыстық денсаулық жыл сайын 10.01.
пандус жолдарын жасау. сақтау басқармасы және 10.07.-ге
ақпарат беру
9. Жобалар әзiрлеуге, сондай-ақ Атырау қаласы мен 2002- Облыс әкiмi
ғимараттар, құрылыстар, жолдар, аудандар әкiмдерi, 2005 жж. аппаратына
көлiк, байланыс объектiлерiн жол полициясы жыл сайын 10.01.
салуға, көлiк және өзге де қызмет басқармасы, және 10.07.-ге
көрсетiлiм түрлерiн көрсетуге облыстық сәулет ақпарат беру
мемлекет тiк тапсырыстарды және қала
орналастырған кезде мүгедектердiң құрылысы саясаты
әлеуметтiк инфрақұрылымға басқармасы, облыстық
кедергiсiз кiруiн қамтамасыз ету құрылыс және тұрғын
қажеттiгiн конкурстық құжаттама үй-коммуналдық
талаптарының бiрi етiп белгiлеу. шаруашылығы департаментi
10. 2002-2005 жылдарға арналған Облыстық еңбек, 4-тоқсан
мүгедектердi оңалтудың облыстық жұмыспен қамту 2002 ж. Ақпараттық
бағдарламасын iске асыру бағытында және ХӘҚ бағдарлама-
өткiзiлетiн iс-шаралар туралы басқармасы лардың
теледидар арқылы ақпараттық- мен облыстық эфирге
тақырыптық хабарлар ұйымдастыру. телерадиокомпаниясы шығуы
11. "Атырау" және "Прикаспийская "Атырау-ақпарат" 2002- Облыс әкiмi
коммуна" газеттерi беттерiнде коммуналдық 2005 жж. аппаратына
облыстық бағдарламада көрсетiлген мемлекеттiк жыл сайын 10.01.
шаралардың жүзеге асырылу барысы кәсiпорны және 10.07.-ге
туралы материалдарды арнайы ақпарат беру
айдарлармен жариялау.
12. Ай сайын берiлетiн нормаға сәйкес Облыстық еңбек, 2002- Жыл сайын
"Ақ Жайық" санаториында емделу үшiн жұмыспен қамту 2005 10 қаңтарға
соғыс ардагерлерi мен барлық топтағы және ХӘҚ жж. мемлекеттiк
мүгедектердi (бала кезiнен басқармасы тапсырыстың
мүгедектерден басқа) жолдамалармен орындалуы
қамтамасыз ету жөнiнде шаралар туралы
қабылдау. есеп беру
13. Облыстың аз қамтылған мүгедектерiн Атырау қаласы мен 2002- Облыс әкiмi
әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша аудандар әкiмдерi, 2005 аппаратына
облыс аумағындағы бiрiккен кәсiпорын- облыстық мұнайгаз жж. жыл сайын
дармен, шетелдiк компаниялармен, кешенi, сыртқы 10.01.-ға
фирмалармен және отандық мекемелермен экономикалық байланыстар ақпарат
аз қамтылғандарды әлеуметтiк қорғау мен инвестициялық саясат беру
мәселелерi жөнiнде ынтымақтастықта жөнiндегi басқармасы мен
болу және оны кеңейте түсу. облыстық еңбек, жұмыспен
қамту және ХҮҚ басқармасы
14. Мүгедектердi оңалтудың облыстық Облыстық еңбек, 2002- Облыс әкiмi
орталығы мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыспен қамту 2005 аппаратына
мүгедектердi оңалтудағы ерекше маңызын және ХӘҚ жж. жыл сайын
ескерiп, оған жеке ғимарат салу жөнiнде басқармасы 10.01.-ға
шаралар қабылдау және оның материалдық- және 10.07.-ге
техникалық базасын нығайту. ақпарат беру
15. Көркемөнерпаздар ұжымдарын интернат- Облыстық 2002- Облыс әкiмi
үйлерiндегi қарттар мен мүгедектердiң мәдениет 2005 аппаратына
бос уақытын ұйымдастыру үшiн қатыстыру. басқармасы жж. жыл сайын
10.01.-ға және
10.07.-ге
ақпарат беру
16. Мүгедек балаларды белсендi өмiр Атырау қаласы 2002- Облыс әкiмi
сүруге тарту мақсатында қалалық, мен аудандар 2005 аппаратына
аудандық және облыстық көркемөнерпаздар әкiмдерi, жж. жыл сайын
байқауын, суреттер, ұсақ-түйек заттар облыстық 10.01.-ға
көрмелерiн, басқа шығармашылық бiлiм және 10.07.-ге
конкурстар түрлерiн өткiзу. басқармасы ақпарат беру
17. Мүгедек балалардың "Бiз бәрiн де Облыстық 2002- Облыс әкiмi
жасай аламыз" атты облыстық бiлiм беру 2005 аппаратына
фестивалдерiн өткiзу. басқармасы жж. жыл сайын
10.01.-ға
және 10.07.-ге
ақпарат беру
18. Интернат-үйлерiнде тұратын Атырау қаласы мен 2002- Облыс әкiмi
мүгедек балалар арасында спорт аудандар әкiмдерi, 2005 аппаратына
жарыстарын өткiзу және оларды облыстық бiлiм және жж. жыл сайын
республикалық спартакиадаларға еңбек, жұмыспен қамту 10.01.-ға
дайындау шараларын алу. және ХӘҚ басқармалары және 10.07.-ге
ақпарат беру
19. Мүгедектердiң шығармашылық Атырау қаласы 2002- Облыс әкiмi
жұмыстарының, мүгедектер ұйымдары мен аудандар 2005 аппаратына
шығаратын өнiмдердiң көрме- әкiмдерi жж. жыл сайын
сатуларын өткiзу. 10.01.-ға
және 10.01.-ға
ақпарат беру
20. Мүгедек балалар арасында Облыстық туризм 3-тоқсан Облыс әкiмi
"Спешиал Олимпикс Қазақстан" және спорт 2002- аппаратына
облыстық спартакиадасын өткiзу. басқармасы 2005 жыл сайын
10.01.-ға
ақпарат беру
21. Мүгедектер арасында Атырау қаласы 3-тоқсан Облыс әкiмi
Республикалық спартакиадаға мен аудандар 2002., аппаратына
дайындық жүргiзу. әкiмдерi, облыстық 2004 ж. 2005 ж.-ң
туризм және спорт 10.12.-не
басқармасы. ақпарат беру
22. Мүгедектер арасында облыстық Облыстық туризм 4-тоқсан Облыс әкiмi
спартакиада өткiзу: және спорт 2002., аппаратына
- зағиб жандар арасында шахмат пен басқармасы 2005 ж. жыл сайын
дойбыдан; 10.01.-ға
- есту қабiлетi нашар мүгедектер ақпарат беру
арасында стол теннисiнен;
- мүгедектер арасында волейболдан;
- мүгедектер арасында кресло-күймеде
отырып жарысудан.
23. Мүгедектер арасында кiшi Облыстық туризм 2002., Облыс әкiмi
футболдан "Спешиал Олимпикс және спорт 2005ж. аппаратына
Қазақстан" республикалық басқармасы жыл сайын
турнирiн өткiзу. 10.01.-ға
ақпарат беру
24. Мүгедек спортшылардың Атырау қаласы 2002- Облыс әкiмi
Параолимпиадалық ойындарға, мен аудандар 2005 жж. аппаратына
спорттық фестивальдарға, әкiмдерi, жыл сайын
мерекелерге және басқа да облыстық туризм 10.01.-ға
халықаралық, республикалық және спорт ақпарат беру
спорт жарыстарына, арнаулы басқармасы
Олимпиадалық ойындарға
қатысуын қамтамасыз ету.
25. Мүгедектердi дене Облыстық туризм 2003 ж. Облыс әкiмi
шынықтыру және спорт және спорт аппаратына
құралдарымен оңалтуға басқармасы, "Облыстық 2004 ж-дың
арналған әдiстемелiк мүгедектердi сауықтыру 10.01.-на
ұсыныстар әзiрлеу. орталығы" мемлекеттiк ақпарат
мекемесi беру
26. Қазақстан Республикасының Облыстық туризм 2-тоқсан Облыс әкiмi
Параолимпиадалық ойындарына және спорт 2002., аппаратына
дайындық жүргiзу. басқармасы 2004 ж. 2005 ж.
10.01.-ға
ақпарат беру
27. Мүгедек спортшылар арасынан Облыстық туризм 2-тоқсан Облыс әкiмi
өтетiн Республикалық және спорт 2002., аппаратына
спартакиадаларға қатысушыларды басқармасы 2004 ж. жыл сайын
дайындау. 10.01.-ға
ақпарат беру
28. "Мүгедектердi оңалту жөнiндегi "Облыстық 3-тоқсан Еңбек,
бағдарламаларды жоспарлау және iске мүгедектердi 2002 ж. жұмыспен
асыру үшiн мүгедектер туралы деректер сауықтыру қамту және
банкiн құру жөнiнде нормативтiк- орталығы" ХӘҚ министр-
әдiстемелiк ұсыныстар" жобасына мемлекеттiк лігіне
ұсыныстар дайындау. мекемесi 2002 жылғы
10.10-ға
ақпарат беру
Кәсiби оңалту
29. Мүгедектердi жеке оңалту Атырау қаласы 4-тоқсан Облыс әкiмi
бағдарламасына сәйкес кәсiби мен аудандар 2003 ж., аппаратына
бағдарлауды қамтамасыз ету. әкiмдерi, 2004 ж., жыл сайын
облыстық бiлiм 2005 ж. 10.01.-ға
және еңбек, жұмыспен ақпарат беру
қамту және ХӘҚ
басқармалары
30. Әрбiр қалалық және аудандық Атырау қаласы 2002- Облыс әкiмi
емханаларда мүгедектердi емдеу мен аудандар 2003 жж. аппаратына
және оңалту бөлiмдерiн әкiмдерi, облыстық жыл сайын
ұйымдастыру. денсаулық сақтау 10.01.-ға
басқармасы ақпарат беру
31. Кемтар балалар үшiн бiлiм Аудандар 2002- Облыс әкiмi
берудiң арнаулы ұйымдар желiсiн әкiмдерi, 2005 жж. аппаратына
дамыту жөнiнде шаралар қабылдау: облыстық бiлiм жыл сайын
аудан орталықтарында психологиялық- басқармасы 10.07.-ге
медициналық-педагогикалық түзеу және 10.01.-ға
кабинеттерiн ашу. ақпарат беру
32. Жеке кәсiпкерлiктi, шағын және Атырау қаласы 2002- Облыс әкiмi
орта бизнестi дамыту, кадрларды мен аудандар 2005 жж. аппаратына
кәсiби даярлау мен қайта даярлау, әкiмдерi, облыстық 2003 ж-дан
жыл сайын мүгедектердi әлеуметтiк еңбек, жұмыспен бастап
қорғау шараларын анықтау арқылы қамту және ХӘҚ 10.07.-ге
қосымша жұмыс орындарын құру жолымен басқармасы және 10.01.-ға
мүгедектердi жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. ақпарат беру
Медициналық оңалту
33. Перзентханада және амбулаторлық- Облыстық 4-тоқсан Облыс әкiмi
емханалық ұйымдарда "қатерлi" топтағы денсаулық 2002 ж., аппаратына
балаларды ертерек анықтауды сақтау және 2003 ж., жыл сайын
ұйымдастырып, мүмкiндiктерi шектеулi облыстық бiлiм 2004 ж., 10.01-ға
және "қатерлi" топтағы балаларды басқармалары 2005 ж. және 10.07.
психологиялық-педагогикалық -ге ақпарат
консультацияларға жiберу. беру
34. Мүгедек балаларды оңалтудың Атырау 2003 ж. Облыс әкiмi
медициналық құрылымдар мен ұйымдар қаласының әкiмi, аппаратына
желiсiн дамыту: облыстық денсаулық ақпарат беру:
облыстық балалар ауруханасында сақтау 2004 жылғы
30 кереуеттiк неврологиялық бөлiмшенi басқармасы 10.01.-ға
қалпына келтiру;
35. Мүгедектерге санаторийлық- Облыстық еңбек, 2002- Облыстық
курорттық сауықтыру бойынша жұмыспен қамту 2005 жж. Мәслихаттың
жеңiлдiктер берудi қамтамасыз және ХӘҚ, облыстық шешiмдерi мен
ету. денсаулық сақтау әкiмдiктiң
басқармалары, Атырау қаулылары
қаласы мен аудандар
әкiмдерi
36. "Балбұлақ" Республикалық Облыстық 2002- Облыс әкімі
балаларды оңалту орталығына денсаулық 2005 жж. аппаратына
жiберiлген балалар мен аналарға сақтау жыл сайын
жол қаражатын облыс бюджетiнен басқармасы және 10.01-ға
бөлу мүмкiндiгiн қарастыру. облыстық қаржы ақпарат беру
басқармасы
Кадрмен қамтамасыз ету
37. Халықты әлеуметтiк қорғау, Облыстық еңбек, 2002- Облыс әкімі
денсаулық сақтау, бiлiм беру жұмыспен қамту 2005 жж. аппаратына
жүйелерiнде мүгедектердi оңалту және ХӘҚ, облыстық жыл сайын
мәселелерiмен айналысатын денсаулық сақтау 10.01-ға
қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн және облыстық ақпарат беру
арттыруды жүзеге асыру. бiлiм басқармалары
38. Үйлерге барып әлеуметтiк Атырау қаласы 2002 ж., Облыс әкімі
қызмет көрсететiн бөлiмшелер мен аудандар 2003 ж., аппаратына
мен протез-ортопедиялық әкiмдерi, 2004 ж., 2003 ж-дан
шеберхана қызметкерлерiн қайта облыстық еңбек, 2005 ж. бастап
даярлауды ұйымдастыру. жұмыспен қамту жыл сайын
және ХӘҚ басқармасы 10.01-ға
ақпарат беру
39. Медициналық-әлеуметтiк Облыстық еңбек, 4 тоқсан Облыс әкімі
сараптау мен мүгедектердi жұмыспен қамту 2003 ж. аппаратына
оңалтудың маңызды мәселелерi және ХӘҚ, облыстық 2004 жылғы
бойынша практикалық денсаулық сақтау 10.01-ға
конференциялар өткiзудi басқармалары, еңбек ақпарат беру
ұйымдастыру. және халықты әлеуеттiк
қорғау Министрлiгiнiң Атырау
облысы бойынша департаментi
* 2002 жылы және одан кейiнгi жылдары мүгедектердi оңалту бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын iске асыруға көзделген шығыстар тиiстi жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде түзетiлiп отырылатын болады.