2002 жылғы IV тоқсаны мен 2003 жылға коршаған ортаны ластаудың төлем мөлшерлемелерiн бекiту туралы

Жаңа

Атырау облыстық Мәслихаты ХІХ сессиясының шешімі. 2002 жылғы 29 тамыздағы N 233-II. Атырау облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 23 қыркүйекте N 1132 тіркелді

     Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 15 шiлде 1997 жылғы 29 бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 23 қаңтар 2001 ж. N№148 Заңына сәйкес, және Қазақстан Республикасының Салық кодексiнiң 462-шi бабын басшылыққа алып, облыстық мәслихаттың XIX сессиясы шешім етті:

      1. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем мөлшерлемесi облыстық Мәслихаттың кезектi сессиясында бекiтуге енгiзiлсiн:
      1) тұрақты көздерден ластағыш заттардың атмосфералық ауаға шығарылғаны үшiн (қосымша N№1);
      2) жылжымалы көздерден ластағыш заттарды атмосфералық ауаға шығарғаны үшiн (қосымша N№2);
      3) ластағыш заттарды тастағаны үшін су объектiлерiне, сүзгiден өткiзу алаңдарына және жер бедерiне, жинақтағыштарға ластағыш заттарды төгу үшiн (қосымша N№3);
      4) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын улылық сыныптары бойынша орналастырғаны, сақтағаны (көмгенi) үшiн (қосымша N№4);
      5) атмосфераны жылулықпен ластағаны үшiн (қосымша N№5).
      2. Қоршаған ортаны белгiленген лимиттен тыс ластағаны үшiн төлем мөлшерлерi он есе өсiрiледi.

      3. II сайланған Атырау облыстық Мәслихаты XV сессиясының 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 175-ІІ шешiмiнiң күшi жойылды деп есептелсiн.

      Облыстық мәслихаттың XIX
      сессиясының төрағасы

      Облыстық Мәслихаттың хатшысы

Атырау облысы әкімінің шешімі
2002 жылғы 27 тамыз N 477

2002 жылғы IV тоқсаны мен 2003 жылға арналған қоршаған
ортаны ластаудың төлем мөлшерлемелерiн бекiту туралы

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi N 160-1 "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 29 бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексiнiң 462 бабына сәйкес шешім етемін:

      1. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем мөлшерлемесi облыстық Мәслихаттың кезектi сессиясында бекiтуге енгiзiлсiн:
      тұрақты көздерден ластағыш заттардың атмосфералық ауаға шығарылғаны үшiн (қосымша N№1);
      жылжымалы көздерден ластағыш заттарды атмосфералық ауаға шығарғаны үшiн (қосымша N№2);
      су объектiлерiне, сүзгiден өткiзу алаңдарына және жер бедерiне, жинақтағыштарға ластағыш заттарды төгу үшiн (қосымша N№3);
      өндiрiс және тұтыну қалдықтарын улылық сыныптары бойынша орналастырғаны, сақтағаны (көмгенi) үшiн (қосымша N№4);
      атмосфераны жылулықпен ластағаны үшiн аймақтық нормативтерi (қосымша N№5).

      2. Қоршаған ортаны белгiленген лимиттен тыс ластағаны үшiн төлем (мөлшерлемелерi) он есе өсiрiледi.

      3. Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N№344 "Қоршаған ортаны ластағаны үшiн 2002 жылға арналған төлем мөлшерлемесiн облыстық Мәслихаттың кезектi сессиясына бекiтуге енгiзу туралы" шешiмiнiң күшi жойылды деп есептелсiн.

      4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары В.В.Супрунға жүктелсiн.

      Облыс әкiмi

Облыс әкiмiнiң 2002 жылғы  
27 тамыз N 477 шешiмiне  
N№1 қосымша      

Тұрақты көздерден ластағыш заттардың атмосфералық ауаға
шығарылғаны үшiн төлем (мөлшерлеме) нормативi

     

---------------------------------------------------------------------
         Аймақ                 Теңге/шартты тонна
---------------------------------------------------------------------
     Атырау облысы                     500

      Ескерту: Шартты тонна үшiн мөлшерлеменi 1/ о.т. ШМК (орташа тәулiктiк шектi мөлшерлi концентрация) мг/м3 (1/ШМКот мг/м3) формуласы бойынша белгiленетiн әрбiр заттың қауiптiлiк коэффициентiне көбейте отырып, табиғатты пайдаланушылар - кәсiпорындар заттың әр түрi бойынша шығарудың шартты тоннасы үшiн, сондай-ақ физикалық тоннасы үшiн төлем есептерiн бере алады. (Елдi мекендердiң атмосфералық ауасына ластағыш заттардың шамамен қауiпсiздiк деңгейдi әсер етуiнiң жинағы Мемлекеттiк Норматив 2.1.6. 696-98, Қазақстан Республикасы 3.02.037.99).

Облыс әкiмiнiң 2002 жылғы 
27 тамыз N 477 шешiмiне 
N№2 қосымша     

      Жылжымалы көздерден: (автокөлiктерден, тепловоздардан, тракторлардан, өзен және
теңiз кемелерiнен, жол-құрылыс, ауыл шаруашылығы, басқа да iштен жанатын двигательдермен
жабдықталған техникадан) атмосфералық ауаға шығарғаны үшiн төлемдер (мөлшерлемелер)
нормативтерi:

     

-------------------------------------------------------------------------
  N               Отын түрлерi             Теңге/физикалық тонна
  1. Этилденбеген бензин                            350
  2. Этилденген бензин                              435
  3. Дизель отыны                                   550
  4. Сұйытылған мұнай газы                          314
  5. Табиғи газ                                     212

Облыс әкiмiнiң 2002 жылғы 
27 тамыз N 477 шешiмiне 
N№3 қосымша      

Ластағыш заттарды төгу үшiн төлем (мөлшерлеме) нормативтерi

----------------------------------------------------------------------
        Аймақ                       Теңге/шартты тонна
   Атырау облысы:     
су объектiлерiне                           16600
сүзгiден өткiзу алаңдарына,
жер бедерiне, жинақтаушы тоғандарға        15000

      Ескертпе:

      Табиғат пайдаланушы - кәсiпорындар төгiндiлердiң шартты, сондай-ақ физикалық тоннасы үшiн төлемдер есептерiн ұсыну мүмкiн.
      Ағынды сулармен су объектiлерiне түсетiн ластағыш заттарды төккен үшiн төлемдердi есептеген кезде балық шаруашылығы маңызындағы сулар үшiн шектеулi рауалы концентрациясы (мг/л) алынады.
      Ағынды сулармен су объектiлерiне, сүзу алаңдарына, жер бедерiне және жинақтаушыларға түсетiн ластағыш заттарды төккен үшiн төлемдердi есептегенде мәдени тұрмыстық сулар үшiн шектеулi рауалы концентрациясы мг/л) алынады.
      Ағынды сулармен су объектiлерiне, сүзу алаңдарына, жер бедерiне және жинақтаушыларға түсетiн тiрексiз заттарды төккен үшiн төлемдердi есептеген кезде жеке әр кәсiпорын үшiн бекiтiлген шектеулi рауалы төгiндi нормативтерi (грамм/сағат) бойынша шектеулi рауалы концентрация алынады.

Облыс әкiмiнiң 2002 жылғы 
27 тамыз N 477 шешiмiне 
N№4 қосымша      

Улылық сыныптарына қарай өндiрiс және тұтыну қалдықтарын
орналастырғаны, сақтағаны (көмгенi) үшiн төлем
(мөлшерлемелер) нормативтерi (физикалық тонна)

--------------------------------------------------------------------------
N  Қалдықтардың   Балл саны   Қауiптiлiк   Төлем нормативi (мөлшерлемесi)
   улылық сыныбы               дәрежесi         теңге/физикалық тонна
--------------------------------------------------------------------------
1.       1            32      Төтенше қауiптi               9600
2.       2            16      Жоғары дәрежеде қауiптi       4800
3.       3             4      Бiрқалыпты дәрежеде қауiптi   1200
4.       4             2      Жеткiлiксiз дәрежеде қауiптi   600
5.       5             1      Улылықсыз                      300

Облыс әкiмiнiң 2002 жылғы 
27 тамыз N 477 шешiмiне 
N 5 қосымша      

Атмосфералық ауаны жылулықпен ластағаны үшiн аймақтық
төлем (мөлшерлемесi) нормативi (Гекокалория)

----------------------------------------------------------------------
N              Аймақ                      Өлшем бiрлiгi
----------------------------------------------------------------------
Атырау облысы                           Теңге/ Гекокалория
Алауларда газ жағудан атмосфераның
жылулықпен ластануы                             450

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады