Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкiмдігінің 2011.10.04 N 288 қаулысымен.
Облыстық Мәслихаттың 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 178-II XV сессиясының "Облысқа айрықша сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне сәйкес облыс әкiмияты қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған облысқа айрықша сiңiрген еңбегi үшiн зейнетақы тағайындалған азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету Тәртібі бекітілсiн (қосымша).
2. Атырау қаласы мен аудандар әкiмдерi, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi (Қайрешев С.М.) әлеуметтiк көмектiң осы қаулымен бекiтiлген Тәртiпке сәйкес тағайындалуы мен төленуiн қамтамасыз етсiн.
3. Облыстық қаржы басқармасы (Әжiғалиева А.) 105.60.00 "Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмiмен азаматтардың кейбiр санаттарына әлеуметтiк төлемдер төлеу" бағдарламасы бойынша облыс бюджетінде 2002 жылға қаралған қаржы есебінен әлеуметтiк көмек көрсетуді мезгілінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Мұрсәлиеваға жүктелсiн.
Облыс әкімі
Облыс әкiмиятының
2002 жылғы 17 қаңтардағы
N 84 қаулысына қосымша
Облысқа айрықша сiңiрген еңбегi үшiн зейнетақы
тағайындалған азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету Тәртiбi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіп облыстық Мәслихаттың 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 178-II XV сессиясының "Облысқа сiңiрген айрықша еңбегi үшiн зейнетақы тағайындалған азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету туралы" шешіміне сәйкес әзірленді.
2. Тағайындау тәртiбi
2. Атырау облысына айрықша сiңiрген еңбегi үшiн зейнетақы тағайындалған азаматтарға әлеуметтiк көмектi (әрі қарай - әлеуметтік көмек) жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары тағайындайды.
3. Әлеуметтiк көмектi тағайындау үшiн оны алуға құқылы азаматтар тұрғын жерi бойынша еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарына төмендегi құжаттарды тапсырады:
- әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы салық төлеушінің тіркелу нөмірі көрсетілген жеке арызы;
- тұрғын жерiнен анықтама;
- арыз берушiнiң мәртебесiн растайтын құжат.
4. Әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы берiлген арызды барлық қажеттi құжаттарымен бiрге түскен күннен бастап есептегенде 5 күн iшiнде жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары қарап, әлеуметтiк көмектi тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
5. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары әлеуметтiк көмектi төлеуден бас тарту туралы себебi көрсетiлген шешiм қабылданғаннан кейiн арыз берушiге барлық құжаттарды қайтарады.
6. Жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары әлеуметтiк көмектi тағайындаудың дұрыстығына жауап бередi.
7. Жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарының әлеуметтiк көмектi тағайындаудан бас тарту туралы шешiмiне заңнамамен белгiленген тәртiпте шағым берiлуi мүмкiн.
8. Әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы арыз тапсырылған барлық құжаттарымен бiрге, сонымен қатар әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы шешiм немесе оның көшiрмесi көмек алушының жеке iсiнде сақталады.
3. Әлеуметтiк көмектi қаржыландыру және төлеу тәртiбi
9. Әлеуметтiк көмек арыз берген айдан тағайындалады және ай сайын төленедi.
10. Әлеуметтiк көмектi қаржыландыру облыстық бюджетте осы мақсатқа сәйкесті жылға қаралған қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
11. Жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары ай сайын есеп берiлiп отырған айға жалғас айдың 5-iншi жұлдызына дейiн қаржыландыру үшiн өтiнiмдердi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментiне жолдайды, сонымен қатар екiншi деңгейдегi банктерге ай сайын әлеуметтiк көмек алушылардың тiзiмiн жiбередi.
12. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi жергiлiктi органдардың өтiнiмдерi негiзiнде облыс бойынша әлеуметтiк көмек төлеуге қажеттi қаржы көлемiн анықтап, облыстық қаржы басқармасына әр айдың 10-ыншы жұлдызына дейiн қаржыландыруға өтiнiм жолдайды.
13. Облыстық қаржы басқармасы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментiнiң өтiнiмi бойынша облыстық бюджетте әлеуметтiк көмек төлеуге қаралған қаржы есебiнен департаментке қаржы бөледi. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi ағымдағы шотына түскен қаржыны, сондай-ақ агенттiк келiсiмге сәйкес комиссиялық сыйақыларды екiншi деңгейдегi банктер шотына аударады.
14. Әлеуметтiк көмектi жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарынан келiп түскен әлеуметтiк көмек алушылар тiзiмi бойынша әр алушының жеке басын куәландыратын құжаттары (төлқұжат, жеке куәлiк) негiзiнде екiншi деңгейдегi банктер төлейдi.
4. Есеп жүргiзу және есеп беру тәртiбi
15. Әлеуметтiк көмектi төлеу бойынша есеп жүргiзу, есеп беру еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарына жүктеледi.
16. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi әр айдың 10-ыншы жұлдызына дейiн өткен айда төленген қаржыны әлеуметтiк көмек алушылардың санаттарына сай жiктеп, екiншi деңгейдегi банктермен салыстырмалы актiлер жасайды.
17. Жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары белгiленген нысанда және тәртiпте еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментiне есеп тапсырады.
18. Әлеуметтiк көмектi төлеуге бөлiнген қаржылардың мақсатты жұмсалуын бақылауды уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
19. Заңсыз төленген әлеуметтiк көмек сомалары заңнамада белгiленген тәртiп бойынша қалпына келтiрiлуге жатады.