"Исатай ауданының Құрметті азаматы" Ережесі туралы

Күшін жойған

Атырау облысы, Исатай аудандық мәслихатының кезектен тыс XIX сессиясының 2002 жылғы 12 қарашадағы № 140-II шешімі Атырау облыстық Әділет басқармасында 2002 жылғы 25 қарашада № 1204 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2007 жылғы 26 мамырдағы № 267-ІІІ шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 26.05.2007 № 267-ІІІ шешімімен.
      Аудандық Мәслихаттың 2002 жылғы 18 қаңтардағы ХІV сессиясының "Исатай ауданының Құрметті азаматы" туралы Ережесін қабылдаған N 98-ІІ шешіміне депутаттар тарапынан білдірілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Исатай ауданының Құрметті азаматы" туралы аудандық мәслихаттың 2002 жылдың 18 қаңтарындағы N 98-ІІ шешімімен алынған Ереже жаңа мәтінде қайтадан бекітілсін /мәтіні қосымша/ жалғанды.
      2. Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 98-ІІ шешімімен қабылданған "Исатай ауданының Құрметті азаматы" туралы Ереженің күші жойылды деп танылсын.
      3. Аталған шешімді мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін облыстық Әділет басқармасына жолдансын.

      Аудандық Мәслихат ХІХ сессиясының төрағасы

      Аудандық Мәслихат хатшысы

Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы
12 қарашадағы N 140-ІІ     
шешіміне қосымша      

"Исатай ауданының Құрметті азаматы" туралы ЕРЕЖЕ

      "Ауданның Құрметті азаматы" атағы негізінен осы ауданда ұзақ жылдар аудандық деңгейде еңбек еткен, үлгілі рухани жағынан деңгейі жоғары танылған, аудан көлемінде мемлекеттік,қоғамдық және шаруашылық қызметтерінде, ғылым мәдениет және басқа салаларда өндірісті ұйымдастыруда, шаруашылықты жүргізудің жаңа формаларын енгізуде немесе халықтың тәрбиесіне, олардың мәдени-рухани дамуына ерекше еңбек сіңірген адамдарға беріледі. Бұл ретте еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттырумен қатар, интеллектуалдық қуаттың дамуы, мәдениет пен өнер саласы, оқу-ағарту денсаулық сақтау,халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі үздік еңбегі үшін Үкімет тарапынан алынған бұрынғы Батыр, Еңбек Ері атақтары, медальдары, Құрмет грамоталары, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген белгілері, Парламент және облыстық, аудандық мәслихаттарға депутаттығы, т.б. атақтары ескеріледі.
      Ауданда басқару лауазымында болған азаматтарды "Ауданның Құрметті азаматы" атағына ұсынуда енгізілген 70 және одан жоғары мерейгерлік жасқа жетуіне байланысты,азаматтардың негізгі еңбек еткен саласының облыстық,республикалық деңгейдегі органдарының /ұйымдарының/аудан әкіміне, аудандық мәслихатқа жазбаша ұсыныс негіздемесі міндетті болып саналады.
      Егер "ауданның Құрметті азаматы" атағына немесе екі немесе одан да көп адамдар ұсынылатын болса ең алдымен осы ауданда туып өскендігі, ауданда жасаған жұмыс мерзімінің кезеңі, міндетті лауазымдық жұмысынан басқа аудан үшін нақты тындырған ісі, адалдығы мен моральдық тазалығы салыстырылып бағаланады.
      "Ауданның Құрметті азаматы" атағын беру туралы ұсынысты аудандық мәслихат селолық округ тұрғындарының жиындары, аудан әкімі, аудандық бөлім, мекеме қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, кәсіпорындар,еңбек ұжымдарының пікірлерін ескере отырып, қозғайды. Ұсынысқа қосымша өмірбаяны негізі еңбек жолы, мемлекеттік наградалары мен белгілері көрсетілген анықтама жалғануы керек. Бұл құжаттары аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларында алдын-ала қаралып, аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсынылады.
      "Ауданның Құрметті азаматы" атағына ие болу мәслихат шешім алғаннан кейін енеді. Бұл Құрметті атаққа ие болғандарға 3х4см. көлемінде фото суреті жапсырылған, әдейі дайындалған куәлік беріліп, есімдері "Ауданның Құрметті азаматтары деген арнайы кітапқа енгізіледі. "Ауданның Құрметті азаматы" атағына ие болғандарға аудандық бюджет есебінен 100 /жүз/ еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы сыйақы қоса беріледі. Бұл атақты алған осы ауданда тұратын азаматтар үйінің маңдайшасына селолық округ әкімшілігі арқылы "Бұл үйде Исатай ауданының Құрметті азаматы тұрады" деген белгі жазылып қағылады.
      "Ауданның Құрметті азаматы" аудан көлемінде өтетін барлық түрлі салтанатты жиындарға, мәдени-көпшілік шараларға шақырылады. Бұл атаққа ие болған адамдар өз тарапынан әсіресе жастар тәрбиесіне араласуда, өндірістің тиімділігін арттыруда, мемлекеттік басқару ісін жетілдіруде, кәсіпкерлікті дамытуда белсенділік танытуға тиіс.
      Сонымен қатар осы ауданда туып, аудан мектептерінде дәріс алып,еңбек етіп,кейіннен басқа жерде жұмыс бабында немесе ғылым саласында Республикаға танымал болған зиялы адамдарға, мемлекеттік қайраткерлеріне, ғарышкерлерге, ақын-жазушыларға, суретшілерге, сазгерлерге, аудан тұрғындарының пікірін ескере отырып, осы атақ беріледі. Мұндай жағдайда аудандық мәслихаттың кезекті сессиясын күтпей-ақ ұжымдар мен ұйымдардың,аудан әкімінің ұсынысына, депутаттармен сұрау түріндегі келісімге орай аудан еңбекшілерімен кездесу жиналыстарында оларға бұл атақ тиісті құжаттармен табыс естілуі мүмкін.
      Ауданның "Құрметті азаматы" атағын міндетті беріп отырудың кезеңі белгіленбейді, бірақ орташа екі жылда бір рет бұл орайда жинақталған материалдарды қарап іріктеуді аудандық Мәслихаттың тұрақты комиссиясы міндетіне алатын болсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады