Бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін Ережелер

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2002 жылғы 7 қазандағы N 20-161-II шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 9 желтоқсанда N 741 тіркелді. Күші жойылды - Шардара аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 маусымдағы N 23-171-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шардара аудандық мәслихатының 2012.06.12 N 23-171-IV шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 156-ІІ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне және 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Шардара ауданы аумағында санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру, көрiктендiру тәртiбiн сақтау, инфрақұрылымдық нысандар мен жасыл желектердi күтiп ұстаумен қорғау туралы Ережесі бекітілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 26 маусымдағы "Бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленген Ережелерді бекіту туралы" (Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет басқармасында 09.08.2001 жылы 336 нөмірімен тіркеліп, 31.10.2001 жылы аудандық Өскен-өңір газетінде жарияланған) N 10-87-ІІ шешімінің күші жойылсын.

      Сессия төрағасы
      Аудандық мәслихат
      хатшысы

Шардара аудандық мәслихаттың
7 қарашадағы 2002 жылғы
N 20-161-II "Бұзғаны үшiн
әкiмшiлiк жауаптылық
белгiленетiн Ережелер туралы"
шешіміне қосымшасы

      Шардара ауданы аумағында санитарлық тазалық
жұмыстарын ұйымдастыру, көрiктендiру тәртiбiн
сақтау, инфрақұрылымдық нысандар мен жасыл
желектердi күтiп ұстаумен қорғау туралы Ереже       1. Жалпы ереже

      1. Шардара ауданы аумағында тазалық жұмыстарын ұйымдастыру, көрiктендiру тәртiбiн сақтау, инфрақұрылымдық нысандар мен жасыл желектердi күтiп ұстаумен қорғау туралы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155-ІІ "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексі және 1994 жылғы 27 желтоқсандағы N 269-XIII "Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару туралы" Заңына және 1997 жылғы 15 шілдедегі "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына, сәйкес жасалып, Шардара ауданы аумағында тазалық жұмыстарын ұйымдастыру, көрiктендiру тәртiбiн сақтау, инфрақұрылымдық нысандар мен жасыл желектердi күтiп ұстаумен қорғау саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейдi.
      Аудан төңiрегiнде қыс және жаз мезгiлдерiндегi тазалық жұмыстарының жүргiзiлу тәртiбi, тазалық жұмыстарын ұйымдастыруда қауiпсiздiк Ережелерiнiң сақталуы, көшелердегi көлiк, жаяу жүргiншiлер қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары; тазалық пен көрiктендiру Ережелерiн сақтаудағы жауапкершiлiк; сыртқы жарықтандыру құралдары, жасыл желектер, ғимараттар және басқа да қала инфрақұрылымдары, құрылғыларының жағдайы, осы Ереженiң негiзгi мақсаты болып табылады.
      2. Аудан аумағында тазалық жұмыстары жүйесi тұрмыс қалдықтарын тиiмдi, үнемдi, мақсатты түрде жинауды және тез арада алып тастауды (тұрғын үй және сауда мекемелерi, қоғамдық тамақтандыру мен мәдени тұрмыстық сипаттағы кәсiпорындардан шығарылған тағам қалдықтары, канализация жүйелерi қарастырылмаған ғимараттардың сұйық қалдықтары) және қыс, жаз мезгiлдерiнде көпшiлiктiң пайдалануындағы қоғамдық орындардың (қала және ауыл көшелерi, аяқ-жолдар, тұрғын үй аулалары, базарлар, саябақтар аумағы) тазалығы жұмыстарын ұйымдастыруды қамтиды.
      3. Аудан көшелерiн тазалау мамандандырылған жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген тұлғаға тапсырылады. Жеке тұрғын үй иелерiне өз аумақтарында тазалықты сақтау және қоқыс шығару жұмыстарын жүргiзу өз күшiмен немесе келiсiм-шарт негiзiнде мамандандырылған тұлғаларды тарта отырып орындау жүктеледi.
      4. Аудан, ауыл iшiндегi көпшiлiк орындарының, көшелердiң және аяқжолдардың тазалығы меншiк түрiне қарамастан осы аумақтарда орналасқан және жақын орналасқан мекемелерге, кәсiпорындарға, басқармаларға, дүңгiршiктер мен павильон иелерiне және тағы басқа сол сияқты орындарға;
      саябақтар, бау-бақшалар, скверлер және оларға баратын жолдар тазалығы, осы объектiлердi пайдаланушы мекемелерге; өндiрiстiк кәсiпорын аумақтары, құрылыс алаңдары, қоймалар мен базарлар аумақтары және оларға апаратын жолдар тазалығы осы кәсiпорындарға; қала iшiндегi басқа аймақтардың (стадиондар, жәрмеңке өткiзiлетiн орындар, базарлар, автотұрақтар, ауылшаруашылық тауарларының орындары) тазалығының жауапкершiлiгi сол жер иеленушiлерге көрсетiлген жұмыстарды жүйелi түрде өз күшiмен немесе өз қаржысы есебiнен келiсiм-шарт негiзiнде мамандандырылған арнайы кәсiпорын арқылы жүргiзілсін.
      5. Жеке және заңды тұлғалар өз меншiктерiндегi малдарды және қолға үйретiлген жануарларды бақылауда ұстасын. Иесiз бос жүрген жануар жасыл желектi зақымдаған жағдайда оның иесiне ҚР ӘҚБтК кодексімен белгіленген айып салынады және бұл жағдайларда ҚР Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі" Кодекстiң 246 бабының төмендегi талаптары басшылыққа алынатын болады:
      қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретiлген жануарларды ұстап алған адам оларды меншiк иесiне қайтаруға, ал егер оның өзi немесе тұрған жерi белгiсiз болса, осындай жануарларды ұстаған кезден бастап үш күннен кешiктiрмей табылған жануарлар туралы милицияға немесе жергiлiктi атқару органына мәлiмдеуге мiндеттi, олар меншiк иесiн iздестiру шараларын қолданады;
      жануарлардың меншiк иесiн iздестiру кезеңiнде жануарларды ұстаушы адам оларды өзiнiң бағуында және пайдалануында қалдыруы, не ол бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар басқа адамға тапсырылуы мүмкiн.
      Жануарларды ұстап алған адамның өтiнiшi бойынша оларды бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар адамды iздеп табуды және оларға жануарларды берудi жергiлiктi атқару органы жүзеге асырады;
      егер жұмыс малы мен iрi қараны ұстап алғаны туралы  мәлiмделген кезден бастап алты ай iшiнде және басқа үй жануарлары жөнiнде - екi ай iшiнде олардың меншiк иесi табылмаса және оларға өзiнiң құқығы туралы мәлiмдемесе, бұл жануарларға меншiк құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамға көшедi;
      бұл адам бағуында болған жануарларды меншiгiне алудан бас тартқан жағдайда олар коммуналдық меншiкке түседi және тиiстi жергiлiктi атқару органы белгiлейтiн тәртiп бойынша пайдаланады;
      жануарларды  меншiк иесiне қайтарған ретте жануарларды ұстап алған адам және жануарларды бағып, пайдаланып келген адам сол меншiк иесiнен жануарларды пайдаланудан алынған пайданы есепке жатқыза отырып, оларды бағуға байланысты өз шығындарына өтем алуға құқылы.

2. Тиым салу

      6. Жаңадан салынып, немесе жөнделiп жатқан ғимараттардың құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiндегi құрылыс қалдықтары, қоқыстарын алуды үй салуға тапсырыс берушi ұйымдастырады.
      7. Құрылыс және басқа мекемелер, меншiк түрiне қарамастан өнеркәсiп жұмыстарын жүргiзу кезiнде, жер қыртысын бұзуға байланысты құнарлы жер қыртыстары қабатын сақтап қоюға, оны көгалдандыру құрылысына пайдалануға, сонымен қатар, құрылыс жұмыстары бiткен соң, өз есебiнен жұмыс жүргiзу барысында бұзылған жер учаскесi мен жасыл өсiмдiктердi қалпына келтiру ұсынылсын.
      8. Аудан аумағында ғимараттарды бұзу барысында құрылыс-қоқыстарын жинау және шығару жұмыстарын ғимарат иесiне тапсырылады.
      9. Жасыл желек Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiмен қатаң түрде қорғалады. Өздерiне бекiтiлген аймақтарда заңды және жеке тұлғалар жасыл желектердiң сақталуын қамтамасыз етуге, ауылшаруашылық зиянкестерiмен және аурулармен, зиянды арам шөптермен күрестi өз күштерiмен жүйелi түрде жүргiзілсін.
      10. Дүкендерде, дүңгiршiктерде, палаткаларда және бөлшек сауда павильондарында бос ыдыстарды, тауарлардың артық бөлiктерiн текшелеп жиюға және iргелес аумақты ол үшiн қолдануға.
      11. Аудан, ауыл аумағында көлiк құралдарының, жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына қауiп төндiретiн орталық көшелер бойына, аяқжолдар үстiне, балалардың ойын алаңдарына, тұрғын үйлерге баратын жолдар бойына және тұрмыс қалдықтарын жинап алып кетуге кедергi келтiретiн тұрғын үй аулаларына автокөлiктердi қоюға және жөндеуге.
      12. Жасыл алаңдарда (газондарда), гүлзарларда және басқа да жасыл желектi жерлерде көлiк құралдарын қоюға.
      13. Көшелерде, аяқжолдарда, газондарда, үй қасбеттерi алдында құрылыс заттарын шөп, ағаш, отын, көмiр, улы химикаттар, металл сынықтарын, минералды тыңайтқыштарды және басқа материалды жинауға.
      14. Жолдың қозғалыс бөлiгiн, аяқ жолдар бөлiгiн, тоғандар жағалауын, құрылыс жұмыстарынан бос аймақтарды, жасыл өсiмдiктер аймағын, сонымен қатар басқа да қоғамдық орындарды қоқыстың барлық түрiмен (темекi қалдығы, қағаз, бөтелке) және тұрмыс қалдықтарымен ластауға.
      15. Ғимарат құрылымдарын (жол төсенiш, жиек тас, құдықша қақпақтары, арықтар, кәріз, канал, лоток көрнекi қоршаулар) бұзуға, жасыл өсiмдiктерi таптауға және кесуге.
      16. Кәсiпорын, мекеме төңiрегiндегi көшелерде, тұрғын үй құрылымдары аумақтарында, гүлзарлар мен саябақтарда, газондарда, жапырақты, қоқысты жағуға(өртеуге).
      17. Газондарды таптап жүруге, жас ағаштар мен көшеттердi сындыру, үзу және қырқып, жұлып алуға.
      18. Электр сымдарын, жол белгілерін және хабарландыруларды  ағаштарға жалғау үшiн пайдалануға.
      19. Оңтүстiк Қазақстан облыстық аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен келiсiлген ағаш қырқу ережелерiн сақтамай ағаш дiңдерiн қырқуға.
      20. Көрнекi құралдарды, көшелер мен аяқжолдарды, суағарларды, байланыс және электр жүйелерiн ауыз су және қашыртқы су құбырларын және басқа инфрақұрылым нысандарын бұзуға немесе залалдауға.
      Осы Ереженiң талаптарын бұзушыларға Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 300387-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады