Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2011.04.06 № 26 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қылмыстар туралы арыздарды, хабарламаларды, өтініштерді және басқа да ақпараттарды қараудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Заңының 11 бабының 4-1 тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қылмыстар, оқиғалар жөніндегі арыздарды, хабарламаларды, өтініштерді және басқа да ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу туралы" Нұсқауды бекітіп, 2003 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпараттар орталығы (департаменті) осы есеп субъектілерінің барлығын бастапқы есепке алу бланкі үлгілерімен қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының орынбасары М.Қ.Уәйісовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Сот төрағасы
15 қаңтар 2003 ж.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2002 ж.
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
29 желтоқсан 2002 ж.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
31 қаңтар 2003 ж.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасы
26 желтоқсан 2002 ж.
Қазақстан Республикасының
Қаржы полициясы агенттігінің
төрағасы
7 ақпан 2003 ж.
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігінің
төрағасы
2002 ж.
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар жөніндегі
агенттігінің төрағасы
2002 ж.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2003 жылғы 10 ақпандағы
N 6 бұйрығымен бекітілген
Қылмыстар, оқиғалар туралы арыздар мен хабарламаларды,
шағымдар мен басқа да ақпараттарды қабылдау, тіркеуді,
есепке алу мен қарау туралы
НҰСҚАУ
1-Тарау. Жалпы Ережелер
1. Құқықтық статистиканың барлық субъектілері үшін осы Нұсқау қылмыстар мен оқиғалар туралы арыздарды, хабарламаларды, шағымдар мен басқа да ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу мен қараудың бірыңғай ретін анықтайды.
2. Қылмыстық қудалау органдары мен соттар құқықтық статистиканың субъектілері болып табылады.
3. Негізгі ұғымдар:
1) қылмыстар, оқиғалар туралы ақпараттарды қабылдау - қылмыстар мен оқиғалар туралы арыздарды, хабарламаларды, шағымдарды және басқа да ақпараттарды қабылдауға сәйкес өкілеттігі бар, осы Нұсқауға және басқа да құқықтық актілеріне сәйкес, лауазымды тұлғаның іс-әрекеті;
2) қылмыстар, оқиғалар туралы ақпараттарды тіркеу - орнатылған тәртіп бойынша Арыздарды есепке алу кітабының (1-ші қосымша) және Ақпараттарды есепке алу журналының (2-ші қосымша) есеп жүргізу құжаттамасында қылмыс туралы ақпараттардың және басқа да деректердің мазмұндары бойынша қысқаша мәліметтерді жазып алу және әр қылмыстар, оқиғалар туралы түскен арыздарға, хабарламаларға, шағымдарға және басқа да ақпараттарға нөмір беру;
3) қылмыстар мен оқиғалар туралы ақпараттарға есеп жүргізу - есеп беру кезеңіндегі қылмыстар туралы тіркелген арыздардың саны мен сипаты және оларды қарау нәтижелері туралы мәліметтерінің мемлекеттік статистикалық есеп жүргізу мәліметтерінің сәулеленуі;
4) қылмыс туралы ақпарат бойынша шешім қабылдау - қылмыстық іс жүргізу заңнамаға сәйкес тіркелген арыз, хабарлама бойынша лауазымды тұлғамен (өз құзыреттігі шегінде) шешім қабылдау;
5) тіркеуден жасырылған қылмыс туралы арыз бен хабарлама - тікелей қабылдаған тұлғамен жасырылып қалған, әлде қылмыс туралы Арыздар мен хабарламаларды есепке алу кітабында орындаушымен тіркелмеген қылмыс белгісі бар арыз, хабарлама.
4. Жасалған немесе дайындалып жатқан арыздың кез келгені (жазбаша әлде ауызша) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Нұсқауда орнатылған ретпен тіркелуі қажет.
5. Қылмыстар мен оқиғалар туралы барлық ақпараттар, олардың мазмұны мен түсу нысанына байланысты келесі түрлерге: қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларға және басқа да ақпараттарға бөлінеді.
6. Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 177-ші бабына сәйкес қылмыстық іс қозғауға келесі қылмыстар туралы арыздар мен хабарламалар негіз болады:
1) азаматтардың арыздары;
2) кінәсін мойындап келу;
3) мемлекеттік органының лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын атқаратын адамының хабарламасы;
4) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;
5) лауазымды адамдардың немесе қылмыстың іс қозғауға құқылығы органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтауы.
Аталған ақпараттар міндетті түрде Арыздарды есепке алу кітабында тіркеліп, олар бойынша тексеріс жүргізілуімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 185-ші бабымен көзделген процессуалдық шешімдердің бірін қабылдауы қажет.
7. Басқа да ақпараттарды:
1) қылмыс нәтижесінде түсуі мүмкін дене жарақаттарын алған азаматтардың көмек үшін барғандығы жөніндегі емхана мекемелердің хабарламалары;
2) көші-қон полициясы бөлімшелерінің қылмыстық белгілер бар жағдайларда азаматтар төлқұжаттарын жоғалтқаны жөніндегі хабарламалары;
3) жол, қаржы полиция органдарының, кеден, мемлекеттік күзет, мемлекеттік өртке қарсы қызметтерінің, Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінің, Ішкі істер министрлігінің әскерлерінің кезекші бөлімшелерінен және басқалардан телефон (телефакс), телетайп, факсимильдік байланыс бойынша, телерадио хабарлар арқылы келіп түскен хабарламалар құрастырады:
Аталған ақпарат міндетті түрде Ақпараттарды есепке алу журналында тіркеуге қажет, ол расталған жағдайда Арызды есепке алу кітабына да тіркеледі де, Қазақстан Республикасының Қылмыстық істерді жүргізу кодексінің 185-ші бабымен көзделген процессуалдық шешімдерінің бірі қабылданады.
8. Хабарлама деп:
1) қылмыс белгілері бар басқа да оқиғалар, деректер туралы құлақтандырулар;
2) авария, індет жайлауы, дүлей апат және адамдармен болған жазатайым оқиғалар туралы мәліметтер;
3) басқа да құқыққа қарсы сипаттағы әрекеттер жөніндегі мәліметтер есептеледі.
9. Арыздар жазбаша және ауызша түрде болады.
Жазбаша арызға оны беріп отырған адам өз қолын қоюы тиісті.
Жазбаша болып: азаматтардың арыздары, мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың хабарламалары, лауазымды тұлғалардың және қылмыстық іс қозғауға өкілетті органдардың (рапорт, қызметтік қысқа жазба) қылмысы туралы тікелей мәліметтерді айқындалу актілері, мемлекеттік органының лауазымды немесе ұйымда басқару функциясын атқаратын тұлғалардың жазбаша түрдегі хабарламасы (оқшауланған мәліметтер, тексеріс мәліметтері (актілер, анықтамалар және қорытындылар), кінәсін мойындап келу, бұқаралық ақпарат құралдарында басылып жарияланған хабарламалар, хабар-ошарсыз жоғалуы, тастанды сәбилер және табылған мәйіттер, апаттар, авариялар, індеттердің жайлаулары және де басқа оқиғалар, сонымен қатар жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы иесі көрсетілмеген арыздар табылады.
Қылмыстық қудалау органдарының кезекшіліктегі наряттардың радио байланыстарының ведомстволық каналдары арқылы, сондай-ақ күзет сигнализациясының іске қосылып дабылданған түрінде телефон, телетайп, телеграф арқылы келіп түскен ақпараттар ауызша болып табылады.
Тергеу іс әрекетін жүргізу кезінде немесе сот талқылауы барысында жасалған қылмыс туралы ауызша арыз немесе хабарлама тиісінше хаттамаға енгізіледі.
Өзге жағдайларда жеке хаттама жасалады да оған арыз беруші және арызды қабылдаған лауазымды тұлғаның қолдары қойылады. Арыз беруші көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 351-ші бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туралы ескертіледі, бұл туралы хаттамада белгі қойылады, ол арыз берушінің қолымен куәландырылады.
2-Тарау. Қылмыстар, оқиғалар туралы арызды, хабарламаларды
және басқа да ақпараттарды қабылдау
10. Қылмыстық қудалау органы кез келген жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы арызды және басқа да ақпаратты - (бұдан әрі- өтініштерді) олардың уақыты мен жасалған орнына, тергеуге жататындығынан, сондай-ақ, берілген мәліметтердің толықтылығына байланысты емес, дереу қабылдауы, тіркеуі және қарауы тиіс. Кезекші бөлімдері бар қылмыстық қудалау органдары күні түні өтініш қабылдауды жүргізеді.
11. Қылмыстық қудалау органына тікелей арыз берушінің өтініші қабылданғаны жөнінде, қабылдаған қызметкерді көрсетумен, тіркеу және шешім қабылдануға тиіс уақыты көрсетіліп, құжат (талон) беріледі. Өтінішті қабылдаудан бас тартқанда қылмыстық қудалау органы, бас тарту себептерін көрсетіп жазбаша түрде арыз берушіні міндетті түрде хабардар етеді. Хабарлау-талоны қатаң есеп берушіліктің бланкісі болып табылады, олар тіркеліп 3 жыл бойында хатшылықта сақталады да, тек қана жедел кезекшіге, сондай-ақ полиция кезекші бөлімдері жоқ елді мекендерінің аумақтық инспекторларына беріледі. Талондар қылмыс туралы ақпараттардың толықтылығын тексеруде, ақпараттарды қабылдауға міндетті лауазымды тұлғалардың жұмысын тексеру кезінде қолданылады.
12. Кіріс байланыс жібермелердің жалпы ережелері бойынша тіркелген қылмыстар жөніндегі арыздар мен хабарлар тәулік ішінде Арыздарды есепке алу кітабында қайта тіркелуі қажет.
13. Қылмыстық қудалау органдарының кеңсесіне (хатшылығына) почта, телеграф, факсимилдік байланыс немесе жорта түскен өтініштерді қабылдау осы органының кіріс байланыс жібермелерінің жалпы ережелері бойынша, ал оның тіркелуі нағызғы Нұсқауға сәйкес жүргізіледі. Кезекші бөлімде алдын-ала тіркеуден өткізілмей және қылмыстық қудалау органның бастығының жазбаша нұсқауысыз келіп түскен өтініштерді осы бөлімнің кеңсесіне (хатшылығына) беруге тыйым салынады.
14. Жол, қаржы полицияларының, кеден, мемлекеттік күзет қызметтерінің, мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің, медициналық айықтырғыштардың, арнайы қабылдағыштардың, түзету мекемелерінің, тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, бейімдеу, оқшаулау және қалпына келтіру орталықтарының, қабылдап-тарату бөлімдерінің, Қарулы Күшінің әскери бөлімдерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамалардың кезекшілеріне қызметін атқаруда белгілі болған қылмыстар мен оқиғалар туралы хабарламалар дереу аймақтығына сәйкес кезекші бөлімдеріне беріледі.
15. Өтініш беруші өтінішін берген кезде өзі білетін тілді қолдана алады. Қабылданған шешім туралы жауап мемлекеттік тілде, немесе өтініш жасалған тілде беріледі.
3-Тарау. Өтініштерді тіркеуі мен есепке алу
16. Арыздарды есепке алу кітабына және Ақпараттарды есепке алу журналына тіркеусіз өтініштерді тексеруге тыйым салынады.
17. Арыздарды есепке алу кітабы мен Ақпараттарды есепке алу журналының нысандары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығымен (департаментімен) құқықтық статистика субъектілерінің ойлары мен ұсыныстары есепке алына отыра әзірленеді.
18. Арыздарды есепке алу кітабы мен Ақпараттарды есепке алу журналы қатаң түрдегі есептің құжаттары болып танылады және 1-ші, 2-ші-қосымшаларға сәйкес толтырылады. Олар кезекші бөлімдерде немесе қылмыстық қудалау органдарының сәйкес бөлімшелерінде сақталуы қажет, тек қылмыстар туралы арыздарды тіркеуге жауапты лауазымды тұлғалармен толтырылады. Кітап пен журналдың парақтары нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі .
19. Арыздарды есепке алу кітабы мен Ақпараттарды есепке алу журналы құқықтық статистика субъектілерінің орталық аппараттарымен және олардың аумақтық бөлімшелерімен жүргізіледі.
20. Өтінішті алдын ала Арыздарды есепке алу кітабында тіркемей қылмыстық іс қозғауға, қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға, тергеуге тиесілі, аумақтығы, соттылығы бойынша беру туралы шешімдерді қабылдауға тыйым салынады. Егер алынған ауызша ақпараттың шешімі осы органның құзыретіне жатпаса, әлде егер әрекет басқа органның қызметіндегі аумақта жасалса, мұндай хабарламалар Ақпараттарды есепке алу журналында тіркелгеннен соң дереу тергелулігі, аумақтығы бойынша жолданады да, ол туралы Ақпараттарды есепке алу журналында белгі қойылады. Осымен бір уақытта қылмысты болдырмау немесе жолын кесу бойынша, сондай-ақ қылмыстың іздерін сақтау бойынша қажетті шаралар қабылданады.
21. Тергелулігі, аумақтығы бойынша жолданған қылмыс туралы арыз және хабарлама есептен шығарылады да, оны алған органда тіркелуі қажет. Материалдар қайтарылған жағдайда, бұл туралы Арызды есепке алу кітабындағы арыз және хабарламаның алғашқы тіркелгенінде белгі қойылады. Өтініш қарау мерзімі тергеулілігі, аймақтығы бойынша органға түскен күннен бастап есептеледі.
Жекеленген бір қылмыс туралы бірнеше арыз, хабарлама, шағым және басқа да ақпарат келіп түскен жағдайда олар бірақ рет есептеледі. Алдын ала тергеу және анықтау органы қайталанған арыздар мен хабарламаларды Арыздарды есепке алу кітабында тіркеуімен және алғашқы арызға келесілерін қосу туралы Арыздарды есепке алу кітабында міндетті түрде тіркеумен қылмыстық іске (материалдарға) қосады.
Бір қылмыстың фактісі туралы қайталанған, бірақ оларда басқа қылмыстық фактісі туралы мәлімет бар арыз және хабарлама келіп түскен жағдайда, олар жеке тіркеледі.
22. Егер өтініштердің қандай да бір себептермен тіркелуі кешіксе, бұл жағдайда Арызды есепке алу кітабында және Ақпаратты есепке алу журналында ақпараттың осы органға келіп түскен уақытымен қатар өтініш бойынша шешім қабылдау тапсырылған қызметкерге ақпараттың алғашқы рет келіп түскен уақыты көрсетіледі. Осындай жағдайларда өтініштің қаралу мерзімі органға келіп түскен уақыттан басталады.
23. Ақпаратты есепке алу журналында тіркелген, бірақта расталмаған азаматтардың қылмыс туралы ауызша арыздары, тұрмыстық сипатты азаматтардың дене жарақаттары туралы өтінгендері туралы емдеу мекемелерінің хабарламалары, сондай-ақ қылмыс сипаты жоқ азаматтық және басқа да заңнамалармен реттелетін жеке және заңды тұлғалардың қылмыстық қудалау органдарына даулары және басқа да құқықтық қатынастары туралы өтініштері туралы Ақпараттарға есеп жүргізу журналының 6-шы бағанында фактінің расталмағандығы туралы жазылады. Тексеріс өткізу фактісінің құжаттандырылған растауы болуы тиіс, ол растау тексеру әрекеттерін жүргізген лауазымды тұлғаның рапорты түрінде болады, рапортта көрсетілген қабылданған шешіммен келіскендігі жөнінде қылмыстық қудалау орган басшылығының бұрыштамасы болуы тиіс.
Көрсетілген материалдар кеңсенің (хатшылықтың) арнайы нарядының номенклатуралық ісінде сақталуы қажет.
24. Арыздарды есепке алу кітабінің және Ақпаратты есепке алу журналының деректемелері түскен ақпараттардың тіркелу уақыты мен нөмірлері бойынша хронологиясын сақтай отырып, олардың бағандарының мазмұнына сәйкес толтырылады. Арызданушы туралы деректер, хабарланған қылмыс туралы мәліметтер, өтініштің қозғалысы және қабылданған шешім туралы деректер толық жазылуы керек.
25. Тіркеуге жауапты лауазымды тұлға, ретті нөмірлерін сақтай отырып, өтінішті дереу Арыздарды есепке алу кітабына немесе Ақпаратты есепке алу журналына толтырады. Жазбаша өтініште немесе айыбын мойындап келу хаттамада тіркеулік мөртабан басылады.
26. Органның тіркеу мөртабанына органның атауы, тіркеу уақыты, реттік нөмірі, ақпаратты қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі жазылып, қолы қойылады.
27. Өтініштерге тіркеу ережесінің орындалуын қамтамасыз етуге жауапкершілік орган басшысы және бөлімшенің кезекші бөлімінің лауазымды тұлғаларына жүктеледі. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы материалдар қылмыстық қудалау органның қылмыстық іс қозғаудан бас тарту жөнінде шығарған қаулысымен Материалдарды есепке алу журналында тіркеледі.
28. Жазбаша өтініштің қылмыстық іске немесе тексеру материалдарына қосылып тігілуі жөнінде Арызды есепке алу кітабында тиісті жазу ендіріледі, оның келіп түскен күні жазылады.
4-Тарау. Өтініштерді қарау
29. Нұсқаудың 2-ші тармағында көрсетілген, қылмыстық істер жүргізу заңнамаларға сәйкес, осы Нұсқаумен орнатылған рет бойынша тіркелген өтінішті қарау құқықтық статистика субъектілерімен қамтамасыз етіледі.
30. Қылмыс туралы иесі көрсетілмеген өтініштер жазбаша хабарламаларды қараудың жалпы ережелері бойынша тіркеліп қаралады, егер әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамның, немесе басқа да адамдардың, қоғамның және мемлекеттің елеулі мүдделерін қозғаса, алдын ала тексеріс өткізілген соң, сонымен қатар, егер оларда Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 177-ші бабының 2-ші бөлігінде ( 178-ші бабының 4-ші
бөлігінде) көрсетілген жеткілікті деректері болғанда ғана қылмыстық іс қозғауға себеп бола алады.
31. Ақпаратты есепке алу журналында тіркелген иесі көрсетілмеген ақпарат жазбаша түрде расталған жағдайда арыздарды есепке алу кітабына көшіріледі де Ақпараттарды есепке алу журналында осы туралы жазу енгізіледі.
32. Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 185-ші бабына сәйкес қылмыс белгілері бар әрбір өтініш бойынша әлде қылмыс белгілері тікелей анықталған жағдайларда (расталмаған немесе жалғандардан басқа) анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші немесе прокурор келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
1) қылмыстық істі қозғау туралы;
2) қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы;
3) арызды немесе хабарды тергеу ретімен, ал жеке айып тағу істері бойынша сот ретімен беру туралы.
Қабылданған шешім туралы арыз берушіге жазбаша түрде хабарланады және сонымен қатар шешімге шағын беру құқығы түсіндіріледі.
Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 187-ші бабының 4-ші бөлігіне сәйкес келіп түскен өтініштерде азаматтардың саяси, еңбек, отбасы және өзге де құқықтарын бұзушылық, сондай-ақ, азаматтық сот өндірісінің тәртібімен қорғалатын ұйымдардың заңды мүдделері бұзылғандығы байқалса, онда қылмыстық іс қозғаудан бас тартумен қатар мүдделі тұлғаларға бұзылған құқықтары мен мүдделерін өз қалпына келтіру үшін сот өндірісінің тәртібімен сотқа жүгіну тәртібі түсіндірілуі тиіс.
Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды тергеу реті бойынша, қылмыстық іс қозғамай, жеке айыптау істері бойынша арыздарды сот реті бойынша беру жөнінде 24 сағат ішінде прокурор жазбаша хабардар етілуі қажет.
33. Арызды есепке алу кітабында тіркелген өтініш бойынша шешім түскеннен кейінгі үш күн ішінде қабылдануы қажет.
Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талап ету, оқиға болған жерді қарау, сараптама жүргізу үшін осы мерзім анықтау органының бастығымен, тергеу бөлімінің бастығы он тәулікке дейін ұзарта алады.
Ерекше жағдайларда өтініш қарау мерзімі бір айға дейін ұзартылады, бұл туралы прокурор үш күн ішінде жазбаша хабардар етіледі.
Қылмыс туралы арыздың немесе хабарламаның қарау мерзімін ұзартуға қылмыстық қудалау органының бастығы немесе оның орынбасарының, бұрыштамасы қойылған, тексеруді жүргізуші тұлғаның дәйекті рапорты негіз бола алады.
Осы көрсетілген мерзім аяқталғанда негізделген іс жүргізушілік шешімді қабылдауға мүмкіндік болмаған жағдайда прокурор мерзімнің бұзылу себептері туралы және қабылданған шаралар жайында жазбаша хабардар етіледі.
34. Қосымша тексерісті талап ететін басқа да ақпараттар төменде көрсетілген әрекеттерді:
1) оқиға орнына бару үшін жол шегуді;
2) іздердің сақталу шараларын қамтамасыз етуді, кинофотосуреттерге түсіруді, бейне таспаға жазуды;
3) жедел-іздестіру шараларын жүргізуді;
4) жәбірленушілерді, куәларды жауаптауды өткізуге негіз болады.
35. Ақпараттарды есепке алу журналында тіркелген басқа ақпараттар келіп түскен кезінен кідіртпей 24 сағаттық мерзімде тексеріледі. Тексеру қорытындысымен келесі шешімдердің бірі:
1) оқиға болғандығы туралы ақпарат растығы қуатталса және қылмыс белгілері болған жағдайда - Арыздарды есепке алу кітабында қайта тіркеу жүргізу;
2) егер қылмыс белгілері болмай әкімшілік құқық бұзушылық анықталса - кінәліге әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
3) егерде ақпарат қуатталмаса - тексеру материалдарды номенклатуралық іске жою үшін тапсыру қабылданады.
36. Осы статистика субъектілерімен өтініштерді қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау ретін толық және жан жақты бақылау мақсатында, есептік-тіркеу материалдарын салыстырып тексеруді жүзеге асыратын комиссия құрылады. Комиссия қызметі ведомстволық ретте регламенттеледі және қылмыстық қудалау органы бастығымен қамтамасыз етіледі.
37. Жұртшылыққа түсіндіру үшін азаматтар таныса алатын жерлерге өтініштерді қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау Ережелері ілінеді. Бұдан басқа, Ережелерде қосымша қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қараудағы заңдылықтардың сақаталуына бақылау жүктелген қызметтердің телефон нөмірлері (мекен-жайы), сондай-ақ қадағалаушы прокурордың немесе прокуратураның кезекші тұлғасының телефон нөмірлері (мекен-жайы) көрсетіледі.
38. Аяқталған Арыздарды есепке алу кітаптар мен Ақпараттарды есепке алу журналдары, Материалдарды есепке алу журналдары қылмыстық қудалау органдарында іс жүргізуді регламенттейтін нормативтік құжаттармен белгілеген мерзім бойынша сақталады.
5-Тарау. Жеке айыптау ретінде қылмыстық қудалауға
жататын қылмыстар жөніндегі шағымдарды қабылдау,
тіркеу, есепке алу және қарау туралы
39. Жеке айыптау ретіндегі қылмыстық іс тұлғамен (немесе бірнеше адамдармен) сотқа тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шағым беруімен қозғалады. Шағым анықтау органына, тергеушіге немесе прокурорға берілген жағдайда оны сотқа жолдау қажет.
Осыған байланысты тек жеке айыптау істер бойынша шағымдарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау жағынан соттар осы статистиканың субъектілері болып табылады.
40. Жеке айыптау ретінде емес қылмыстық қудалауға жататын қылмыс туралы сотқа түскен өтініш бойынша прокурорға жолданады да сол туралы арыз беруші хабарланады.
41. Шағымда ол берілген соттың атауы, қылмыстық оқиғаның сипаттамасы, дәлелдемелері көрсетіліп қылмыстың жасалған орны мен уақыты, сотқа істі өз өндірісінде қабылдау туралы өтініші, қылмыстық жауапкершілікке тартылушы тұлға туралы мәліметтер, сотқа шақырылуы қажет куәлардың тізімі көрсетілуі керек. Шағымға оны беруші адамның қолы қойылады. Иесі көрсетілмеген шағымдар өндіріске қабылданбайды.
42. Жеке айыптау іс бойынша, жәбірленушінің шағымы болмаса да, егер әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқада себептермен өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамның мүдделерін қозғайтын болса прокурор іс қозғауға құқылы.
43. Соттармен шағымдарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау заңнамалармен және осы Нұсқаумен орнатылған тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
44. Сот кеңсесіне почта, телеграф, факсимильдік байланыс арқылы немесе әдейі келіп түскен шағымдарды қабылдау кіріс хаттарының жалпы ережелері бойынша жүргізіледі.
45. Шағым сотқа келіп түскен күннің келесі күнінен кешіктірілмей Шағымдарды есепке алу кітабында тіркелуі тиіс.
46. Шағымдарды есепке алу кітабының нысаны (3-ші қосымша) Құқықтық статистика және ақпарат орталығымен (департаментімен) әзірленеді.
47. Шағымдарды есепке алу кітабының қатаң түрдегі есеп құжаты болып табылады, ол сот кеңсесінде сақталады да шағымдарды тіркеуге жауапты тұлғалармен жүргізіледі. Кітап парақтары нөмірленіп тігіледі және мөрмен бекітіледі.
48. Шағымдарды есепке алу кітабының реквизиттері бағандардың мазмұнына сәйкес түскен шағымды тіркеу уақыты мен нөмірі бойынша хронологиясы сақталып толтырылады.
49. Егерде берілген шағым осы Нұсқаудың 5-ші тарауының 41-ші тармағына сәйкес келмесе, сот оны берушіге көрсетілген талаптармен сәйкестікке келтіруді ұсына отыра, сол үшін мезгілді уақыт белгілейді. Нұсқау орындалмаған жағдайда сот бұл туралы шағымданушыны хабардар етеді де, шағымды қараусыз қайырып береді. Егер қойылған талаптар орындалған жағдайда судья шағымды қарап, үш күн ішінде қаулы шығарады:
1) шағымды өз өндірісіне қабылдау туралы;
2) шағымды тергеу ретімен немесе сот ретімен беру туралы;
3) шағымды өндірісіне қабылдаудан бас тарту туралы.
50. Толтырылып біткен Шағымдарды есепке алу кітабы соттарда іс жүргізуді регламенттеуші нормативтік-құқықтық актілерімен белгілеген мерзім бойынша сақталады.
51. Соттарға түсетін шағымдардың құрылымын, олардың қаралу нәтижелерін және солар бойынша қабылданған шешімдердің негізділігін сипаттайтын ақпараттарды жинақтау мен жүйеге келтіру есебінде тұратын, 2-Ж нысанды есеп берушілік құрастырылады.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2003 жылғы 10 ақпандағы
N 6 бұйрығымен бекітілген
Жобаға 1-ші қосымша
Негізі ______________________
Сақтау мерзімі____________________
Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды
есепке алу
КІТАБЫ
_______________________________________________________
қылмыстық қадағалау органының атауы
Басталуы 2000 ж___________
Аяқталуы 2000 ж___________
Инвентарлық нөмірі___________________
Қылмыс туралы арызды, хабарламаны есепке алу кітабының
бағандар мазмұны
____________________________________________________________________
N-рі Қылмыс туралы Қылмыс туралы Қылмыс туралы Қылмыс туралы
арыздың, хабар. хабарлаушы арыздың, хабар. арыз, хабар.
ламаның келіп тұлғаның дерек. ламаның қысқаша лама бойынша
түскен уақыты тері (ататегі, мазмұны (уақыты, қабылданған
(күні, айы, есімі, әкесінің орны, жағдай. шаралар,алын.
жылы, сағаты, аты, мекен-жайы, лары, Қазақстан ған заттай
минуты) телефоны, ұйымы. Республикасының айғақтардың
ның, кәсіпорын. Қылмыстық Кодекс. тізімі
ның, мекеменің інің бабы)
таауы)
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5
____________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
____________________________________________________________________
Жедел тергеу Арызды, хабарла. Арызды, хабарла. Қазақстан
тобының маны кім, кімге маны қарауға Республикасының
құрамы, оқиға қашан қарауға алған тұлғаның Қылмыстық істерді
орнына шығудың берді қолы. Мерзімді жүргізу кодексі.
уақыты уақыты (сағаты, інің 185-ші бабы.
минуты) (ататегі, на сәйкес, хабар.
лауазымы айқын ламаны тексерудің
жазылсын) нәтижесі, қозғал.
ған істің №N-рі,
шығыс N-рі, тер.
геу рет бойынша
алдын ала тергеу
үшін жеке айыптау
ісі бойынша, сот.
тау реті бойынша
материал жібер.
ген орган
____________________________________________________________________
6 7 8 9
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2003 жылғы 10 ақпандағы
N 6 бұйрығымен бекітілген
Жобаға 2-ші қосымша
Негізі ______________________
Сақтау мерзімі____________________
Ақпараттарды есепке алу
ЖУРНАЛЫ
_______________________________________________________
қылмыстық қадағалау органының атауы
Басталуы 2000 ж___________
Аяқталуы 2000 ж___________
Инвентарлық нөмірі___________________
Ақпараттарды есепке алу журналының бағандар мазмұны
______________________________________________________________
N-рі Ақпарат. Кім хабар. Ақпараттың Ақпарат Ақпаратты тексерудің
тың лады (ата- мазмұны бойынша нәтижелері
түскен тегі, есі. (уақыты, кезекші. Ақпарат қуатталды:
уақыты мі,әкесі. орны, жағ. нің қаб. Келіп түсіп жиналған
(уақыты, нің аты, дайлары) ылдаған арыз, материал,
орны, мекен-жайы, шаралары хабарламалардың қыл.
жағдай. хабарлау. мыстық сипаты бар.
лары) шының теле. лары Арыздарды есеп.
фоны, ұйы. ке алу кітабында
мының, кә. ауыстырылып тіркел.
сіпорынның, ген N№-рі күні,
мекеменің әкімшілік тәртіптік
мекен-жайы ықпал шаралары қабыл
мен теле. данады (кіммен,
фондары, қашан, қандай)
орталық.
тандырыл. Тергеу ретімен,
ған күзет аумақтығы бойынша
пультінің материалдар басқа
кезекші органға жіберілген
(дәнекері. Ақпараттар есепке
нің ататегі, алу журналы №N-рі,
есімі, әке. күні, айы, жылы,
сінің аты) ақпаратты алушы
органның атауы,
қабылданушының
лауазымы, ататегі,
есімі, әкесінің аты
көрсетілуі керек
Ақпарат құаттал.
маған жағдайда:
тексеру жүргізген
тұлғаның ататегі,
лауазымы, қолы,
номенклатуралық
істің №N-рі тексе.
рілетін материалдың
парақтар саны
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2003 жылғы 10 ақпандағы
N 6 бұйрығымен бекітілген
Жобаға 3-ші қосымша
Негізі ______________________
Сақтау мерзімі____________________
Жеке айыптау істері жөніндегі арыздарды есепке алу
КІТАБЫ
_______________________________________________________
Соттың атауы
Басталуы 2000 ж___________
Аяқталуы 2000 ж___________
Инвентарлық нөмірі___________________
Жеке айыптау істер жөніндегі арыздарды есепке алу кітабының бағандар мазмұны
____________________________________________________________________
N-рі Жеке айыптау Олардың ішінде: Арыз беруші Жеке айыптау іс
істер жөнін. _________________ жөніндегі бойынша арыздың
дегі арыздар тергеу басқа мәліметтер: қысқаша мазмұны
келіп түскен және соттар. ататегі,есі. (уақыты, оқиғаның
күні, айы, анықтау дан мі, әкесінің орны, жағдайлары,
жылы орган. аймақ. аты, мекен- Қазақстан Респуб.
дарынан тығы жайы, теле. ликасының Қылмыс.
соттау ретімен фоны тық Кодексінің
ретімен баптары)
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6
____________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
____________________________________________
Арызды қарау Арызды қарауға Арыз қараудың
кімге, қашан алған тұлғаның нәтижесі және
тапсырылды қолы мен алған уақыты
уақыты
____________________________________________
7 8 9
____________________________________________