1991-нөмірмен тіркелген "Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының Мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 727 Бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 27 наурыздағы N 143 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 3 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2226. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 635 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.12.30 N 635 Бұйрығымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. ...
      2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. ...
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                    Б. Жәмішев

                                         Қазақстан Республикасы
                                            Қаржы министрінің
                                       2008 жылғы 30 желтоқсандағы
                                             N 635 бұйрығына
                                                 2-қосымша

Қазақстан Республикасының күшi жойылған кейбiр
нормативтік құқықтық актілерінің тiзбесi

      1. ...
      ........
      5. 1991-нөмірмен тіркелген "Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының Мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 727 Бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 27 наурыздағы N 143 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2226 тiркелген).
      ........
      25. ...

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 546-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының Мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 727 Бұйрығына (2002 жылдың 2 қазанында 1991 нөмірмен тіркелген, "Егеменді Қазақстан" газетінде 7 қаңтар 2003 жылы N 4-5 жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының Мемлекеттік тізілімінде, мынадай мазмұндағы 58-73 тармақтармен толықтырсын:
      "58. ТРII (10.1 нұсқа)
      59. FunChip (3.21 нұсқа)
      60. TRANSMASTER (2.31 нұсқа)
      61. IBSO Банктіклік Ақпараттық кешені (3.4 нұсқа)
      62. Бірыңғай төлем кешені I-Payment (1.0 нұсқа)
      63. Бөлшек бизнестік "Аманат"/"Аманат 2000" автоматтандырылған банктік жүйесі (5.0 нұсқа)
      64. Бөлшек бизнестік "Аманат" автоматтандырылған банктік жүйесі (5.0 нұсқа)
      65. MS DOS және Novell 2.20 және 4.11 үшін Бөлшек бизнестік "Аманат Плюс" автоматтандырылған банктік жүйесі (7.2.0 нұсқа)
      66. RS-Bank автоматтандырылған банктік жүйесі (5.00.44 нұсқа)
      67. RS-Bank автоматтандырылған банктік жүйесі (5.1 нұсқа)
      68. "Ва-Банк" автоматтандырылған банктік жүйесі (5.0 нұсқа)
      69. "БИСквит" автоматтандырылған банктік жүйесі (4.1а нұсқа)
      70. "Прагма" (Прагма/ТХ) автоматтандырылған банктік жүйесі
      71. RS-Retail автоматтандырылған банктік жүйесі (5.10.068.16 нұсқа)
      72. RS-Bank автоматтандырылған банктік жүйесі (5.00.048.2 нұсқа)
      73. "Аманат-Почта" автоматтандырылған банктік жүйесі (5.10
нұсқа)".
      2. Салықтық бақылау басқармасы (А.Борамбаева) осы Бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Салық комитеті Төрағасының орынбасары Ә.Базарбаеваға жүктелсін.
      4. Осы Бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Салық комитетінің Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады