Қаржы полициясы органдарында азаматтарды қабылдау Ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қаржы полициясы агенттігі төрағасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 11 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2235. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2005 жылғы 19 қыркүйектегі N 204 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2005 жылғы 19 қыркүйектегі N 204 бұйрығымен .

------------Бұйрықтан үзінді---------------

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" заң күшi бар Жарлығына, сонымен қатар "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында азаматтардың өтiнiштерiмен жұмыс iстеудi жетiлдiру және оларды қабылдауды ұйымдастыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      ...
      3. "Қаржы полициясы органдарында азаматтарды қабылдау тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң 2003 жылғы 7 наурыздағы N 49 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 11 сәуiрде тiркелген) күшi жойылған деп есептелсiн.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді...      

      Төраға
---------------------------       

      Азаматтардың өтiнiштерiмен жасалып жатқан жұмысты одан әрi жетiлдiру, өтiнiштер санын азайту және оларды жедел қарастыру мақсатында, "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  7-бабы 3-тармағы 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған қаржы полициясы органдарында азаматтарды қабылдау Ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк), облыстар, Астана мен Алматы қалалары бойынша, көлiктегi Қаржы полициясы департаменттерiнiң, Қаржы полициясы академиясының (бұдан әрi - аумақтық органдар) басшылары азаматтарды жеке қабылдауға арналған жазбасы Агенттiк Хатшылығының және тиiстi аумақтық органдарының кеңселерiнде 1-қосымшаға сәйкес азаматтарды қабылдау жөнiндегi есеп карточкасын толтыру жолымен жүргiзiлсiн.
      Агенттiк Төрағасы бекiткен кесте бойынша Агенттiк басшылығы азаматтарды белгiленген күндер мен сағатта қабылдасын.
      3. Аумақтық органдарының бастықтары:
      1) азаматтарды қабылдау және өтiнiштерiн қарастыру үшiн қажеттi жағдай жасасын;
      2) азаматтардың өтiнiштерiн заңдарда бекiтiлген тәртiпше және көрсетiлген мерзiмде қарастыруын қамтамасыз етсiн;
      3) 2-қосымшаға сәйкес айына кемiнде бiр рет бiрiншi басшылар, ал апталардың қалған күндерi - олардың орынбасарлары азаматтарды қабылдауды қарастырылған тоқсандық кестелердi кезектi тоқсанның басталуынан 20 күн бұрын Агенттiк Хатшылығының кеңсесiне мәлiмет ретiнде берiп отырсын;
      4) 3-қосымшаға сәйкес жинақы деректерiн қоса бере отырып бiрiншi басшылар мен олардың орынбасарлары азаматтарды қабылдау нәтижелерi туралы ақпаратты тоқсаннан кейiнгi келер айдың 2 күнiне дейiн Агенттiк Хатшылығының кеңсесiне берiп отырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
      5. Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

       Төраға

Қазақстан Республикасы    
Қаржы полициясы агенттiгінiң 
2003 жылғы 7 наурыздағы  
N 49 бұйрығымен       
БЕКIТIЛГЕН         

  Қаржы полициясы органдарында азаматтарды қабылдау
ЕРЕЖЕСI

      Осы қаржы полициясы органдарында азаматтарды қабылдау Ережесi (бұдан әрi - Ереже), қаржы полициясы органдарында, оның оқу орындарында және өзге де Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары жүйесiнiң ведомствосына қарасты мекемелерiнде азаматтарды қабылдау тәртiбiн реттейдi.

  1. Азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру

      1. Қаржы полициясы органдарында азаматтарды қабылдау адам мен азаматтардың намысын, құқықтары мен бостандықтарын сақтай және құрметтей отырып, заң қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

      2. Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау кезiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасы  Заңын , Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы"  Жарлығын , осы мәселелердi реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi және осы Ереженi басшылыққа алу қажет.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігiнде (бұдан әрi - Агенттiк) азаматтарды қабылдау Төрағамен және оның орынбасарларымен, облыстар, Астана мен Алматы қалалары бойынша және көлiктегi Қаржы полициясы департаменттерiнде және Қаржы полициясы академиясында (бұдан әрi - аумақтық органдары) бiрiншi басшыларымен және олардың орынбасарларымен айына бiр реттен кем емес жүзеге асырылады.

      4. Агенттiкте азаматтарды қабылдау Агенттiк Төрағасымен бекiтiлген кестеге сәйкес, аумақтық органдарда - аумақтық органдардың бiрiншi басшыларымен бекiтiлген азаматтарды қабылдау кестелерiне сәйкес жүргiзiледi (2-қосымша).

  2. Азаматтарды қабылдау тәртiбi

      5. Азаматтарды қабылдауды жүргiзетiн лауазымды тұлғамен, азаматтың тегi, аты, әкесiнiң аты, оның жұмыс орны, лауазымы, тұратын мекен-жайы, телефон нөмiрi, өтiнiштiң қысқа мазмұны және азаматтың өтiнiшiн қарастыру нәтижелерi көрсетiлiп, азаматтарды қабылдауды есепке алу карточкасы толтырылады.

      6. Егер арыз немесе шағым өзге мемлекеттiк органдардың қатысуымен шешiлуi мүмкiн болса, онда азаматпен баяндалған жазбаша түрдегi көтерiлген сұрақтары қабылдау өткiзушi басшының iлеспе хатымен 5-күн iшiнде өтiнiште көрсетiлген сұрақтарды шешу құзыретiне қатысты сәйкес мемлекеттiк органның қарауына жолданады. Бұл туралы азамат жазбаша түрде хабардар болады.

      7. Жазба азаматтарды қабылдаудан 3 күн бұрын жүргiзiледi.
      8. Қабылдау кезiнде берiлген жазбаша өтiнiштер тiркеуге алынады және олардың шешiлуiн бақылау қаржы полициясы органдарында белгiленген тәртiпке сәйкес жүзеге асырылады. Егер арыз немесе шағым лауазымды тұлғамен қабылдау барысында шешiлуi мүмкiн болмаса, олар жазбаша түрде баяндалады және олармен жазбаша өтiнiш ретiнде жұмыс жүргiзiледi.

      9. Азаматтарды қабылдау жүргiзушi лауазымды тұлға мынадай құқықтарға ие:
      өтiнiштердi қарау үшiн қажеттi ақпараттарды белгiленген тәртiппен сұрауға және алуға;
      азаматтардың өтiнiштерiмен жұмыстың жағдайы туралы елдің жұмысшы ұжымдарды және бұқаралық ақпарат құралдарын ақпараттандыруға;
      соттың шешiмi бойынша азаматтан мәтiнi жалған - мәлiметтерi бар хабарларды тексерумен байланысты шеккен шығыстарды өндiруге.

      10. Азаматтарды қабылдау жүргiзушi лауазымды тұлға мыналарға мiндеттi:
      Осы Ережемен белгiленген тәртiп және мерзiмдерде азаматтардың өтiнiштерiн қабылдауға және қарауға;
      заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
      қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      қабылданған шешiмдер туралы азаматтарға жазбаша немесе ауызша хабар беруге;
      шағымның, шағым берушi тұлғаға немесе оның берiлу мүддесiне зиян келтiруге айналуын болдыртпауға;
      шағымдарды iс-әрекетi шағымдалатын лауазымды тұлғаларға жолдамауға;
      тексерiстердi оларға қатысты мәселенiң объективтi шешiлуiне мүдделi емес екендiгiне негiзi бар тұлғаларға жүктелу жағдайын болдыртпауға;
      өтiнiш беруге байланысты азаматтар мен олардың отбасы мүшелерiн аңдудың жолын кесуге;
      азаматтардың жеке өмiрi туралы мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын сыр, өзге мәлiметтер мен ақпараттарды олардың келiсiмiсiз жаймауға. Сондай-ақ, өтiнiшке қатысы жоқ азаматтың жеке басы туралы берiлгендерiн анықтауға жол бермеуге;
      азаматтардың өтiнiшiн тудыратын себептердi жою және жұмысты жетiлдiру мақсатында азаматтардың өтiнiштерiн, олардағы сыншылдық ескертулердi талдауға және жинақтауға, қоғамның пiкiрiн зерттеуге;
      азаматтардың өтiнiштерiн қарастыру жөнiндегi жұмыстың жағдайын жүйелi түрде тексеруге.

      11. Арыздар немесе шағымдарды қарастыру мерзiмi бiр айға дейiн, ал қосымша зерттеу мен тексерудi қажет етпейтiн өтiнiштер бойынша, оларды тiркеуге алған күннен бастап 15 күнге дейiн болады.

      12. Қосымша тексеру жүргiзудi қажет ететiн жағдайда мерзiмдер, азаматтарды қабылдаған тұлғамен 1 айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн, бұл туралы азаматқа хабарланады.

      13. Өтiнiш берген азамат мынадай құқықтарға ие:
      оның тексерiс барысына өзi қатысуға;
      өзi берген өтiнiштiң негiздiлiгiн дәлелдеуге қосымша материалдар ұсынуға;
      қабылданған шешiм туралы ауызша немесе жазбаша түрде негiздi жауап алуға;
      өтiнiш бойынша қабылданған шешiмдi жоғары тұрған органға немесе жоғары тұрған тұлғаға шағымдануға;
      органдар мен лауазымды тұлғалардың заңды бұзып жасаған шешiмдерi мен әрекеттерiне заңмен белгiленген тәртiппен сотқа өтiнiш беруге.

      14. Азаматтардың өтiнiштерi, онда көрсетiлген мәселелер қаралғанда, олар бойынша қажеттi шаралар қабылданғанда және азаматтарға жауаптар берiлгенде шешiлген болып есептеледi. Мәтiнiнде жаңа дәлелдер немесе қайта ашылған жағдайлар келтiрiлмеген, олар бойынша нақты тексерiс материалдары бар және авторларына белгiленген тәртiппен жауаптар берiлген, қайта түскен өтiнiштер тексеруге жатпайды.

      15. Егер мәселенi шешу ұзақ мерзiмге қалдырылса, онда өтiнiш мәлiмдеме, анықтама немесе қызметтiк хат бойынша, оның бiржолата орындалуына дейiн, қосымша бақылауға қойылады.

      16. Өтiнiштер бойынша өндiрiстi тоқтату туралы шешiмдi Агенттiк Төрағасы немесе оның орынбасарлары, аумақтық органдарда - бастықтары және олардың орынбасарлары қабылдауға құқылы.

Қазақстан Республикасы    
Қаржы полициясы агенттiгінiң 
2003 жылғы 7 наурыздағы  
N 49 бұйрығымен      
берілген 1-қосымша     

2003 жылғы "__" __________ N _____
______________________ азаматтарды қабылдауды есептеу

КAPTOЧКАСЫ

Азаматтың аты, тегi, әкесiнiң аты _______________________________
Азаматтың жұмыс орны мен атқаратын қызметi ______________________
Тұрып жатқан мекен-жайы мен телефоны N __________________________
Өтiнiштiң қысқаша мазмұны _______________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Азаматты қабылдайтын басшының тегi мен аты-жөнi, лауазымы _______
Азаматтың жазылғысы келген қабылдау күнi ________________________
_________________________________________________________________

карточканың келесi бетi

      Шынайы қабылдау жүргiзген басшының тегi мен аты-жөнi,
лауазымы ________________________________________________________
_________________________________________________________________

Қабылдаған күнi _________________________________________________
Азаматтың өтiнiшiн қарастыру нәтижесi ___________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы    
Қаржы полициясы агенттiгінiң 
2003 жылғы 07 наурыздағы  
N 49 бұйрығымен       
берілген 2-қосымша     

Қаржы полициясы органдары басшыларымен
200_ жылғы __ тоқсанға арналған
азаматтарды қабылдау
КЕСТЕСІ

___________________________________________________________________
  ҚПО  |Азаматтарды |Азаматтарды | Азаматтарды | ҚПО   |Байланыс
 атауы | қабылдаған | қабылдаған |қабылдау күні| Орна. |телефоны
       | тұлғаның   | тұлғаның   | мен уақыты  |ласқан |
       |  аты-жөні  | лауазымы   |             | жері  |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы    
Қаржы полициясы агенттiгінiң 
2003 жылғы 07 наурыздағы  
N 49 бұйрығымен       
берілген 3-қосымша     

______________________ басшыларымен азаматтарды қабылдау нәтижелері туралы 200_ жылғы тоқсанға берілгендер

___________________________________________________________________
Азамат.|Азамат.|Қабыл.|          Қабылданғандар санынан:
тарды  |тарды  |данған|____________________________________________
       |       |      | Сұрағы | Өтініші | ҚПО  |Беріл.  | Басқа
       |       |      |жағымды | шешіл.  |жібер.| ген    |ұйымдарға
       |       |      | шешіл. | мегені  |гені  |түсінік.| жіберіл.
       |       |      |  гені  |         |      |  теме  |   ген
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады