Еттерге таңба басу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 140 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 18 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2236. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 маусымдағы "Ветеринария туралы" Заңының 8 бабының 9) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
      Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.12.20 N 765 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      1. Ұсынылып отырған Еттерге таңба басу Ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешенінің мемлекеттік инспекция Комитеті облыс, Астана, Алматы қалаларының аумақтық инспекцияларымен бірлесіп заңнамада бекітілген тәртіпте осы бұйрықтан туындайтын керекті шараларды қабылдасын.
      Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.12.20 N 765 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнен мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнің
      орынбасары - Министр

Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы Министрлiгiнiң
2003 жылғы 19 наурыздағы  
N 140 бұйрығымен Бекiтiлген

Етке ветеринариялық таңба қою
Ережесi

1. Жалпы бөлiм

      1. Етке ветеринариялық таңба қою Ережесi (одан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 8 бабының 9) тармақшасына сәйкес дайындалған және ет, ет өнiмдерiне (қосымша өнiмдерге) таңба қоюдың бiрыңғай ретiн белгiлейдi.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.12.20 N 765 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      2. Барлық ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлардан, сонымен қатар құстардан алынған ет және ет тағамдарына (қосымша өнiмдерге) осы Ереженiң талабы бойынша мiндеттi түрде ветеринариялық таңба және штампалар қойылуы тиiс.
      3. Ветеринария саласындағы қызметті атқаратын тиісті әкімшілік аумақтың жергілікті атқарушы органының бөлімше басшысы еттерге таңба қоятын ветеринариялық дәрігерлерге жеке нөмір беріп олардың тізімін құрады.
      Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.12.20 N 765 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      4. Ветеринариялық таңба және штампы ветеринария саласындағы қызметті атқаратын тиісті әкімшілік аумақтың жергілікті атқарушы органының бөлімше басшысы рұқсатымен арнайы белгiленген тәртiп бойынша етте айқын таңба қалу мақсатында бронзы немесе басқадай тот баспайтын металдардан белгiленген нысанда және көлемде, терең етiп ойылған шетiмен, сандарымен, әрiптерiмен дайындалады.
      Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.12.20 N 765 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      5. Алынып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.12.20 N 765 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      6. Таңба оны басуға рұқсаты бар ветеринариялық дәрігерлерде ғана, рұқсатсыз қолданылып қойылмайтын жағдайларда сақталуы тиiс.
      Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.12.20 N 765 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

2. Ветеринариялық таңба және-ветеринариялық штампалар

      7. Еттердi, ет өнiмдерiн (қосымша өнiмдердi) таңбалауға ветеринариялық таңбалар мен штампалар осы Ереженiң 1 қосымшасына сәйкес белгiленедi.
      8. Сопақша және тік тікбұрышты ветеринариялық таңбаларда, сонымен қатар ветеринариялық мөртабандарда осы ереженің 1-қосымшасына сәйкес ақпараттар көрсетіледі.
      Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.12.20 N 765 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      9. 1 формадағы сопақша ветеринариялық таңбаларды лабораториялардың ветеринариялық дәрігерлері немесе сою пункттерінің немесе ет өңдейтін кәсіпорындардың өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық-санитарлық сараптамасының қорытындысы бойынша қойылады. Ветеринариялық сопақша таңбаның болуы ветеринариялық-санитарлық сараптаманың жүргізілгендігін және өнімнің қауіпсіз екендігін растайды.
      Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.12.20 N 765 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      10. Тік бұрышты ветеринариялық таңба "Алдын ала тексеру" жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық дәрігерлерінің сою алдындағы малды тексеру және сойылғаннан кейінгі ұшаны және органдарды тексеру қорытындысы бойынша сою алаңдарында қойылады.
      Тік бұрышты ветеринариялық таңба "Алдын ала тексеру" қойылған ұша және ішкі органдар ветеринариялық-санитарлық сараптама өту үшін ветеринариялық-санитарлық лабораторияларға жіберіледі.
      Зерттеу қорытындысы бойынша тік бұрышты ветеринариялық таңбаның қатарына ветеринариялық-санитарлық лабораторияның ветеринариялық дәрігерімен сопақша ветеринариялық таңба 1 немесе 2 формадағы қойылады.
      Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.12.20 N 765 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      11. Залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) немесе қайта өңдеуге жататын ет және ет өнімдері Қазақстан Республикасының ветеринария саласының заңнамаларына сәйкес ет және ет өнімдерінің қолдану тәртібін көрсететін ветеринариялық мөртабандармен таңбаланады.
      Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.12.20 N 765 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      12. Қосымша өнiмдердi, қоянның, құстың етiн таңбалауға осы ереженiң 8 тармағындағыдай сопақша ветеринариялық таңба тек кiшкене көлемдегi қолданылады.
      13. Ет өңдейтiн өндiрiстерде, құс фабрикаларында электроклеймо қолдануға болады, 1 немесе 2 сандарымен (құс етiнiң категориясына қарай), құстың аяғының сыртқы жағына қойылады.
      Ұшаны полимерлi пакеттерге қаптағанда түрiн категориясын пакет сыртына типографиялық жолмен қояды.
      14. Алынып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.12.20 N 765 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      15. Ет және ет өнiмдерiн сату тек сопақша нысандағы таңба болған жағдайда ғана рұқсат етiледi.
      Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.12.20 N 765 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

3. Еттердi және олардан алынған қосымша
өнiмдердi таңбалау тәртiбi

      16. Барлық жануарлар еттерiне ветеринариялық таңба немесе штампаларды төменгi тәртiпте қойылады:
      ет ұшаларымен және жартылай ұшаларға - бiрден әр жауырынға және жамбасқа;
      әр төрт бөлiкке, шпиктiң бөлiктерiне - бiрден;
      басқа, жүрекке, тiлге, өкпеге, бауырға, бүйрекке - бiрден (ветеринариялық-санитариялық сараптау лабораториялары мiндеттi түрде);
      қоян мен нутрий ұшаларына 2 таңба; бiр-бiрден жауырынмен жамбастың сыртқы жағына;
      ішкі сауда объектілерінде құстың ұшаларына бiр таңба мойынға немесе жамбастың сыртқы жағына (жабайы құстардың еттерi де осылай таңбаланады);
      ет өңдейтiн кәсiпорындарда, құс комбинаттарында, құс фабрикаларында жiлiншiктiң сыртқы жағына электроклеймо қойылады: тауықтың, үйректiң, ұшаларында - бiр аяғына; үйректiң, қаздың, күрке тауықтың - екi аяғына;
      өндiрiстiк қайта өңдеуге жататын құстардың жотасына электроклеймо "п" қойылады.
      Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.12.20 N 765 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      17. Ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткен жылқы, түйе, бұғы, аю, есек, қабандар еттерiне ветеринариялық таңбаға қосымша осы Ереженiң 14 тармағына сәйкес штампы қойлады.
      Ескерту: 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.12.20 N 765 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      18. Жануарлардан алынған майларға таңба қойылмайды, ветеринариялық таңба қойылған этикетка қыстырылады.
      19. Залалсыздандыруға (зиянсыздандыруға) жататын ет және олардан алынатын қосымша өнiмдер шұжыққа, басқада өнiмдерге жөнелтiлгендерi не тек залалсыздандыру әдiсi немесе диагнозы көрсетiлген ветеринариялық штампы қойылады, сопақша таңба қойылмайды.
      20. Залалсыздандыруға (зиянсыздандыруға) жататын құстардың еттерiнiң ыдысына ет және ет өнiмдерiн ветеринариялық-санитариялық сараптау ережесiне сәйкес залалсыздандыру әдiсi "Қайнатуға", "Консервiге" және тағы басқа әдiстерi көрсетiлген ветеринариялық таңба қойылған этикеткалар желiмделiнедi.
      21. Барлық жануарлар ұшаларына (құстар мен қояндар) ветеринариялық-санитариялық сараптау қорытындысы бойынша тамаққа жарамсыз деп табылғандарына 3-4 ветеринариялық таңба "Утильге" қойылады.
      22. Сақталу, тасымалдау кезiнде қойылатын талаптардың бұзылу салдарынан өзiнiң ветеринариялық-санитариялық белгiсiн жойған еттер қайтадан ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өтiп бұрынғы қойылған белгi алдын ала алынып тасталынады және қайтадан таңбалау осы Ереженiң 11 және 16 тармағына сәйкес жүргiзiледi.

      Ескерту: 4-бөлім алынып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.12.20 N 765 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен. 

Қазақстан Республикасы Ауыл 
шаруашылығы министрлігінің  
2003 жылғы 19 наурыздағы    
N 140 бұйрығымен бекітілген 
Етке ветеринариялық таңба қою
Ережесiне қосымша           

      Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.12.20 N 765 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

Еттерді таңбалауға арналған ветеринариялық таңбалардың және мөртабандардың үлгісі

      1. Сопақша формадағы таңба.

      KZ F 01/U2-0001 – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 1755 қаулысымен бекітілген жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есептiк нөмiрлер беру ережесіне (бұдан әрі - Қаулы) сәйкес берілген малдарды сойған сою пункттері немесе ет өңдейтін кәсіпорындардың есептік нөмірі:
      бiрiншi белгi – елдiң коды – КZ;
      екiншi белгi – облыстың литерлiк коды;
      үшiншi белгi – ауданның реттiк нөмiрi;
      төртiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң қызмет түрi;
      бесiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң реттiк нөмiрi;
      1-таңба қоятын ветеринар дәрігерінің жеке нөмірі.
      Өлшемі: 40(± 5)х60(± 5) миллиметр.
      Шетінің ені – 1,5(± 0,3) миллиметр.
      Әріптердің және сандардың биіктігі – 10(± 0,2) миллиметр.
      2. 2 формадағы сопақша таңба.

      "ЖК ВЕТСАРАПТАМА" – ветеринариялық-санитарлық лабораторияның атауы;
      KZ – Қазақстан Республикасының литерлік коды;
      F 01 – Қаулының 1 қосымшаға сәйкес берілген аумағында ветеринариялық-санитарлық лабораториялар орналасқан облыстың және ауданның коды:
      1-Таңба қоятын ветеринар дәрігерінің жеке нөмірі.
      Өлшемі: 40(± 5) х 60(± 5) миллиметр.
      Шетінің ені – 1,5(± 0,3) миллиметр.
      Әріптердің және сандардың биіктігі – 10(± 2) миллиметр.
      3. Құстардың, қоян еттерін, саз құндыздар және ұсақ малдардың еттерін таңбалайтын (кіші көлемдегі) сопақша таңба.

      KZ F 01/U2-0001 – Қаулыға сәйкес берілген сою пункттері немесе ет өңдейтін кәсіпорындардың есептік нөмірі:
      бiрiншi белгi – елдiң коды – КZ;
      екiншi белгi – облыстың литерлiк коды;
      үшiншi белгi – ауданның реттiк нөмiрi;
      төртiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң қызмет түрi;
      бесiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң реттiк нөмiрi;
      1-Таңба қоятын ветеринар дәрігерінің жеке нөмірі.
      Өлшемі: 25(± 3)х40(± 5) миллиметр.
      Шетінің ені – 1(± 0,2) миллиметр.
      Әріптердің және сандардың биіктігі - 6 миллиметр.
      4. Тік бұрышты таңбаның формасы.

      KZ F 01/U2-0001 – Қаулыға сәйкес берілген малдарды сойған сою алаңдарының есептік нөмірі:
      бiрiншi белгi – елдiң коды – КZ;
      екiншi белгi – облыстың литерлiк коды;
      үшiншi белгi – ауданның реттiк нөмiрi;
      төртiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң қызмет түрi;
      бесiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң реттiк нөмiрi;
      1-Таңба қоятын ветеринар дәрігерінің жеке нөмірі.
      Өлшемі: 40(± 5)х70(± 5) миллиметр;
      Шетінің ені – 1,5(± 0,3) миллиметр;
      Әріптердің және сандардың биіктігі – 10(± 2) миллиметр.
      5. Ветеринариялық мөртабандар.

      KZ F 01/U2-0001 – Қаулыға сәйкес берілген өндіріс объектілерінің есептік нөмірі:
      бiрiншi белгi – елдiң коды – КZ;
      екiншi белгi – облыстың литерлiк коды;
      үшiншi белгi – ауданның реттiк нөмiрi;
      төртiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң қызмет түрi;
      бесiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң реттiк нөмiрi;
      1-Таңба қоятын ветеринар дәрігерінің жеке нөмірі.
      Өлшемі: 40(± 5) х70(± 5) миллиметр;
      Шетінің ені – 1,5(± 0,3) миллиметр;
      Әріптердің және сандардың биіктігі – 10(± 2) миллиметр.
      6. Қосымша мөртабандар.

      Өлшемі: 20 (± 3)х50(± 5) миллиметр;
      Шетінің ені - 1,5(± 0,3) миллиметр;
      Әріптердің биіктігі – 10(± 2) миллиметр.
      7. Құс өңдейтін кәсіпорындарда құс ұшаларына қойылатын электротаңба.

      1                 2                  Қ

      1 – бірінші категориядағы құс;
      2 – екінші категориядағы құс;
      Қ – өнеркәсіптік қайта өңдеуге.
      Әріптердің және сандардың биіктігі – 20(± 4) миллиметр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады