Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2006 жылғы 11 қазандағы N 253 бұйрығымен.
------------Бұйрықтан үзінді--------------
"Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кірме темір жолдарды пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 17 сәуірдегі N 131-I бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2281 нөмірмен тіркелген) күші жойылды деп танылсын...
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, таныстыру мен таратуға жатады.
Министр
------------------------------------------
"Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының
Заңының
58-бабына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Кiрме темiр жолдарда жылжымалы құрамдарды және контейнерлердi беру-жинастыруға, маневрлiк жұмыстарды жүргiзуге тыйым салынатын бұзушылықтардың тiзбесi (1-қосымша) бекiтілсiн.
2. Мемлекеттiк көлiктiк бақылау органы - темiр жол көлiгiн бақылау мәселелерiмен айналысатын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi мен оның аумақтық органдарының мамандарынан кiрме темiр жолдарда қозғалыс қауiпсiздiгiне жылжымалы құрамдардың, контейнерлердiң, жүктердiң сақталуына қауiп төндiретiн бұзушылықтарды анықтау мен ақаулықтар туралы актi жасауға жауапты тұлғалар белгiленсiн.
3. Тасымалдаушыға және магистральдық темiр жол желiсiнiң операторына кiрме темiр жолда қозғалыс қауiпсiздiгi бұзушылықтарын анықтайтын жауапты тұлғаға - темiр жол станциясының бастығы; темiр жол станциясы бастығының орынбасары; жолдарға және
жасанды ғимараттарға техникалық тексеру жүргiзетiн жауапты лауазымдық тұлғаны белгiлеу ұсынылсын.
4. Белгiленген нысанға (2-қосымша) сәйкес жауапты тұлғалардың тексеру нәтижелерi бойынша толтырылған анықталған бұзушылықтар туралы актiсi кiрме темiр жолдарда жылжымалы құрам мен контейнерлердi беру-жинастыруды, маневрлiк жұмыстарды жүргiзудi тоқтатуға негiз болып белгiленсiн.
5. Тасымалдаушы және магистральдық темiр жолдарда жылжымалы құрам мен контейнерлердi беру-жинастыру және маневрлiк жұмыстарды тоқтата тұрған жағдайда анықталған қозғалыс қауiпсiздiгiн бұзу туралы актісін Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдарына акт жасалған сәтiнен бастап бiр тәулiктен кешiктiрiлмей жiберiлсiн.
6. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi (М.Т.Бейсембаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынсын.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi Ю.И.Лавриненкоға жүктелсiн.
8. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр
"Kipмe темiр жолдарды пайдаланудың
кейбiр мәселелерi туралы"
Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникациялар
министрiнiң
2003 жылғы 17 сәуірдегі
N 131-1 бұйрығына
1-қосымша
Кiрме темiр жолдарда жылжымалы құрамдарды және
контейнерлердi беру-жинастыруға, маневрлiк жұмыстарды жүргiзуге тыйым салынатын бұзушылықтардың тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнің 2000 жылғы 17 ақпандағы N 109-1 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының темiр жолдарын техникалық
пайдалану ережесiн маневрлiк жұмыстарды және/немесе тиеу-түсiру операцияларын жүргiзуде өндiрiске қауiп төндiретiн жолдың жоғарғы құрылысын және жасанды ғимараттарды техникалық күтiп ұстау нормаларының сақталмау бөлiгiнде және Құрылысқа жақындау габаритiн және тиеу габаритiн сақтау ережесiнiң бұзылуы.
2. Жылжымалы құрамның өз бетiмен жылжуын бекiтетiн құралдардың жарамсыздарын қолдану немесе олардың болмауы.
3. Кiрме жолдардың қосылған жерлерiнде жылжымалы құрамның магистральдық (станция) жолға шығып кетуiн болдырмайтын сақтандырғыш тұйық жолдардың, ауыстырғыш иiндi үшкiрлердiң, стрелкалардың, тежегiштiң, қорғау стрелкаларының болмауы.
4. "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы
Заңының
56 және
60-баптарымен
және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 қаңтардағы N 70
қаулысымен
бекiтiлген темiр жолдардың уақытша жарғысымен көзделген кiрме темiр жолдарды пайдалану ережелерi мен нормаларын сақтамау.
"Kipмe темiр жолдарды пайдаланудың
кейбiр мәселелерi туралы"
Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникациялар
министрiнiң
2003 жылғы 17 сәуірдегі
N 131-1 бұйрығына
2-қосымша
Анықталған бұзушылықтар туралы акт
_______________ қаласы 20___жылғы "__"__________
____________________________________________________________________ (тексерушiнiң T. А. Ә және лауазымы)
кiрме темiр жолдың__________________________________________________
(станцияның немесе басқа кiрме жолдың атауы)
қосылатын____________________________бастап____________________дейiн
(стрелкадан, сигналдан) (стрелкаға, сигналға)
____________________________________________________________________
(кiрме жолдың меншiк иесiнiң немесе жалға алушының толық атауы)
тиесiлі_____________________________________________________________
(сатып алу-сату шарты, жалға алу шарты)
негiзiнде тексеру жүргiзiлгенде мыналар анықталды:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қорытынды:__________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
"Таныстырылды"
____________________________ ______________________________
(лауазымды тұлғаның қолы) (желi иесiнiң Т.А.Ә және қолы)
Ескерту: акт екi түпнұсқа данада жасалады.