Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылғы 14 шiлдеде N 1195 болып тiркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгінің 2000 жылғы 14 шілдедегi N 439 "Қазақстан Республикасының халқына көрсетілетін медициналық көмектің сапасына талдау және бағалау жүргiзу туралы" бұйрығына өзгерiстер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 12 мамырдағы N 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 19 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2282. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 890 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.12.12 № 890 (қол қойған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2003 жылғы 18 сәуiрдегi N 7-9-1851-03 қарсылық бiлдiруiне байланысты бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi N 439 "Қазақстан Республикасының халқына көрсетiлетiн медициналық көмектің сапасына талдау және бағалау жүргiзу туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2000 жылғы 14 шiлдеде N 1195 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында кепiлдендiрілген тегін медициналық көмек көрсету сапасын талдау және бағалау Ережесiнде:
      9-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
      көрсетілген Бұйрықпен бекiтiлген дәрiгер-сараптаушының қызметiн ұйымдастыру Ережесiне:
      4-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсiн.
      3. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуден өткен сәтінен бастап күшiне енедi.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады