Ішкі істер және төтенше жағдайлар органдарының кейбір бірлескен бұйрықтарының күшін жойылды деп тану туралы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2005.07.25.
N 42 және ҚР Iшкi iстер министрінің 2005.08.01. N 461 бірлескен бұйрығынан үзінді
Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес ішкі істер және төтенше жағдайлар органдарының кейбір бірлескен бұйырықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті бұйрықтың көшірмесін бір апта ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрінің м.а.
... 3. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі объектілерінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің мемлекеттік өртті қадағалауды және өрт сөндіруді ұйымдастыруды жүзеге асыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 сәуірдегі N 251 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 258 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2361 болып тіркелген).
"Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы N 48-І
Заңының
негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң объектiлерiндегi өрттiң алдын алу және жою кезiндегi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен iшкi iстер органдарының өзара iс-қимылы тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң объектiлерiнде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң мемлекеттiк өрт қадағалауын жүзеге асыру және өрт сөндiруiн ұйымдастыру тәртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн және қолданысқа енгiзiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Осы бiрлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күннен бастап қолданысқа енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
жөнiндегi агенттігінің
төрағасы
Қазақстан Республикасының
Iшкi істер министрi
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар жөнiндегi
агенттiгi төрағасының
2003 жылғы 14 сәуірдегі N 251.
Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрiнің
2003 жылғы 8 мамырдағы
N 258 бірлескен бұйрықтарымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң объектiлерiнде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгі Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң мемлекеттiк өрт қадағалауын жүзеге асыру және өрт сөндiруiн ұйымдастыру тәртiбi туралы нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық өрттiң алдын алу және сөндiру саласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - ҚР ТЖА) Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң бөлiмшелерi мен iшкi iстер органдарының өзара iс-қимылының тәртiбiн және негiзгi бағытын айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң (бұдан әрi - ҚР IIМ) объектiлерiндегi ведомстволық өрт қадағалау функциясын олардың өзiне тән ерекшелiгiне қарай Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң өртке қарсы қызметi жүзеге асырады.
3. ҚР IIМ объектiлерiн ҚР ТЖА Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң қызметкерлерi ҚР IIМ басшыларының өтiнiшi бойынша тексеруi мүмкiн. Осы қызметтiң өкiлдерiн ҚР IIМ объектілерiне жiберуге рұқсат беру режимдiк талаптарды ескере отырып, мемлекеттiк құпияларға рұқсаты болған жағдайда және белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
4. ҚР IIМ объектiлерiн өрт-техникалық тексеру нәтижесi бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет басшылары өрт қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiнiң бұзылуын жою үшiн объектi басшыларына нұсқама бередi.
ҚP IIМ объектiлерiнiң басшылары өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауаптылықта болады және ұсынылған өртке қарсы шараларды орындау жөнiнде толық көлемде және белгіленген мерзiмде жеткiлiктi шаралар қабылдауға мiндеттi.
5. ҚP IIМ объектiлерiндегi өрттi сөндiрудi ҚР ТЖА Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады. ҚР IIМ министрлiгiнiң басшылары ҚР ТЖА Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң келiсiмi бойынша осы қызмет бөлiмшелерi өрт сөндiрудi жүзеге асыратын объектiлердiң тiзбесiн және оларды жiберу рұқсатын белгiлейдi.
6. ҚР IIM объектілерi орналасқан аудандарға келген облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет басшыларына облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Мемлекеттiк өртке қарсы қызметi кезекшi өрт сөндiру қызметiнiң басшы құрамына осы Нұсқаулықтың 3-тармағында белгiленген тәртiпте объектiлердiң өрт-әдiстемелiк сипаттамаларымен алдын ала танысу құқығы беріледi.
Өрт сөндiрудiң жедел жоспарларын және кәртiшкелерiн әзiрлеудi, оларды сақтауды және iс жүзiнде жасауды облыстардың, Астана мен Алматы қалалары Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң басшылары ҚP IIМ объектiлерi басшыларымен бiрлесiп белгілейдi.
7. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Мемлекеттiк өртке қарсы қызметi ҚР IIМ объектiлерi басшыларының келiсiмi бойынша осы объектілердiң қызметкерлерiн өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерiне оқытып-үйретуде қажеттi көмек көрсетедi, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша кеңес бередi.
8. Осы Нұсқаулықты пайдалану жөнiнде туындаған келiспеушiлiктi облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет басшылары және ҚР IIМ объектiлерiнiң басшылары шешедi.
Туындаған келiспеушiлiк бойынша бiр пiкiр болмаған жағдайда, ҚР ТЖА Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаменті және ҚР IIМ Тыл департаментi шешiм қабылдайды.