Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1902 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екіншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту жөнінде" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 151 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 16 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2362. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358   қаулысымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   3-тармақтан   қараңыз ).
____________________________

      Екіншi деңгейдегi банктердің қызметiн реттейтiн нормативтік құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту жөнiнде" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмінде N 1902 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 1-14 шiлдеде жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 26 қарашадағы N 467, 2003 жылғы 21 наурыздағы N 97 қаулыларымен бекiтiлген толықтырулармен бiрге) мынадай толықтырулар енгiзiлсін:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережеде:

      Ереженiң 5-тармағының төртiншi абзацы "кастодиандық шарт талаптарымен қабылданған қаражаттың инвестицияланбаған қалдықтарын шегерiп тастағанда" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Реттелген борыш деп сонымен қатар, егер мұндай өтеу Ұлттық Банктiң қорытындысына сәйкес банктiң қаржылық жағдайын нашарлатуға және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының талаптарын бұзуға әкелiп соқтырмайтын жағдайларда заемшының бастамасы бойынша заемды мерзiмiнен бұрын (толық немесе, iшiнара) өтеу мүмкiндiгi шартта көзделген болса, 3) тармақшаны қоспағанда, осы тармақтың талаптарына сәйкес келетiн банктiң Еуропалық Қайта құру және Даму Банкiнен немесе Азия Даму Банкінен не Халықаралық Қаржы Корпорациясынан тартылған заемы танылады.".

      2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бiрлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он күндік мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына, Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығына және Қазақстан Республикасының екiнші деңгейдегi банктерiне жiберсiн.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне eнеді.

       Ұлттық Банк
       Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады