Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 905 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 3 шiлдедегi N 157 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 мамырдағы N 160 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2368. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 262 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бap республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының клиринг жүйесiн ұйымдастыру тәртiбiн және жұмыс iстеуiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 3 шiлдедегi N 157 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 905 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 27 қыркүйек - 10 қазанда жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесiнде:
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Орталық пен пайдаланушылар арасындағы электронды хабарларды алмасу Жүйеде қолданылатын ақпаратты беру форматы бойынша электронды тәсiлмен ғана жүргiзiледi.
      Электронды хабарларды алмасу тәртiбi, сондай-ақ оларды Жүйеге беру форматтары Орталықта айқындалады және Орталық пен пайдаланушылар орындау үшiн мiндеттi болып табылады.";
      11-тармақтағы "Орталық Ұлттық Банк пен пайдаланушылардың келiсiмi бойынша жазбаша нысанда" деген сөздер "Ұлттық Банк" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев P.H.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына, екiншi деңгейдегi банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығына жiберсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Мартюшев Ю.А.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Б.Б. Жәмiшевке жүктелсiн.

      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады